272
Компьютерлік желілерде деректерді табыстаудың келесі əдістері
қолданылады:
арналарды коммутациялауəдісі;
хабарламаларды коммутациялауəдісі;
пакеттерді коммутациялауəдісі.
Арналарды коммутациялауәдісіабоненттік пунктілердің арасында
деректерді табыстау үшін бірізді жалғастырылған жеке КТ-дан құралған
уақытша құрамды физикалық арна құруға жəне оны байланыс сеансы
аяқталғаннан кейін ажыратуға негізделген.
Хабарламаларды коммутациялауәдісіАП арасында ерікті ұзындықтағы
деректердің (хабарламалардың) мағыналық блогын табыстауға негізделген.
Хабарлама түрінде табысталатын деректер оны өңдеуге қажетті ақпарат:
хабарлама түрі, жіберушінің, алушының адрестері жəне т.б. сілтемелер
қамтылған атаумен жабдықталады.
Қазіргі желілерде хабарламаларды коммутациялау əдісі ақпаратты
өңдеудің жоғары жеделдігін талап етпейтінқолданбалы деңгейлі жеке
желілік қызметтерде, жиі пакеттерді коммутациялау əдісімен бірге
қолданылады.
Пакеттерді коммутациялауәдісіең кең тараған əдіс болып табылады
жəнедеректерді табыстауда оларды пакеттер деп аталатын шағын
бөлімдерге бөлуге негізделген, хабарламалармен салыстырғанда пакеттер
ұзындығының бекітілген өлшемі бар.
Әр пакет атаумен жабдықталады, онда пакетті абонентке жеткізу үшін
қажетті адрестік ақпарат (жібергіш жəне қабылдағыш АП нөмірлері),
сонымен қатар, хабарламана құрау үшін қолданылатын пакеттің нөмірі
көрсетіледі.
Пакеттер желі бойынша ақпараттың жеке блоктарымен табысталады,
сондықтан жіберушіден алушыға бір мезетте əртүрлі маршруттар
(каналдар) бойынша жеткізеді, ол хабарламаны жеткізу уақытын
айтарлықтай қысқартады.
Коммутациялық тораптарды орналастыру жəне байланыс арналарының
ұзындығы деңгейіне қарай мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттің
аумағын
бірнеше
мың
километрді
қамтитын
жаһандықесептеу
жүйелері(Интернет желісі); белгілі бір аймақтың (қала, облыс, аудан)
шегінде орналасқан аймақтық есептеу жүйелері; шағын аймақта (мысалы,
жайда, кеңседе немесекəсіпорында) құрылатын жергілікті есептеу
жүйелері ажыратылады. Ішкі байланыстарды ұйымдастыру түрі бойынша
ЭЕМ жүйелері 8.3 суретінде ұсынылған топологиялық құрылымдарға
бөлінеді.
273
8.3
-сур. ЭЕМ желілерінің топологиялық құрылымдары:
а — радиалды; ә — шиналық; б — дарақ тəрізді; в — сақиналық; д — толық
байланысты
АП арасындағы ақпаратты өңдеу жəне ретрансляциясын орындайтын
ортақ коммутатор радиалды (жұлдыз тəрізді) топологиялы желінің негізі
болып табылады.
Шиналық топологиялы желілерде ортақ арна (моноарна) қолданылады,
оған абоненттік жүйелер қосылады.
Ақпарат барлық АП-ға түседі, бірақ хабарламаны өзіне адрестелген АП
ғана қабылдайды.
Дарақ
тəрізді
топологиялы
желілерде
шиналы
топологиялы
қарапайымдау желілерінің біріктірілуі жүзеге асырылады.
Сақиналы топологиялы желілерде ақпарат абоненттік жүйелердің
арасында сақина бойынша бір ғана бағытта жіберіледі.
Толық байланысты топологиялы желілерде КТ жеке арналармен
«əрқайсысы əрқайсысымен» схемасы бойынша жалғанған.
Ірі желілердің топологиясы əдетте бірнеше топологиялық схеманың
комбинациясы қолданылады.
Бөлек желілерді ірі ақпараттық құрылымдарға біріктіру қажеттілігі
пайда болғалы бері олардың өзара əрекеттестігі, дамуы жəне
жетілдірілуінің ортақ қағидаларын қолдану міндеті туындады, оны шешу,
бірінші кезекте, жүйенің ашықтығын — желінің қолданыстындағы
компоненттер мен олардың байланыстарын өзгертпей, желі құрамына
274
қосымша абоненттік жүйелерді, коммутация тораптарын жəне байланыс
желілерін қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Деректерді табыстаудың қазіргі жүйелері тұжырымдамасының негізін
ISO (International Standards Organization) Халықаралық стандарттау
ұйымыOSI (Open System Interconnection) «Ашық жүйелердің өзара
əрекеттесуінің эталондық үлгісі» кəсіпорындық стандартында орнатты, ол
күрделілігі кез келген əртүрлі телекоммуникациялық желілерді құрудың
бірыңғай тəсілін белгіледі.
OSI үлгісіне сəйкес желілердің қызметін абоненттік жүйелердің есептеу
құралдары мен коммутация тораптарымен жүзеге асырылатын процес-
термен ұсыныла бастады.
Үлгіде деректерді табыстаудың жалпы міндеті жеке өзара байланысқан
деңгейлерде деректерді өңдеу жəне тасымалдау бойынша белгілі бір
функцияларды орындаумен жүзеге асырылады.
OSI үлгісі деңгейлерінің функциялары 8.1-кестеде келтірілген.
Пайдаланушы қолданбалы деңгеймен жұмыс істейді, ол оған жүйелік
жəне пайдаланушылық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен
қабылданған ақпаратты (хабарламаны) ұсынады.
8.1-кесте. OSI үлгісі деңгейлерінің функциялары
OSI деңгейлері
Функциялары
7. Қолданбалы
Пайдаланушы мен оның қолданбалы процестерінің желілік
ресурстармен өзара əрекеттестігі
6. Ұсыну
Табысталатын деректерді ұсыну мен түсіндірудің келістірілуі
5. Сеанстық
Қашықтықтағы АП арасындағы диалогті қолдау: олардың
қосылуын жəне ажыратылуын қамтамасыз ету, олардың
арасындағы деректердің алмасуын жүзеге асыру
4. Көліктік
АП сенастық деңгейлерінің арасындағы сенімді хабар алмасуды
қамтамасыз ету (деректерді қатесіз, шығынсыз жəне қосарлаусыз
жеткізу)
3. Желілік
Пакеттерді бағдарлау жəне коммутациялау пакетов, олардың
ағындарын басқару, пакеттердегі қателерді табу жəне жөндеу
2. Арналық
Деректерді табыстау арнасын басқару, деректер кадрларын
физикалық адрестер бойынша жіберу, байланыс арнасындағы
қателерді табу жəне жөндеу
1. Физикалық
Байланыс арнасымен физикалық түйіндесу, модуляция жəне
сигналдарды бинарлық жіберу
Достарыңызбен бөлісу: |