262
Мұнда оның заряд режиміне сыншылдық еместігі, заряд-разряд цикл-
дерінің шексіз саны ерекше құнды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қарапайым конденсаторды сипаттаңыз.
2. Ионистордың негізгі сипаттамаларын атаңыз.
3. Ионистор қайда қолданылады?
7.3.
ДЭЕМ ҚОРЕКТЕНДІРУ ТІЗБЕГІН ҚОРҒАУ
Ресейде қолданылатын 13109 — 97 МЕМСТ желідегі электрмен
жабдықтаудың келесі типтік ауытқуларын регламенттейді:
электр энергиясын берудің бұзылыстары салдарынан желіде 40 с аса
кернеудің жоғалып кетуі;
жиіліктің бір периодына желіде кернеудің 80 %-ға дейін қысқа мерзімді
түсіп кетуі жəне номиналдан 110 %-дан аса жоғарылап кетуі, ол үлкен
қалаларға тəн;
жоғары жиілікті шу — э лектрмагнитті немесе басқа негізді
радиожелілік кедергілер;
мөлшері 6 000 В-ға дейін жəне ұзақтығы 10 мс дейін найзағай немесе
ажыратып-қосқыштардың ұшқындаулары барысында кернеудің қысқа
мерзімді импульстері;
номиналды 50 Гц болған жағдайда жиіліктің 3 Гц-тен аспайтын
өзгерулері электр энергиясы көзінің тұрақсыз жұмысы барысында пайда
болады.
ДЭЕМсенімді жəне үздіксіз жұмысы үшін ДЭЕМэлектроникасының
істен шығуына, бағдарламалар мен деректердің жоғалуына алып келетін
жабдықты электрмен жабдықтау параметрлерінің əртүрлі ауытқуларынан
қорғайтын электр желісінен қоректендірудің арнайы жүйесін қарастыру
керек.
ДЭЕМ-ды қоректендіруші электр желісінің жағымсыз ықпалдарынан
желілік сүзгілер мен үздіксіз қоректендірукөздерінің көмегімен қорғайды.
Желілік сүзгілер(желілік кедергілерді басу құрылғылары) есептеу
техникасы құрылғылары мен шеткері құрылғыларының қоректендіру
тізбектерін қрек желісінде импульстық тоқ кернеуінің ұлғаюынан жəне
радиотехникалық кедергілерді қорғауға арналған (7.2-сур).
263
7.2. – сур. Типтік желілік сүзгінің сұлбасы
Сүзгі жеке корпуста орналастырылады, əдетте, С1... С4конденсаторлары
жəне дроссельден Др тұратын импульстық қорғау жəне сүзгілеу торабынан
жəне қысқа тұйықталудан қорғйтын автоматтық сақтандырғыштан жəне
ажыратқыштардан тұрады, олардың əрқайсысы розеткамен бірізді
жалғанған. Құрылғының жерлендіруші контактілері мен жарық
индикаторымен бірнеше əмбебап розеткалары бар. Олардың əрқайсысы
пайдаланушының қалауымен жеке ажыратқышпен өшіруге болады.
Сүзгінің корпусы беріктігі жоғары жанбайтын пластиктен орындалады.
Типтік сүзгінің негізгі техникалық сипаттамалары:
қоректендіру желісінің кернеуі — 220/230 В;
жүктеменің толық қуаты—2,2 кВт кем емес;
жүктеменің максималды тоғы —10 А кем емес;
шектегіш төтеп беретін максималдыкедергі тогы — 5 000 А.
Желілік электрмен жабдықтау өшірілген кезде ДЭЕМжұмысын үздіксіз
қоректендіру көзі, немесе UPS (Uninterruptible Power Supply) қамтамасыз
етеді.
Үздіксіз қоректендіру көзі— апат нəтижесінде сыртқы электр желісі
толығымен тоқтан ажыратылғанда немесе желілік кернеу параметрлерінің
номинал мəндерден рұқсат берілмейтін ауытқуда ДЭЕМ қалыпты
қоректенуін қалыпқа келтіретін автоматтық құрылғы.
Қорғаныс функцияларын жүзеге асыру үшін ҮҚК-ның кернеу
түрлендіргіші (инвертор); аккумуляторлық батареясы, оның сыйымдылы-
ғынан апаттық жұмыс уақыты байланысты; түзеткіші (қуаттау құрылғысы);
импульстық жəне электрмагниттік ықпалдарды жою үшін шығу сүзгісі бар.
Аккумулятордың тұрақты тоғын айнымалы тоққа түрлендіру принци- піне
байланысты инвертордың үш негізгітипін ажыратады: тіктөрт- бұрышты
пішінді кернеуді түрлендіретін инверторлар; қадамдық аппрокси-
мациясы бар инверторлар; ендік-импульстық
264
модуляциясы бар инверторлар. Ендік-импульстық модуляциясы бар
инверторлар синусоидалдыпішінге жақын шығу айнымалы кернеуін
қамтамасыз етеді. Түзеткіш айнымалы электр желісін тұрақты кернеуге
айналдырады жəне аккумулятордыүздіксіз қуаттандырады.
Қызмет мерзімі үш жылды құрайтын аккумуляторлардың өмірлік цикін
ұзарту үшін зарядтық тоқтың температуралықөтемі жəне сыйымдылдығы
үлкен буферлік конденсаторлар қолданылады.
Конденсатор (немесе конденсаторлар блогы) аккумуляторға параллельді
қосыладыжəне кіру желілік кернеу ойықтарында буфердің функцияларын
орындайды. Нəтижесінде аккумуляторды
қолдану
қарқындылығы
төмендейді жəне оны қолдану мерзімі ұлғаяды.
ҮҚК жəне жүктемені өшірмей ақпаратты оқу жəне аккумуляторды
ауыстыру қажет болған жағдайда, кейбір ҮҚКсыртқы желіде кернеу
болмаған жағдайда («суық старт») ДЭЕМ қосуға мүмкіндік береді.
ҮҚК басым бөлігінің RS-232 интерфейсінемесеUSB-мен коммуника-
циялық порты бар, оның көмегімен ДЭЕМ-нан қашықтықтан ҮҚК-ның
жай-күйін бақылауға: жүгі көптік, кіру жəне шығу кернеулері, жиілік,
қуаттау дəрежесі жəне аккумуляторларды ауыстыру қажеттілігі, ҮҚК-ның
ішіндегі температураны көрсетуболады, сондай-ақ, желілік кернеу ұзақ
болмаған жағдайда компьютерді өшіруге болады.
Әрекет типі мен пайдалану ерекшеліктеріне қарай ҮҚКүш түрге
бөлінеді: резервтік(off-line немесе standby), желілік - интерактивті(line-
interactive) жəнекернеуді қосарлы түрлендіретін ҮҚК(on-line).
7.3
-сур. Резервтік типті ҮҚКжұмысының қалыпты режимінің
сұлбасы Схема нормального режима работы ИБП резервного
типа
Достарыңызбен бөлісу: |