Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет22/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107

68 
 
BIOS  бағдарламасының  қызмет  етуі  үшін  қолданушымен  сұралатын 
қосымша  баптаулары  бар  (мысалға  қолданушы  құпия  сөзі,  қатты  жəне 
иілгіш  дисктердің  параметрлері)  шынайы  уақыттың  сағаттар  сызбасына 
қуатқа  тəуелді  CMOS  жадысы  орналастырылады.  CMOS  жадысы  жəне 
шынайы  уақыттың  сағаты  автономды  қайнар  көзден  қоректенеді, 
сондықтан ДЭЕМ-нің өшірілген қуат көзінде де жұмыс істеу қабілеттілігін 
сақтап қалады. 
ДЭЕМ-ге шеткері құрылғылардың (сыртқы модемдер, принтерлер жəне 
басқа  да  сандық  аппараттар)  қосылуы  контроллерлармен  қызмет  етілетін 
енгізу-шығу  порттары  деп  аталатын  сыртқы  жалғағыштар  арқылы  жүзеге 
асады. 
Оларға  ең  бірінші  жеке-дара  компьютерлерде  пернетақта  мен  баспаны 
қосуға  қолданылған  COM1,  COM2  кезекті  порттары  (communication  — 
коммуникациялық),  LTP  паралелльді  порты  (LinePrinter—  жолма-жол 
баспалы құрылғы) жатады. 
Заманауи ДЭЕМ-дерде оларға балама болып ескірген паралелльді жəне 
кезекті  порттарды  кезектеп  ығыстыратын  жəне  пернетақта  мен  тінтуірді 
қосуға  арналған  айырықшаланған  тораптардан  USB  интерфейсі  табылады 
(UniversalSerialBus — универсалды кезекті шина). 
 
 
3.1.2.Толықтырғыш интерфейсі 
 
Дисктік  толықтырғыштарды  қосу  үшін  қазіргі  уақытта  IDE  (Integrated- 
DriveElectronics—  толықтырғыштың  біріктірілген  электроникасы)  жəне 
SCSI  (SmallComputerSystemInterface—  шағын  компьютер  жүйесінің 
интерфейсі) құралдарының жиыны пайдаланылады. 
IDE интерфейсіне алғаш рет, жадыны басқарудың негізгі функцияларын 
орындайтын,  электронды  жүйедегі  дисковод  интеграциясы  есебінен 
толықтырғыш контроллерімен ауыстырылған стандартты шина енгізілді. 
IDE  интерфейсінің  басқа  атауы  ретінде  АТА  (ATAttachment  —  АТ-қа 
біріктірілген)  термині  кеңірек  қолданылады  (ең  дұрыс  термин  болуы 
мүмкін),  бұл  термин,  өзі  ең  бірінші  енгізілген  IBMАТ дербес  электронды- 
көбейткіш машинасының (ДЭКМ) моделі бойынша аталған. 
16-разрядты  АТА  интерфейсінің  бір-бірімен  төменнен  жоғары  қарай 
қосылатын бірнеше түрлері бар, олар жылдамдық параметрі жəне орындалу 
ерекшеліктеріне  байланысты  мынадай  түрлерге  бөлінеді:  ATA-1,  ATA-2, 
ATAPI, FastATA, FastATA-2, EIDE, ATA-3, UltraATA. 


69 
 
IDE  интерфейсінің  алғашқы  стандартты  əзірлемесі  АТА-1  нұсқасы 
болды,  оның  көлемі  500  Мбайт  шамасында  болып,  тек екі  қатты  магнитті 
толықтырғыштан  тұрды.  Бұл  құрылғылар  master  (басқарушы  немес 
жетекші)  сызбасы  бойынша  қосылды.  Жетекші  немесе  жетектелуші 
конфигурация дисководқа жалғастырушы құрылғымен берілді. 
ATA-1  интерфейсі  мəліметтер  алмасуының  бірнеше  əдістерінің 
орындалуын қамтамасыз етті. 
Бірінші  əдісі  –  мəліметтердің  алмасуы  регистр  процессоры  арқылы 
орындалатын  PIO  (ProgrammedInput/Output  —  бағдарламалық  енгізу- 
шығару)  əдісі  болды,  ол  енгізу-шығару  операциясымен  жүктелу  əрекетін 
айтарлықтай ұлғайтты. 
Екінші  əдіс  DMА  (DirectMemoryAccess  —  жадыға  тікелей  қосылу) 
жадысына тура қосылу режимін пайдаланды, бұл дисктік толықтырғыштар 
арқылы  мəліметтер  алмасу,  процессорды  пайдаланбай-ақ,  оперативті  есте 
сақтау  құрылғысы  (ОЕҚ)  арқылы  жүзеге  асырылды.  Шина  бойынша 
мəліметтер жіберу жылдамдығы 8,3 Мбайт/с шамасында болды. 
Физикалық  интерфейс  бір  немесе  екі  қатты  дисктердің  қосылуы  үшін, 
жалғастырғыштарды  бір-бірімен  қосатын  40-желілі  жалпақ  кабель 
көмегімен  шығарылған.  Бөгеттің  əсерінен  кабельдің  жалпы  ұзындығы    45 
см аспады, ал жалғастырғыштар арасы кем дегенде 15 см арақашықтықты 
ұстап тұрды. 
АТА-2  стандарты  неғұрлым  жылдам  протоколдарды  орналастырды, 
құрылғының  сипаттамасы  туралы  ақпарат  алуға  мүмкіндік  берді,  үлкен 
сыйымдылықты  дискпен  жұмыс  істеуді  қамтамасыз  ететін  мəліметтер 
топтамасымен алмасудың жаңа режимін анықтап берді. 
FastATA, шын мəнінде АТА-2 стандартынан ешқандай айырмашылығы 
жоқ интерфейстің атауы. 
ATA-1  жəне  ATA-2  интерфейстері  моральді  түрде  ескірген  жəне 
əлдеқашан қолданыстан шығып қалған. 
ATAPI  (ATAPacketInterface  —  ATA  пакетті  интерфейсі)  —  ATA-2 
интерфейсіне  ұқсас  стандарт,  бірақ  оптикалық  жəне  магнитті  оптикалық 
дисководтары бар. ATAPI протоколы осы толықтырғышты BIOS көмегімен 
басқаруға мүмкіндік берді. 
EIDE (Enhanced IDE — жақсартылған IDE) АТА-2, ATAPI 
интерфейстерінің барлық мүмкіндіктерін қамтитын жəне ақпарат алмасу 
операциясын қатар атқаруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ оның бүтіндігін 
бақылап отыратын интерфейсті анықтады. EIDE контроллерының екі 
каналы бар: Primary (бірінші) жəне Secondary (екінші), бұның əрқайсысына 
жетекші/жетектелуші сызбасы бойынша екеуге дейінгі толықтырғыш 
қосылуы мүмкін. 


70 
 
Мəліметтерді  жіберудің  максималды  жылдамдығы  —  шамамен  20 
Мбайт/с. Бұдан əрі EIDE интерфейсінде мəліметтерді жіберудің өнімділігін 
жəне мəліметтерді жіберудің сенімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер 
орын алды, сөйтіп ATA-3 (немесе FastATA-3) деп аталды. 
ATA-3 — SMART (Self-Monitoring Analysis and Reporting Technology — 
өз  бетімен  тесттен  өту  жəне  сараптау  технологиясы)  технологиясын 
пайдаланатын,  ресми  емес  стандарт,  бұның  көмегімен  мəліметтердің 
бүтіндігі,  қатты  дисктердің  беткі  қабатының  жағдайын,  қиын  жерлерден 
ақпараттардың 
қалыпты 
жерге 
тасымалдануын 
жəне 
өзге 
де 
операциялардың  автоматты  түрде  тексерілуін  жүзеге  асырады.  Мұнымен 
қатар,  өрескел  қателіктердің  туындауы  жағдайында,  SMART  мəліметтерді 
уақытылы  қорғау  үшін  қосымша  шаралар  қабылдау  қажеттігі  туралы 
хабарлама береді. 
IDE  жүйесін  дамытудың  келесі  қадамы  Ultra  ATA  интерфейсі  болды, 
бұл  қатты  дисктердің  минутына  7200  айналымнан  көбірек  айналу  жиілігі 
бар толықтырғыштардың жаңа үлгілерін жасай отырып, мəліметтер алмасу 
жылдамдығын  арттыру  үшін  құрастырылған.  Интерфейсте  UltraDMA 
(басқаша атауы:  UDMA,  UltraDMA/33  жəне  UDMA/33)  мəліметтер  алмасу 
протоколы  пайдаланылды.  UltraATA-да  мəліметтер  жіберу  жылдамдығы 
33,3 Мбайт/с  құрады. Интерфейсте мəліметтердің түгелдігін тексеру  үшін, 
бірен-саран 
қателіктерді 
түзеуге 
мүмкіндік 
беретін 
CRC 
(CyclicalRedundancyCode  —  циклдық  артық  кодтарды  бақылау)  бақылау 
коды пайдаланылады. 
UltraDMA-ның бұдан əрі даму көзі ретінде 66, 100 жəне 133 МБайт/с-ға 
сəйкес, 
өнімділігі 
ең 
жоғары 
деңгейдегі 
UltraDMA/66/100/133 
спецификациясы  енгізілді.  Кедергілерге  төзімділікті  қамтамасыз  ету  үшін 
арнайы,  неғұрлым  сапалы  80-желілі  ленталық  кабель  қолданылады,  оның 
əрбір  сигналды  желісі  іргелес  нөлдік  сымнан  экран  арқылы  бөлінген, 
сондықтан жалғағыш 40-контактылы болып қалған. 
Осыдан  аз  уақыт  бұрын  мəліметтер  толықтырғышын  қосу  үшін  SATA 
(SerialATA—  бірізді  ATA)  интерфейсі  қолданыла  бастады.  Интерфейс 
мəліметтерді  дуплексті  түрде  жіберетін  бірізді  канал  болып  табылады 
(мəліметтер  бір  уақытта  екі  бағытқа  жіберіледі).  Әрбір  каналға  тек  бір 
құрылғы  қосуға  болады.  SATA  интерфейсін  қолдану  кабель  қалыңдығын 
(экранға  қосылған  бұрамалы  екі  сым  пайдаланылады),  жалғастырғыштар 
габаритін  (жеті  контакт)  азайтуға  жəне  ақпартты  300  Мбайт/с  дейінгі 
жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік берді. Бұл стандарт,  өткізгіш  қабілетті 
600 Мбайт/с дейін арттырып, «жедел» ауыстыру режимін  ұстап тұру, яғни 
ДЭКМ қуат көзін қоспай-ақ толықтырғыштарды қосу немесе өшіру. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау