Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет93/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107

287 
 
MAC-адрестіңұзындығы  6  байт  жəне  əдетте  он  алтылық  кодпен 
жазылады  (мысалы:  00:34:56:78:90:AB  немесе  00-34-56-90-  АВ).  MAC- 
адрес РТСҚ-да сақталады жəне пайдаланушымен өзгертіле алады. 
ДЭЕМжелілік  картасы  əрқашан  кезекшілік  қабылдау  режимінде  болып, 
моноарнаның  бос  еместігін  үздіксіз  анықтап  отырады.  Егер  желі 
қолданылмаса, кез келген компьютер деректерді табыстауды бастай алады. 
Егер  моноарна  басқаДЭЕМ-нан  бос  болмаса,  онда  табыстау  ол  босағанға 
дейін  кідіреді.  Желіде  табыстаулардың  арасында  деректермен  алмасудың 
кезекті  цикліне  дейін  желілік  карталарды  орнату  үшін  шағын  кідіріс 
жасалады. 
Жергілікті  желілерде  қолданылатын  кабельдік  желілер  соңғы  кезде 
радио жиілікті байланыстың сымсыз каналдарымен толықтырылады. 
Жергілікті  радио  желілер  кəдімгі  сым  желілерін  толықтыратын,  кейде 
оларды ауыстыратын тез дамитын келешегі мол желілік технология болып 
табылады.  Сымсыз  жергілікті  желілерге  сұраныстың  айтарлық  өсуі 
мемлекеттік  күштік  министрліктер  мен  ведомстволарға  (мысалы,  ІІД, 
ТЖМ),  денсаулық  сақтау  мекемелері,  атомдық  өнеркəсіп  жəне  сындық 
технологиялармен байланысты басқа өндірістерге тəн. 
Ең сұранысқа ие желілерге WLAN (Wireless LAN  — сымсыз жергілікті 
желі),  Radio-Ethernet  желілері  жатқызылады,  олар  байланыс  үшін  радио 
жиілікті сəулелену диапазонын қолданады(8.7сур.). 
Рұқсат  нүктесі  ретінде  (access  point)  радиожеліде  қабылдау-табыстау 
құрылғыларын— 
трансиверлерді 
(ағылш.transmitter 
— 
таратқыш 
жəнеreceiver — қабылдағыш) қолданады. 
Трансиверлер  —  бұл  сымсыз  модемдер,  олар  дербес  құрылғы  (хост- 
трансиверлері(host  —  басты,  негізгі))  немесеДЭЕМ-ға  кіріктірілген 
(жергілікті  трансиверлер)  ретінде  орындалады,  жəне  электр  сигналдарын 
электрмагниттік  сəулеленуге  тура  жəне  кері  түрлендіруді  жүзеге  асырады 
(8.8-сур.). 
Стационарлық  желімен  түйіндесуді  қажет  етпейтін  дербес  радио  желі 
аралық  (орталық  немесе  базалық)  станциясыз  тек  қана  жергілікті 
трансиверлердің негізінде ғана құрыла алады. Олардың қуатты антенналық 
күшейткіші жоқ, ал қабылдағыштарының сезгіштігі жеткіліксіз. 
Мұндай  желілердің  əдетте  əрекет  аумағы  шектеулі  болады,  себебі 
радиомодульдердің  таратқыштары  антеннаға  (А)  шағын  ғана  шығу  қуатын 
қамтамасыз етеді. 


288 
 
Бірікккен  желілер  өте  жиі  қолданылады,  олар  базалық станция  ретінде 
хост-трансивер  —Ethernet  10/100  Мбит/с  сымдық  байланысына  рұқсат 
нүктесін  қолданады.  Базалық  əдісте  трансиверлермен    жабдықталған 
барлық 
ДЭЕМ 
өзара 
стационарлық 
рұқсат 
нүктесі 
арқылы 
байланыстырылады. 
Жалпы 
мақсаттағы 
радиожелілердің 
жұмысы 
үшін 
Ресейде 
лицензияланбайтын екі жиілік диапазон қолданылады: 2,4000...2,4835 жəне 
5,125...5,875  ГГц.  Радиомен  беру  құрылғылары  IEEE  802.11  халықаралық 
стандартына,  немесеWi-Fi  (Wireless  Fidelity  —  мінсіз  дəл  радиомен  беру), 
сондай-ақ,  оның  сипаттізімдеріне:  IEEE  802.11a,  IEEE  802.11b  жəнеIEEE 
802.11g сəйкес əрекет етеді. 
Стандартта  кең  жолақтық  шуылға  ұқсас  сигналдардың  көмегімен 
деректермен  пакеттік  алмасу  қолданылады,  оның  есебінен  табыстау 
қуаттығы  аз  болған  жағдайда  қабылдауда  бөгеуілден  қорғанушылықтың 
жоғары деңгейіне қол жеткізіледі. 
Аталған 
сипаттізімнің 
бастапқы 
ережелерінде 
инфрақызыл 
диапазондажəнеBluetooth-да  анағұрлым  қарапайым  байланыс  құралдары 
əзірленді. 
802.11  стандартының  негізін  радиожелі  құрудыңұялық  (ұяшықтық) 
архитектурасы қалайды.Желінің əрбір ұяшығы өзінің 
 
 
 
8.7 
-сур. Біріктірілген кабельдік және радиожиілікті жергілікті желілер: 
1 , 3 — сымды желінің жұмыс станциялары; — ЖҚТЖарқылы интернетпен 
баланыстыру үшін ADSLмодем; — радиожелінің қозғалмалы жұмыс 
станциялары; — сымдық желіге рұқсаттың радионүктесі; — сымдық 
желінің коммутаторы 
 
 


289 
 
 
 
 
8.8 
-сур. Хост-трансивердің блок-схемасы
 
 
 
базалық  станциясымен(рұқсат  нүктесі)  басқарылады,  ол  оның  əрекет  ету 
радиусының  шегінде  128  абонентке  дейін  қызмет  көрсетудің  ұялық 
аймағын құрайды. 
Бірнеше  жүз  станциялардан  тұратын  желіде  рұқсат  нүктелері  өзара 
əрекеттесіп, кеңейтілген қызмет көрсету аймағын құрады. Осындай аймақта 
мобильді  ДЭЕМ-ныңбір  базалық  станцияның  əрекет  ету  аймағынан  екінші 
аймаққа ауысуда олардың жұмысын қамтамасыз ететін роуминг көзделген. 
Бірнеше  рұқсат  нүктесінің  əркет  ету  саласына  түскенде  клиенттік  станция 
байланыс үшін автоматты түрде сигнал деңгейі бойынша оңтайлы аймақты 
таңдайды. 
Радиоарнада  ақпаратты  қолға  түсірудің  алдын  алу  үшін  IEEE  802.11 
стандартында  WLANқорғау  үшін  жұмыс  станцияларын  сəйкестендіру 
механизмдері мен процедуралары жəне деректерді шифрлеу көзделген. 
Ethernetсымды  желінің  өткізу  қабілетімен  салыстыруға  болатын 
деректерді  табыстаудың  жоғары  жылдамдығының  (11  Мбит/с  дейін)  жəне 
жүзеге  асыру  қарапайымдылығың арқасында  2,4  ГГцдиапазонында,  —ISM 
жиілік диапазоны (Industry, Science, Medicine — өнеркəсіптік, ғылыми жəне 
медициналық  қолдану)  жұмыс  істейтін  IEEE  802.11b  стандарты  аса 
танымалдыққа ие болды. 
Хост-трансиверлеросы  жиілікте  қуаттылығы  100 мВт-тан  (алшақтық  — 
ашық ауада 450 м дейін жəне жабық жайда 100 м дейін) 1 Вт дейін (қалада 
шамамен 3 км) таратқыштарды қолдана алады. 
Энергия  тұтынуды  үнемдеу  үшін  802.11  стандартында  трансиверлерді 
қуаттылықты  минималды  тұтынумен  кезекші  қабылдаудыңпассивтік 
режиміне ауысу көзделген. 
Бүгінгі  күні  көптеген  қонақ  үлер,  əуежалардағы  күту  залдары, 
мерамханалар  мен  кафелер  ноутбуктар  мен  ҚДК  пайдаланушылардың 
жұмыс  істеу  ыңғайлылығы  үшін  Wi-Fi  сымсыз  желісіне  рұқсат 
нүктелерімен жабдықталған. 
Радиолық қол жеткізудің Интернет желісінде коммерциялық жəне тегін 
аймақтары  «хот  спот»  (hot  spot  —  ыстық  дақ)  деп  аталады;  олардың  саны 
үздіксіз өсіп жатыр. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау