59
2.5
-сурет. Кесілген кездегі көпқабатты баспалы тақта:
1 — үшқабатты төсем; 2 — байланыс алаңдары мен өткізгіштің суреті; 3 —
металдандырылған түзу саңылау; 4 — қуат көзін ажырату; 5 — тақта
қабаттары арасында өтпелі металдандырылған саңылау
ЭЕМ-нің элементті базасының стандартизациясы ерекше маңызға ие:
аталынды құн, шешімдер мен интеграцияның əр түрлі дəрежесіндегі ИС
корпустарының, тактті жиілік, қуат көзі, жұмысшы температураға жəне т.б.
Стандартизация белгіленген нормативті-техникалық құжаттармен сəйкес-
тендірілген нормалар жиынтығын, ережелерді жəне құрылғыға қойылған
талаптарды орнатады жəне де ЭЕМ-нің əр түрлі түрлерімен модельдерінің
бағдарламалы, ақпаратты, техникалық жəне эксплуатациялы үйлесім-
діліктерін қамтамасыз етеді.
Стандартизация ЭЕМ-нің əр түрлі өндірушілерінің құрылғыны конст-
руктивті орындалуының бірлігін қамтамасз етеді, сонымен қатар жалғағыш
байланыстырушылардың, электронды модульдардың, орналастырылатын
құрылғылардың жəне əр түрлі периферилленген құрылғылардың үйлесім-
ділігін қамтамасыз етеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. ЭЕМ-нің өмірлік циклі қандай кезеңдерді қамтиды?
2. ЭЕМ-ді жобалаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.
3. Құрастырылып жатқан ЭЕМ-ге міндетті шарттарды
атаңыз.
4. Баспалы тақта не үшін қажет?
5. Баспалы тақталарды дайындаудың технологиялық
процессін айтып беріңіз.
6. ЭЕМ-нің баспалы тақтаны қолданатын құрылғысын
атаңыз.
60
3 тарау
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕР
3.1.
ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАГИСТРАЛЬДІ-МОДУЛЬДІ
ПРИНЦИПІ
3.1.1. ДЭЕМ шиналық ұйымдастырылуы
ДЭЕМ-нің қарқынды жəне үздіксіз дамуы қомақты дəрежеде барлық
əлемде таралу артықшылығымен табылған IBM фирмасымен ұсынылған
ашық архитектураны қолданумен байланысты.
ЭЕМ-ді басқару мен орталықсыздандырылған құрылымның тарихи
дамуы жалпы жұрт таныған, кейін заманауи компьютерлерді құрастыру
стандартты идеологиясына алып келді: құрастырудың аппаратты модуль-
дылығы, магистральдылық (шиналық байланыстарды қолдану), масштаб-
тау (есептеуіш ресурстарды өсіру мүмкіндігі) жəне басқару иерархиясы.
Бұл идеология бір түрдегі құрылғылардың ауқымды өндірісіндегі шарттар
арасындағы келіспеушіліктерді шешеді жəне ДЭЕМ-ге үйлесімді көп түрлі
модельдерді жəне аппаратты-бағдарламалы құрылғылармен жасалынады.
Құрастырудың аппаратты модульдылығы басқару мен байланыстың
сəйкестілік сызықтарымен жалғанған ЭЕМ-нің құрылымы автономды,
функционалды жəне конструктивті үйлесімді құрылғылардың (процессор,
жады модульі, системалы тақталар, магнитті жəне оптикалық дисктардағы
жинағыштар, қуат көзінің блоктары жəне т.б.) бөлінуін болжамдайды.
ДЭЕМ-нің модульды конструкциясы оны ашық саналмалы жүйе жасап,
құрылымның өрістеуіне жəне адаптацияға бейім қылады. ДЭЕМ-ге əр түрлі
өндірушілердің құрылғыларын қосуға болады, оның техникалық жəне
экономикалық көрсеткіштерін жақсартып компьютерді қолданушылардың
ауысатын шартарына жəне жаңа аппаратты жəне бағдарламалы
құрылғылардың пайда болуына сəйкес бейімдейді.
Техникалық жəне бағдарламалы құрылғылардың үйлесімділігі үшін
ДЭЕМ-нің толық модульді құрылымы құрылғының стандартизациясы мен
унификациясын қаже етеді, түйіндесу құрылғыларының – интерфейстердің
(физикалық байланыстар) жəне ақпараттармен алмасу протоколдарының,
конструктивті шешімдер, типті алмасу элементтерін қолдану, элементті
базаның унификациясы жəне нормативті-техникалық құжаттар.
61
Бұның барлығы ДЭЕМ-нің техникалық жəне эксплуатациялық мінездеме-
лерін жақсартуға, өндірістік технологияның өсуіне жəне олардың бағасы-
ның төмендеуіне əсер етеді.
Көптеген функционалданған автономды жүйе бөліктерінен (модульдар)
тұратын есептеуіш жүйеде олардың ақпараттық жəне ұйымдастырушылық
үйлесімділігінің механизмы қажет.
Ең алдымен бұл модульдер ақпарттармен тез жəне тиімді түрде алмасуы
керек. ДЭЕМ-нің əр құрылғысы ақпараттармен алмасудың жалпыға бірдей
немесе əр түрлі ережелерді (протоколдарды) қолданып жалпы немесе
тəуелсіз байланыс желілерімен өзара əрекеттесуі керек.
ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларының арасында ең ауқымды универсал-
дылыққа жету үшін жəне ақпараттармен алмасуды жеңілдету үшін байла-
ныстардың шиналық құрылымы қолданылады.
Құрылғылар арасындағы барлық сигналдар уақыт аралығына бөлініп
(мультиплекстелген жіберу) байланыстың бір желісінен жіберіле алынған
кезде магистральдылық ДЭЕМ-нің шиналық құрылымын тұтастығын
анықтайды. Жалпыға бірдей байланыс желілері арқылы сигналдармен
алмасу екі бағытта (екі бағытты жіберу) жүргізіле алады, ол байланыстар
санын едəуір түрде азайтады.
Шиналық құрылымның бұл құндылығы жалпыға бірдей шинаға қосыл-
ған құрылғыларға бір алмасу протоколы арқылы ақпаратты қабылдау мен
жіберуге мүмкіндік береді. Жалпыға бірдей шинаның алмасуына жауап
беретін бұл құрылғылардағы түйіндер біркелкі жəне унифицияланған
болуы керек.
Көп разрядты шина жиынтығынан тұратын жалпыға бірдей ақпаратты
жүйелі магистральдің болуы, оларға иерархияның əр кезеңінде үлкейткіш
жалғағыштар мен контроллерлар арқылы əр түрлі модульдардың жалғануы
мүмкін, ол өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, құрылғыны өсіруге,
ДЭЕМ-нің құрылымын жеке-дара ескіленген құрылғыларды заманауи
техникалық құрылғаларға ауыстыру арқылы жақсарту жəне т.б.
Жеке-дара (айырықшаланған) аздаған разрядты байланыс желілері
негізінен ДЭЕМ-нің енгізу-шығару шеткері құрылғыларымен өзара əрекет-
тілігіне қолданылады.
Компьютер шинасы – ол əр түрлі разрядты жəне өндірістілікті желінің
үш түрінен тұратын жиынтық: мекен-жайлар, басқару жəне ақпараттар.
Кез-келген жақтаудың негізгі сипаттамасы болып оның разрядтылығы
мен алмасу жиілігін анықтайтын өткізу жолағы (ақпаратты жіберу
жылдамдығы) табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |