71
SATA стандартын енгізгеннен кейін, ATA интервейсі PATA (Parallel-
ATA— параллельді ATA) деп атала бастады.
SCSI өзге өнеркəсіпті стандарты көп көлемдегі мəліметтерді жіберетін
(ішіне орналастырылатын жəне ауыстырылатын қатты дисктер, оптикалық
жəне магнитті оптикалық дисктер толықтырғыштар, стример, сканер т.б.),
жоғары жылдамдықты құрылғының жұмысын қамтамасыз етуге арналған.
Бұл құрылғы кеңейту тақтасы түрінде жасалған немесе ДЭКМ жүйелік
тақтасында орналастырылған арнайы SCSI- контроллерімен басқарылады.
SCSI- контроллер өзінің BIOS микросызбасы бар жəне құрылғымен мəлі-
мет алмасу операциясын процессордың көмегінсіз орындай беретін белсен-
ді адаптер.
SCSI интерфейсі жұптылықты бақылайтын, 8 немесе 16 бит мəліметтер
шинасы бар параллельді болып келеді. Оның жалпы шина бойынша бір
контроллерға 7 немесе 15 құрылғыға дейін қосылу мүмкіндігі бар. Әрбір
SCSI құрылғысының 0...7 (немесе 0..15) диапазондағы өзінің адресі болады.
SCSI стандарты мəліметтердің əрбір линиясы үшін дыбыстарды жіберудің
екі əдісін анықтайды: ассиметриялық (сигнал мəліметтер линиясының
барлық жерімен жіберілетін бір нөлдік сымы болады) жəне
дифференциалды (мəліметтер линиясының əрқайсысы үшін екі сым
бөлінген, ал сигнал бұл линияда олардың шығуына потенциалдарды шеге-
румен орын алады). SCSI интерфейсінде бір-бірімен біркелкі баумен жалға-
сатын, ішкі жəне перифериялық құрылғыны қосуға арналған 25 немесе 50
байланыстырғыш контактылері бар, жалпақ кабель пайдаланылады.
SCSI интерфейсінің бірнеше түрлері бар, олар өткізгіш қабілетімен, қос-
қыш құрылғыларымен жəне кабель ұзындығымен ерекшеленеді. Жұмыс-
тағы жəне үйдегі ДЭКМ-де көбінесе FastSCSI немесе UltraSCSI интерфейсі
пайдаланылады.
FastSCSI интерфейсі үшін кабельдің жиынтық ұзындығы мəліметтерді
жіберудің 10 Мбайт/с жылдамдығында 3 м. аспауы тиіс. UltraSCSI специ-
фикасында кабельдің жалпы ұзындығы ақпаратты жіберудің максималды
40 Мбайт/с кезінде 12м.-ге жетуі мүмкін.
Қазіргі уақытта ақпаратты алмасу жылдамдығын жəне қосылатын
құрылғы санын арттыру үшін SCSI параллельді интерфейсі SCSI
командасына негізделген, бірізді SAS (SerialAttachedSCSI—SCSI-ке
қосылған бірізді) интерфейсімен ауыстырылады. Әрбір құрылғы
интерфейске мəліметтерді жіберу жылдамдығын секундына бірнеше
гигабитте қамтамасыз ететін, арнайы канал арқылы қосылады. SAS интер-
фейсі SATA интерфейсімен бірге тіркескен.
72
3.1.3. Енгізу-шығару порттарының
номенклатурасы
Түрлі құрылғылардың (ішкі модемдер, графикалық планшет, сканер,
манипулятор, принтер) ДЭКМ-ға қосылуы стандартты интерфейсті
пайдалана отырып, арнайы енгізу-шығару порттары арқылы жүзеге
асырылады (3.2 сурет).
Перифериялы құрылғылармен физикалық өзара қатынасы өткізгіш
кабельдер көмегімен, белгілі деңгейдегі жалғастырғыштар (розетка жəне
вилка) жəне электрлік сигналдардың ұзақтығы немесе оптикалық жəне
радиодиапазондары негізінде сымсыз мəліметтер алмасу кабельдері
арқылы жүреді.
Неғұрлым кең тараған енгізу-шығару порттары стандартты бірізді жəне
параллельді интерфейсте пайдаланылады. Бірізді интерфейс ретінде RS-232
(RecommendedStandard — ұсынылатын стандарт), ал параллельді ретінде
Centronics қолданылады.
Асинхронды интерфейс RS-232 — ДЭКМ-ді СОМ-порт арқылы
перифериялы құрылғымен байланыстыратын бірізді екібағытты əдістің ең
қарапайым интерфейсі. СОМ-порт тек «нүкте-нүкте» қосылысын жібереді,
яғни оған тек бір ғана құрылғы қосуға болады. Мəліметтерді алмасу,
жиілігі кварцты генератор бақылауышымен тұрақталған, 50, 75, 110, 150 ,
300, 600, 1200, 2 400, 4 800, 9 600 жəне 19 200 бит/с дискретті жылдам-
дығының біреуімен орындалады.
Ақпарат, басталу жəне тоқтату сигналдарынан жəне 7-битті ақпараттық
символдан тұратын бірізді блок арқылы жіберіледі жəне қабылданады.
3.2
сур. Типтік құрылғылардың ДЭЕМ-ге қосылу сызбасы
73
3.3
сур.RS-232 стандарт жалғастырғышы:
а - DB-9; б – DB-25
Мəліметтер ауысымын синхронизациялау үшін бастаушы бит пайда-
ланылады. Кедергілерден қорғау үшін мəліметтерге бақылау разрядының 1
биті қосылады. Кабель ұзындығы (15 м.ұзын емес) жіберу жылдамдығымен
қатар, жалғастырушы кабельдер сипаттамасына да байланысты болады.
RS-232 стандартымен қарастырылған 25 сигналды ДЭЕМ-да тек тоғызы
пайдаланылады, сондықтан осы интерфейсте DB-Shell типіндегі: 25-
контактылы DB-25 жəне 9-контактылы DB-9 жалғастырғыштар пайдала-
нылады (3.3 сур.).
RS-232 стандартымен салыстырғанда RS-422A, RS-423A стандарттары
жаңалау, ДЭЕМ-нің көп арақашықтықты жоғары жылдамдықтағы
жұмысын қамтамасыз ететін стандарттар болып табылады.
RS-422A стандарты 10 м.дейінгі қашықтыққа 100 кбит/с шамасындағы
максималды жылдамдықты, симметриялық емес санды интерфейс болып
есептеледі. Ол RS-232 сияқты, əрбір сигналды линия үшін бір сым
пайдаланылады, екінші (нөлдік) сым жалпы болып табылады.
RS-423A стандарты симметриялық санды интерфейстің электрлік
сипаттамасын анықтайды. Ол 10 Мбит/с жылдамдықтағы жұмысты
қарастырады. RS- 232 стандартынан айырмашылығы, бұл үшін əрбір
сигналға екі физикалық сым (тура жəне кері) талап етіледі. Симметриялық
сымдардың реализациясының жақсы шығыс сипаттамасы бар, бұл 100
кбит/с жылдамдықтағы тұрақты жұмысты жəне ұзындығы 1000 м.дейінгі
кабельді пайдалануды қамтамасыз етеді.
LPT параллеьді порты ДЭЕМ-да көбінесе принтерді қосу үшін пайда-
ланылады, сондықтан оны принтер порты деп атайды. ДЭЕМ порты
кабельмен 25-контактылы DB-25 жалғастырғышымен, ал принтер жағынан
Centronics 36-контактылы жалғастырғышы жалғанады.
Принтерге арналған кабельдің максимальды ұзындығы 3 м.аспайды.
Порт 150 Кбайт/с дейінгі жылдамдықта ақпаратты тек бір бағытқа жіберуге
арналған.
Ішкі модеммен жұмыс істеу үшін екі жақты жіберу талап етіледі, бұл
EPP (EnhancedParallelPort — жақсартылған параллельді порт) жəне ЕСР
(ExtendedCapabilitiesPort — кеңейтілген функциялары бар порт) интер-
фейстері арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |