162
DVD±RW дисководтарының көмегімен CD/DVD дисктерінің барлық
түрлерін оқуға болады. Сонымен қатар, CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+RW,
DVD-R жəне DVD-RW оптикалық дисктеріне де мəлімет жазуға болады.
Екі қабатты (Double-Layer) дискпен жұмыс істейтін мультиформатты
DVD дисководының көмегімен барлық оптикалық дисктерден ақпарат
оқуға болады.
Оптикалық дисководтар ДЭЕМ-де сыртқы орамда монтаждалады,
жүйелік тақтамен IDE интерфейсі арқылы (қатты дисктегі жинақтағыштар
сияқты) қосылады, бірақ сандық жəне аналогтық дыбыс шығу жүйесі
жүйелік тақтаға қосылу үшін қосымша жалғағыштары болады.
4.2.8.Қуат блогы
Стационарлық энергия жүйесінің электрлік желісі үшін ток көзі болып,
электр станцияларында орнатылатын ауыспалы токтың үш фазалы
генераторы табылады (4.18 сур.).
Генератордың əрбір орамынан линиялық кернеу туады. Бұл
өткізгіштердің үшеуі линиялық немесе фазалық, ал төртіншісі – бейтарап
өткізгіш немесе жай ғана – бейтарап деп аталады. Орамдар электр
генераторының айналасы бойынша симметриялық түрде орнласқан,
сондықтан линиялық кернеу бір-бірінен 120° фаза бойынша жылжытылған.
Ресейде линиялық кернеудің номиналды қолданыстағы мəні 380В-ға тең.
Бейтарап пен линиялық өткізгіштердің кез-келгені фазалық деп аталады
жəне 220В-ға тең болады.
Аз қуатты пайдаланушылар (дербес компьютерлер, офистік техникалар,
тұрмыстық аспаптар т.б.) бір фазалы электрлік тұрмыстық желіге
есептелген. Олар желіге екі өткізгішпен қосылады:
4.18 сурет. Ауыспалы токтың үш фазалы жүйесі:
L1 , L2 , L3 — үш фазалы генератордың орамдары
163
линиялық жəне бейтарап (стандартты қуаты 220 В тең).
Ауыспалы электрлі ток номиналды жиілікпен сипатталады. Ауыспалы
токтың жиілігі генератордың айналу жылдамдығымен беріледі жəне
Ресейде 50Гц құрайды.
Біздің
елімізде
электрлік
желілердің
сапалы
көрсеткіштері
қолданыстағы 13109 — 97 МСТ ережесімен реттеледі. Бұл құжаттың
нормативтері электрлік жабдықтау жəне электрлік-магниттік кедергілерді
өлшеу əдістері жүйесінде, электрлік магнитті сəйкестік деңгейі бөлімі
жөніндегі халықаралық стандарттарға толықтай сəйкес келеді.
Осы стандартпен электр энергиясын қосу нүктелерінде – тікелей
розеткалардағы көрсеткіштер мəні бекітілген.
Электр энергиясы сапасының маңыздырақ көрсеткіші кернеудің
номиналды
мəннен
ауытқуы,
кернеудің
бейсинусоидтылығының
коэффициенті, жиіліктің 50 Гц-дан ауытқуы болып табылады.
Стандартқа сəйкес, əр тəулік уақытының кем дегенде 95%-да фазалық
кернеу 209...231 В диапазонында, жиілік – 49,8 50,2 Гц шамасында болуы,
ал бейсинусоидтылық коэффициенті - 5% аспауы тиіс.
Қалған уақытта кернеу 198. 242 В, жиілік – 49,6...50,4 Гц, ал
бейсинусоидтылық коэффициенті - 10% аспауы тиіс.
Электр энергиясының сапа көрсеткіштері бекітілген стандарт
талаптарынан асып кеткен кезде, аппатты жағдай туындайды.
Ресейде дайындалатын электр жабдықтары ресейлік электрлік желілерге
арналған жəне 198...242 В кернеу кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға
міндетті.
Ресейде ГОСТ Р 50628 — 93 қолданылады, ол дербес компьютерлердің
электрлі-магниттік кедергілерге төтеп беру талаптарын анықтайды. Бұл
стандартқа біздің елімізде өндірілетін немесе Ресйден əкелінетін барлық
компьютерлерге сəйкес келуі тиіс. Электрлі магнитті кедергіге
электростатистикалық разрядтар, радиожиілікті электромагнитті өрістер,
наносекундты импульсті кедергілер, көп энергияның микрсекундтық
импульсі, желіде кернеудің үзілу жатады.
Пайдаланушының электр тогымен зақымдалуын болдырмау үішн
ДЭЕМ жүйелік қуатында жерге тұйықталған қорғаныс пайдаланылады.
Жерге тұйықталған қорғаныс — бұл ДЭЕМ-ның металл бөліктерінің
(жүйелік блок корпусы) жерге орналасуы. Жерге тұйықталу қарсылығы
4Ом-нан аспауы тиіс, электрлік изоляцияның зақымдалуы кезінде, кернеу
жабдықтың жерге тұйықталған бөлігінде пайдаланушы үшін қауіпсіз
болады.
164
Жергілікті компьютерлік желілер үшін қойылатын талаптар бірашама
қатаңдау – жерге қосу кедергісі 0,5...1,0 Ом құрауы тиіс.
Жерге тұйықтау адамдардың токтан зардап шегуінен ғана қорғап
қоймайды, сонымен қатар жоғары жиілікті түрлі жабдықтармен жұмыс
кезінде туындайын кедергілерді де азайтады. Жерге дұрыс тұйықтаған
кезде жоғары жиілікті электрлі-магнитті сəуле азаяды.
Жерге тұйықтау құрылғысы үшін грунтта металл құрылғы орнатылады
жəне оны ғимаратта жерге тұйықтау шинасымен сенімді түрде (дəнекерлеу)
байланыстырады.
Ресейде тұрғын үйлер мен офистік бөлмелерді электр қуатымен
қамтамасыз ету үшін тікелей жерге тұйықталған бейтарапты желілер
(генератордың орташа нүктесі жерге тұйықталған) пайдаланылады,
сондықтан технкалық əдебиеттерде «жерге тұйықталу» терминінің орнына
«қорғанысты нөлдену» термині қолданылады.
Дербес компьютерлерді қосу үшін үш контактысы бар розетка
пайдаланылады: біреуі үш фазалы шынжырлы линиялық өткізгішпен
жалғанған, екіншісі – бейтараппен, үшіншісімен жерге тұйықтау
жүргізіледі. Әдетте, бұл розетка компьютерлі, еуропалық немесе
еуротрозетка деп аталады. Кейбір желілік вилкаларда ДЭЕМ-ның кəдімгі
розеткаға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жерге тұйықтаушы
ауыспалы контактысы болады.
Розеткалар жəне оған сəйкес келетін вилкалар 250 В жəне 10А (кейде 16
А) дейінгі кернеуге есептелген жəне ДЭЕМ жəне түрлі офистік
жабдықтарды
қосу
үшін
пайдаланылады.
ДЭЕМ
электронды
жабдықтарының параметрлерінде толықтай немесе активті күш көрсетілуі
мүмкін.
Толық (жиынтық) күш активті жəне реактивті құраушылар есебімен,
сонымен қатар гармониялық тербеліс əсерінен кернеу мен ток формасының
ауытқуымен анықталады. Өлшем бірлігі – В – А (вольт-ампер).
Активті күш — бұл электр желілерінен жүктеме күш алатын жəне кез-
келген түрдегі (механикалық, жылу, электрлік, электрлі-магнитті т.б.)
энергияға айнала алатын орташа (пайдалы) күш. Өлшем бірлігі – Вт (ватт).
ДЭЕМ немесе перифериялық құрылғының қуат күші көбінесе
техникалық құжаттамаларда вольт-ампермен көрсетіледі. Егер ваттпен
келсе, онда толық қуат күші 20...40%-ға күштірек болады.
ДЭЕМ қуат блогының (ҚБ) дамуы басты тақтаның формфакторының
өзгеруімен (АТ стандартына өтудің орнына АТХ стандартына өту) жəне
жүйелік блок конструкциясының сəйкесінше өзгеруімен байланысты
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |