Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет24/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107

74 
 
Екі бағытты ЕРР-порт 2 Мбайт/с жылдамдығымен екі бағытта байттың 
параллельді  берілуін  жəне  процессорге  тоқтамай,  ОЕҚ  арқылы  алмасуын 
қамтамасыз  етеді.  Мұнымен  қатар,  ЕРР  спецификалық  порты  тізбекке 
(цепочка) 64 перифериялы құрылғыға дейін қосылуға мүмкіндік береді. 
ЕСР  интерфейсі  ЕРР  портымен  салыстырғанда  5  Мбайт/с  мəліметтерді 
жіберудің  үлкен  жылдамдығына  ие,  өйткені  оның  мəліметтерді  сығымдап 
көлемін  азайтатын  кіріктірілген  құрылғысы  бар  жəне  128  перифериялық 
құрылғыға  дейін  қосылуға  мүмкіндік  береді.  Мəліметтерді  сығымдау 
барысында  бірдей  символдардың  реттілігі  небəрі  екі  байтпен  беріледі:  бір 
байт қайталанатын символдарды, екіншісі қайталау сандарын анықтайды. 
Клавиатура мен тінтуірді қосу үшін PS/2 интерфейсті бірізді жеке порт 
қолданылады.  Портта  miniDIN  түріндегі  бірдей  6-контактылы  əртүрлі 
түспен маркерленген: тінтуір  үшін көгілдір, ал клавиатура  үшін қара түсті 
жалғағыш пайдаланылады. 
ДЭЕМ-ге  джойстик  жəне  музыкалық  аспаптарды  қосу  үшін  ДВ  
түріндегі  15-контактылы  жалғағышы  бар  Game/MIDIAdapterс  ойын  порты 
пайдаланылады.  Стандартты  GAME-порт  екі  кнопкасы  бар  джойстикпен 
жұмыс істейді, əр конопканың 5В қуат шығару жəне координатты құрылғы 
үшін аналогтық-сандық қарапайым өңдегіші (преобразователь) болады. 
Қазіргі  уақытта  USB  жалғағышы  ескірген  параллельді  жəне  бірізді 
порттардың  орнын  біртіндеп  алмастырып  келе  жатқан,  соңғы  үлгідегі 
ДЭЕМ-нің негізгі атрибутына айналды. 
USB  интерфейсі  мəліметтердің  асинхронды  жəне  синхронды  режимде 
реттілікпен  берілуін  жəне  перифериялық  құрылғымен  өзара  байланысты 
қамтамасыз  етеді.  USB1.1  стандарты  бойынша  ақпарат  алмасу  жылдам 
құрылғылармен  12  Мбит/с  жылдамдығында,  ал  баяу  құрылғылармен  1,5 
Мбит/с  жылдамдығында  жүзеге  асырылады;  USB2.0  стандарты  60Мбайт/с 
дейінгі  (3.4  сурет),  USB3.0  стандарты  4,8  Гбит/с  дейінгі  жылдамдықты 
қамтамасыз етеді. 
USB интерфейсі жаңа конфигурацияның баптауларының автоматты 
түрде орындалуын, сонымен қатар жұмыс компьютеріне оны қайта 
жүктемей-ақ, кез-келген құрылғыны қосуды қамтамасыз ете отырып, 127 
құрылғыға дейін мультиплексті қызмет етуге есептелген. Ақпараттық 
сигналдар жəне 5В қуат кернеуі (0,5...1,0 тогы) төрт сымды кабельмен 
беріледі. Жіберу жəне ақпаратты қабылдау линиясы ретінде экрандалған 
айналмалы қос сым пайдаланылады. Бір ғана USB жалғағышының қуат 
беру сымының күші 


75 
 
3.4 сур. USB жалғағышының 
шартты графикалық белгісі: 
а — 1.1 стандарты; б — 2.0 стандарты 
 
 
 
көптеген құрылғыларды: клавиатура, сымсыз байланыс адаптерлерін, 
тюнерлер, графикалық планшеттерді т.б. қосуға жеткілікті. 
USB  шинасының  өткізгіштік  қабілетін  бөлу  жүйелік  блокта 
орнатылатын басты хабпен қамтамасыз етіледі. Құрылғы сандарын ұлғайту 
үшін  шинаны  құрастырудың  ағаш  тəрізді  желілік  топологиясы 
қабылданады, бұл жағдайда ішкі хаб бір-бірімен біртіндеп қосылады. Әрбір 
келесі  қосылатын  хаб  USB  кіру  шинасын  төмен  түсетін  портқа 
ауыстырады.  Жұмыс  істейтін  құрылғы  мен  хаб  арасындағы  кабель  ұзын- 
дығы шамамен 5 м. Қашықтықты арттыру үшін аралық хаб қабылданады. 
USB  интерфейсімен  модем,  клавиатура,  тінтуір,  джойстик,  таспалы 
жəне  дисктік  толықтырғыштар,  сканер  жəне  принтер,  флэш-жады,  қалта 
компьютерлері жəне өзге де арнайы жалғағыштармен жабдықталатын  өзге 
де құрылғылар шығарылады (3.5 сур.). 
Стандартпен  USB  жалғағыштарының  төрт  түрі  қарастырылған:  А,  В, 
mini-А  жəне  mini-S.  3.5  суретте  көрсетілгендей,  жалғағыштардың  түрлері 
бір-бірінен  сырт  бейнесі  бойынша  ерекшеленеді  (орын  алуы  мүмкін  қате 
қосылыстарды жою үшін). 
Кіші-жалғағыштар  тек  шағын  құрылғыларда,  мысалы  сандық  фото- 
камераларда  пайдаланылады.  Ереже  бойынша,  А  жəне  В  түріндегі  жалға- 
ғыштардың  вилкалары  кабельдерде  қолданылады;  А  түріндегі  розетка 
ДЭЕМ  жүйелік  блоктарында,  ноутбук  корпустарында  жəне  сыртқы 
хабтарда,  ал  В  типіндегісі  габаритті  перифериялы  құрылғыларда  орнаты- 
лады. 
 
 
 
3.5 сур. USB-порт және кабель үшін жалғағыштар түрі: 
а— А типінің жалпақ вилкасы жəне розеткасы; б —В типіндегі квадратты вилка 
жəне розетка; 1 — контактылер 
 
 


76 
 
Кейбір  конструкцияларда  USB  кабель  перифериялық  құрылғыға 
орнатылуы  мүмкін. Барлық  USB-жалғағыштар  қуат  беру  шинасы  «жедел» 
қосылуды қамтамасыз ету үшін бірінші контактыға жобаланады. 
IEEE-1394 стандартының  бірізді  шинасы,  немесе  FireWire  (отты  сым), 
мəліметтер  алмасуының  жоғары  жылдамдығын  (100,  200,  400  Мбит/с) 
талап ететін құрылғыны қосу үшін пайдаланылады. 
FireWire  интерфейсі  синхронды  жəне  асинхронды  мəліметтерді 
жіберуге,  бір  портқа  63  құрылғыға  дейін  қосылуға,  63  тораптан  тұратын 
желілік  құрылымды  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  FireWire  желісінің 
жүйеде  көпірмен  (1  023  дейін)  өзара  бірігуі  кезінде  64  449  автономды 
перифериялық  құрылғыларға  дейін  қызмет  етуі  мүмкін.  Байланыс  үшін  6 
сымды экрандалған кабель пайдаланылады: оның екі сымы арқылы 8.40 В 
(1,5 А дейінгі ток) перифериялық құрылғының қуат кернеуі берілуі мүмкін, 
қалған  төртеуі  (екі  экрандалған  бұрамалы)  мəліметтерді  жіберу  үшін 
пайдаланылады.  Құрылғыда  жалғағыштың  екі  түрі  қолданылуы  мүмкін:  6 
жəне  4  контактылы  (қуат  көзінің  сымымен  сəйкес  жəне  сымсыз).  FireWire 
интерфейстегі  əрбір  құрылғы  өзге  құрылғыларды  қосу  үшін  үш-алты 
жалғағыштан  тұруы  мүмкін.  Байланыс  сигментінің  ұзындығы  4,5  м.жетуі 
мүмкін. 
Интерфейс FireWire құрылғының автоматты түрде анықтау қызметін, 
«жедел»  қосылу  жəне  түрлі  жылдамдықта  құрылғылардың  өзара  əрекетін 
қамтамасыз  ететін  жұмыс  тəртібін  реттейді.  Бұл  интерфейс  ауыстырмалы 
толықтырғыштарды,  желілік  карталар  жəне  өзге  де  жоғары  жылдам- 
дықтағы жабдықтарды қосу үшін қолданылады. 
Ноутбуктердің  пайда  болуымен  жан-жақты  үнемді  жəне  ықшам 
PCMCI(PersonalComputerMemoryCardInternationalAssociation 
—  Дербес 
компьютер  үшін  жады  картасы  бойынша  халықаралық  ассоциация) 
стандартының интерфейсі құрылды. Бұл PCCard атауына ие болған. 
Бұл стандартта жады модулі, модемдер, SCSI-адаптер, желілік карталар, 
дыбыстық  карталар,  қатты  дисктегі  шағын  толықтырғыштар  жəне  т.б. 
шығарады.  PCCard  құрылғысы  мынадай  арнайы  корпусталған  тақталарда 
(карталарда)  орналастырылады:  TypeI,  TypeII  жəне  TypeIII,  қалыңдығы 
бойынша айырмашылығы бар линиялық өлшемдер. 
Картаның  алдыңғы  бөлігі  68-контактылы  жалғағышты  ноутбуктермен 
қосылады.  Картаның  қарсы  бетіндегі  жалғағыштар  жергілікті  желілерді, 
телефон линияларын т.б. қосуға арналған. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау