Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет47/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107

143 
 
Ықшамдалатын  файлдың  жылдамдығы  неғұрлым  көп  болса,  оның 
сапасы  соғұрлым  жоғары  жəне  көлемі  үлкен  болады.  Кодтау  кезінде 
стандарттар видео сапасының төмендеу есебінен талап етілетін компрессия 
деңгейін орнатуға мүмкіндік береді. 
Стандарттар  ДЭЕМ-ның  табиғи  немесе  синтезделген  2D-  жəне  3D- 
объектілерімен  жұмыс  істеп,  олардың  бір-бірімен  байланысуын  іске 
асырады  жəне  бір-бірімен  байланыстыра  отырып  синхронизациялауға, 
сонымен қатар олардың пайдаланушымен  өзара əрекетін қамтамасыз етуге 
жағдай жасайды. 
Бейнені,  текстура  жəне  өзге  де  қажетті  ақпараттарды  сақтау  үшін 
видеокарта тақтасында графикалық процессормен ені 128, 256 жəне тіпті 
512  разрядты    болып    келетін,    арнайы    шина    арқылы  байланысқан 
динамикалық жад орнатылған. 
Тұрмыстық  ДЭЕМ-да  128/256  битті  шинасы  бар,  графика  сапасын  кең 
көлемде баптайтын экранының ажыратымдылығы 1 024 
х 
768/1 280 
х 
1 024 
пикселді видеоадаптерлер пайдаланылады. 
Көп разрядты шиналы видеокарталар 1280х1 24 пикселден 1800х 1 350 
пикселге  дейінгі  ажыратылымдылыққа  жəне  экранның  бүкіл  бетіне 
шығатын  жəне  анизотропты  сүзгісі  бар  жоғары  сапалы  ойын  графикасы 
болады 
Қазіргі  видеоадаптерлер  қолжетімділк  уақыты  3,5  нс-тен  аз  емес  DDR 
жадымен  жабдықталады  жəне  анимация  жəне  видеоларды  бірқалыпты 
ойнату  үшін  көптеген  буферизациясы  бар  (екі,  үш,  төрт  реттік)  кадр 
технологиясы қолданылады. 
Бейненің  жұмысына  қажетті  видеожадтың  теоретикалық  көлемі  кадр 
өлшемінің  түс  кодының  битінің  санына  шығару  арқылы  анықталады. 
Мысалы,  1800х  1350  пикселді  мүмкін  болатын  ең  жоғары  ажыратылым 
үшін  жəне  24  биттегі  түс  қанықтығы  үшін  бар-жоғы  8  Мбайт  жад  талап 
етіледі.  Сонымен  қатар,  видеожад  көлемі  видеокартаның  өнімділігін 
анықтайды.  Жергілікті жадты  ұлғайу  үшін  оны  ОЕҚ-мен  бірыңғай  адресті 
кеңістікке  біріктіреді,  бұл  оған  видеокартаның  жұмысы  үшін  қосымша 
бапталатын көлем бөліне отырып жүзеге асырылады. 
Видеожадтың көп көлемі тек үш өлшемді графикамен жұмыс істе үшін 
ғана қажет, сондықтан барлық қазіргі видеокарталардың 128, 256 жəне 512 
Мбайтты орнатылған жадтары болады. 
Көп  жағдайда,  128  битті,  интерфейсті  жады  бар  видеоадаптерлерге 
жүйелік  тақтадан  берілетін  қуат  күші  жеткілікті  болады  (шамамен  75  Вт). 
Өнімділігі  жоғары, 256  битті  интерфейспен  жұмыс  істейтін  видеокарталар 
үшін қуат блогынан 12 В кернеу жиналатын жалғағыштар орнатылады. 


144 
 
Басты  тақтадағыдай  сияқты,  видеокарталарда  да  видеоадаптер, 
экрандық  шрифттер,  ДЭЕМ-ның  бастапқы  жүктелуінде  пайдаланылатын 
драйверлер туралы ақпарат сақталатын BIOS микросызбасы болады. 
Барлық  қазіргі  видеокарталар  жүйелік  тақтада  AGP  жалғағышына 
немесе  PCI  слотына  орнатылады.  Тұтынатын  қуатты  азайту  мақсатында 
видеокарта қуаты үшін төмен кернеу (1,5 В) пайдаланылады. 
Басты  тақтадағы  AGP  жалғағышы  видеоадаптерді  қосу  жəне 
видеомəліметтерді  ағынын  жіберуге  арналған.  AGP  2
х 
режимінде  бір 
тактте  шина  мəліметтердің  екі  блогын  жіберуге  қабілетті;  .  AGP  4
х 
режимінде бр тактілік шинамен мəліметтердің төрт блогы беріледі, бұл 6,4 
Гбайт/с-ға дейінгі ең жоғарғы өткізгіштік қабілетті қамтамасыз етеді. Жаңа 
видеокарталарда 8х режимі енгізілген. 
PCI Express жылдамырақ интерфейсі 3D-графикамен бірге жұмыс істеу 
үшін екі видеокартаны біріктіру жəне стереокөшірме бейнелерді құрастыру 
жолымен ДЭЕМ-ға екі мониторды қосуға мүмкіндік береді. 
TV-out-тың  аналогтық  шығарылымы  CD-  немесе  DVD-дисктерден 
видеофильмдерді  көру  кезінде  арнайы  S-Video  жалғағышына  теледидарды 
қосу үшін жасалған. 
S-Video  (Separate-Video  —  жеке  видео)  каналында  екі  линия: 
теледидарлық  бейнені  (PAL,  NTSC,  SECAM)  түс  бойынша  кодтау 
жүйесінің бірінен алынатын бір сигналда қайта пайда болған, түс айырушы 
екі  сигналдан  тұратын  түс  сигналы  жəне  түс  ашықтығы  пайдаланылады. 
Синхроимпульстер  ашықтық  сигналымен  бірге  беріледі.  S-Video 
жалғағышы 4- немесе 7-контактылы болуы мүмкін. 
Бейнені  мониторға  жіберу  үшін  бес  сигналды  линия  пайдаланылады, 
олар  үш  негізгі  түстің  əрқайсысы  үшін  қарқындылық  сигналын  қамтиды: 
RGB жəне көлденең жəне тік орналасқан жаймалардың синхронизациясын 
басқару  сигналдары.  Мұнымен  қатар,  жалғағышқа  монитор  мен 
видеоадаптер  арасында  DDC  (Display  Data  Channel  —  дисплеймен 
мəліметтер  алмасу  каналы)  интерфейсі  бойынша  ақпараттар  жіберу 
сигналы қосылады. Жалғағыш ретінде 15 контактылы D-Sub 15-pin (кейде 
оны mini D-Sub 15-pin деп атайды) қолданылады (4.8 сурет). 
Мұндай  жалғағыштар  мониторды  электронды-сəулелік  түтікшелерге 
қосу  үшін  пайдаланылады,  бірақ  сұйық  кристалды  мониторлар    үшін 
сандық интерфейс қолданыла бастады, оның ең көп таралғаны DVI (Digital 
Video Interface — сандық визуалды интерфейс) жалғағышы. 


145 
 
4.8 сурет. D-Sub видеокартасының 
жалғағышы 
 
 
 
DVI-дің  спецификалық  торабы  видеокарта  мен  монитор  арасында 
сандық  жəне  аналогтық  ақпараттарды  бір  кабельмен  жіберу  үшін  жəне 
бейненің  генерациясы  өзінің  видеожады  есебінен  дисплей  арқылы 
орындалуы мүмкін деген секілді болашақта орын алатын жоспарлар есепке 
алына отырып жасалаған. 
DVI  интерфейсі  бейненің  сандық  видеосигналын  мониторға  тікелей 
(пиксел пикселге), аналогтық интерфейстерді пайдалану кезінде RAMDAC- 
та  орын  алатын  сандық-аналогтық  тұрғыдан  өзгертілмей  жіберілуі 
қамтамасыз етіледі. 
Қазіргі  уақытта  DVI-дің  екі  түрлі  жалғағышы  бар:  24-контактылы 
сандықDVI-D  жəне  RGB  аналогтық  сигналын  жіберетін  қосымша  бес 
контакты  пайдаланылатын,  29-контактылы  сандық-аналогтық  DVI-I 
(Integrated — біріктірілген) жалғағыштары (4.9 сурет). 
Аналогтық  жəне  сандық  интерфейстердің  бірігуі  бір  DVI-I 
жалғағышына кез-келген типтегі дисплейді қосуға мүмкіндік береді. Кейбір 
видеокарталар  мен  мониторларда  DVI  сандық  жалғағышы  стандартты 
аналогтық жалғағышпен бірге пайдаланылады. 
DVI интерфейсі спецификасының негізінде TMDS (Transition Minimized 
Differential  Signal  —  минималданған  дифференциалды  сигнал  жіберу) 
каналы  жатыр,  ол  пиксел  туралы  (ақпараттың  24  биті)  мəліметтерді 
жіберуге  арналған  дифференцияланған  ширатылған  дара  сигналды 
линиялардың  үш  (R,  G,  B)  жұбы  мен  синхронизация  сигналы 
линияларының бір жұбының қосындысы болып саналады. 
 
 
4.9  сурет. DVI видеокартасының сандық (а) және біріктірілген 
сандық-аналогтық (б) жалғағыштарының түрі: 
— сандық интерфейс контактысы; — контакты аналогтық интерфейс 
контактысы 
 
 
 
 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау