Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет89/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107

275 
 
Аталған  деңгей  ақырғы  пайдаланушының  қолданбалы  процестеріне 
желілік  сервистерге  қол  жеткізу  құралдарын,  мысалы,  электронды 
поштаны, файлдарды жіберуді қамтамасыз етеді. 
Ұсыну деңгейі қолданбалы деңгейдіңдеректерді ұсынудың барлық өзара 
əрекеттесуші  АП  үшін  ыңғайлы  стандарттық  тəсілдерін  орнатады 
(хабарламаның əліпбилік-цифрлық  белгілерін  бірдей  кодтау.  Бұл  деңгейде 
ақпаратты  өңдеудің  алуан  түрлері  орындала  алады:  деректерді 
компрессиялаужəне декомпрессиялау, құпияландыру жəне құпиясыз ету. 
Сеанстық деңгейАП арасында деректермен алмасуды, синхрондау жəне 
əкімшілік басқару үшін құралдарды ұсынады. 
Көліктік  деңгейсеанстық  деңгейдегі  өзара  əрекеттесуші  объектілерінің 
арасында 
хабарламалардың 
сенімді 
табысталуын 
қамтамасыз 
етеді(жоғалған  жағдайда  деректерді  сұратады  жəне  олардың  қосарлануын 
жояды). Ол желіге жүктемені азайтады жəне деректерді үлкен қашықтыққа 
жібергенде күту уақытын азайтады. 
Желілік  деңгейжеліде  деректерді  табыстаудың  логикалық  бағытталуын 
қолдайды,  желіде  ерікті  топологиялы  кез  келген  іргелес  тораптардың 
арасында деректердің жеткізілуін қамтамасыз етеді. 
Одан  бөлек,  желілік  деңгей  масштабы  жəне  мақсаты  əртүрлі  ЭЕМ 
біріктіруге  жəне  олардың  негізінде  еркін  байланыстармен    күрделі 
желілерді құруға қабілетті. 
Арналық  деңгейпакеттердің  деректер  кадрларының  реттілігі  ретінде 
табысталуын,  деректерді  табыстаудың  дұрыстылығына  қол  жеткізу 
мақсатында  қателерді  тауып,  кадрдың  мазмұнын  кедергіге  төзімді  кодпен 
кодтауды қамтамасыз етеді; арнада жіберілетін кадрлардың шығындардың, 
бұрмаланулардың немесе қосарланудың салдарын жояды. 
Физикалық  деңгей  АП  мен  желінің  физикалық  қосылысын  орнатады. 
Аталған деңгей қосылыстың механикалық, электрлік, функционалдықжəне 
процедуралық  параметрлерді  анықтайды.  Сонымен  қатар,  физикалық 
деңгей  сигналдарды  арнаға  табыстау  жəне  оларды  арнадан  алу 
процедураларын  сипаттайды.  Ол  нақты  қолданылатын  физикалық  орта 
бойынша  жіберуге  жарамды  түрде  екілік  сигналдарды  (биттардың 
бірізділігі)тасымалдауға арналған. 
Әдетте, 
жоғары 
деңгейлердің 
функцияларын 
жүзеге 
асыру 
бағдарламалық  сипатта  болады,  арналық  жəне  желілік  деңгейлердің 
функциялары  бағдарламалық  та,  аппараттық  та  құралдармен  орындала 
алады. Физикалық деңгей аппараттықтүрде орындалады. 
Әр  деңгей  модельдің  бір  объектісінің  басқасымен  өзара  əрекеттесуді 
анықтайтын  өздерінің  ережелері  мен  форматтарының  жиынтығымен 
сипатталады. 


276 
 
АП  мен  КТ  бірдей  деңгейлерінің  арасында  деректерді  табыстау 
жүйелерінде  өзара  əрекеттесуді  ұйымдастыру  тиісті  хаттамамен 
анықталады (8.4-сур.). 
Абоненттік  пунктілердің  есептеу  құралдары  өзара  барлық  жеті 
деңгейлердің  протоколдарымен  анықталады;  КТ  желілік  деңгей  бойынша 
өзара əрекеттесумен шектеледі. 
Жоғары деңгейлердің (қолданбалы, ұсыну, сеанстық) протоколдары желі 
құрудың техникалық ерекшеліктеріне тəуелді емес, себебі төменгі 
деңгейлердің  қызметтерінен  аралық  көліктік  деңгеймен  бөлінген. 
Қолданбалы жəне сеанстық деңгейлердің, сонымен қатар ұсыну деңгейінің 
функциялары  заманауи  операциялық  жүйелермен  жəне  абоненттік 
пунктілердің жүйелі қосымшаларымен жүзеге асырылады. 
OSI  моделінің  үш  төменгі  деңгейі  (желілік,  арналық  жəне  физикалық) 
желіге  тəуелді  болып  табылады.  Осы  деңгейлердің  протоколдары  желінің 
техникалық  жүзеге  асырылуымен  жəне  қолданылатын  байланыс 
жабдығымен 
(мысалы, 
желілік 
карталармен, 
модемдермен)тығыз 
байланысты. 
 
 
 
8.4 
-сур. Деректерді табыстаудың ашық жүйелер моделіндегі 
протоколдар иерархиясы 
 
 


277 
 
Желіде өзара əрекеттесуді ұйымдастыру ережелері мен процедураларын 
анықтайтын  иерархиялы  ұйымдастырылатын  протоколдар  жиынтығы 
коммуникациялық 
протоколдардың 
стегі 
(деректерді 
табыстау 
протоколдары) деп аталады. 
ХХ  ғ.  80-жылдарыəзірленген  жəне  желілерге  енгізілгенTCP/IP 
протоколдар  стегі  (Transmission  Control  Protocol/Internet  Protocol  — 
деректерді басқару протоколы /желіаралық протокол) аса танымалдыққа ие. 
Бүгінгі  күні  аталған  стек  Интернет  жаһандық  желісінде  жəне  көптеген 
аймақтық  жəне  корпоративтік  желілерде  ДЭЕМжұмысын  ұйымдастыру 
үшін қолданылады. 
Стектің  негізін  желілік(IP)  жəне  көліктік(TCP)  деңгейлердің 
протоколдары  құрады.  IP  протоколдары  пакеттерді  оның  компоненттері 
арасында  (АП—КТжəнеКТ—КТ)  желі  бойынша  табыстауды  қамтамасыз 
етеді,  ал  TCP  олардың  АП
1
  до-ен  АП
2
-ге  дейін  жеткізу  сенімділігін 
кепілдендіреді. 
Интернет желісінде абоненттік пунктілерге (ДЭЕМ) бірегей белгілер — 
адрестер  меншіктенеді,  соларға  сəйкес  олардың  арасында  деректермен 
алмасу өтеді. 
Әр  адрестіңкос  кодтамасы  бар:  деректерді  желіде  автоматты  бағыттау 
үшін  цифрлық  IP-адрес  жəне  пайдаланушының  жұмысы  үшін  ыңғайлы 
домендік  атауы  —  шартты  символдық  (əдетте  мағыналық)  DNS-адрес 
(Domain  Name  System  —  домендік  атаулар  жүйесі).  Желіде  олардың 
арасында  домендердің  символдық  атауларын  IP-адрестерге  (жəне 
керісінше)  түрлендіруге  мүмкіндік  беретін  толық  сəйкестік  орнатылған, 
сондықтан абонентке Интернетте жұмыс істеу үшін ДЭЕМнемесе байланыс 
орнатылатын пайдаланушының домендік адресін білу жеткілікті. 
Әрбір домен Интернеттің домен атаулары жүйесінде мемлекетке (RU — 
Ресейдің  домені),  ұйымға  немесе  басқа  мақсаттарға  белгіленген  аймақ 
болып табылады. Домендік адрес нүктелермен ажыратылған латын əліпбиі 
символдарының бірнеше топтарынан тұрады (мысалы: www. rambler. ru). 
ЦифрлықIP-адрес  32-разрядтық  екілік  сан  болып  табылады,  ол  бір-бір 
байттан  төрт  блоктан  тұрады  (мысалы,  ондық  кодта  IP-адрес  нүктелермен 
ажыратылған сандардың реттілігі болып табылады: 192.168.002.001). 
TCP/IP протокол стектерін жүзеге асыру келесі процестерден тұрады: 
  табыстауға арналған ақпаратты қолданбалы бағдарлама алушының 
адресі бар хабарлама форматына буылады;


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау