Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет85/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95

266
пайдалана  отырып,  басқарушылық  шешімдерді  жүйе-жүйеге 
жіктеп, олардың негізгі түрлерін бөліп көрсетіп, сипаттауға болады. 
Басқарушылық  шешімдерді  жіктеудің  елеулі  белгілеріне 
мыналарды жатқызу керек: 
1) шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі (ауқымдылығы);  
2) қабылданған шешімдердің істе көрінуі (жүзеге асырылуының 
ұзақтығы);
3) қабылданған шешімдердің ықпал ететін обьектісі; 
4) шешімдердің функциялық сипаты. 
Шешілетін мәселелердің ауқымдылығы жағынан басқарушылық 
шешімдердің жалпы және жеке түрлері бөлініп көрсетіледі. Жалпы 
шешімдерге  жататындар  –  тұтас  алғанда  бүкіл  шаруашылыққа 
қатысты  шешімдер.  Жеке  шешімдерге  жататындар  –  өндірістің 
жекелеген  жақтарын,  қызметкерлердің  жекелеген  топтарын 
қамтитын шешімдер. 
Жалпы  және  жекелей  шешімдердің  арасында  тығыз  байланыс 
бар.  Әдетте,  жеке  шешімдер  жалпы  басқарушылық  шешімдерді 
нақтылаудың және оларды орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып 
қызмет етеді. 
Шешімнің  істе  көріну  (жүзеге  асырылу)  ұзақтығы 
жөнінен  шешімдердің  мынадай  негізгі  түрлерін:  ұзақ  мерзімді 
(перспективалық),  орта  мерзімді  (ағымдағы),  қысқа  мерзімді 
(оперативті) шешімдер деп бөлу керек. 
Ұзақ мерзімді шешімдерге жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды 
керек ететін шешімдер жатады.
Орта  мерзімді  шешімдер  бір  жыл  ішінде  жүзеге  асырылады 
және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады. 
Қысқа мерзімді шешімдер мәселелердің шағын тобын қамтиды 
да өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады. 
Ықпал  ету  обьектілері  жөнінен  сыртқы  және  ішкі  шешімдер 
деп бөлуге болады. Сыртқы шешімдер белгілі бір шаруашылықтың 
жоғарғы  ұйымдармен,  басқа  бір  кәсіпорындармен  қарым-
қатынастарын қамтиды. 
Ішкі  шешімдер  шаруашылықтың    өз  өмірінің  түрлі  жақтарын 
қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі бір тобын орындамайынша 
ішкі шешімдер, көбінесе жүзеге асырылмай қалады. 
Функциялық  сипаты  жөнінен  экономикалық,  технологиялық, 
қаржылық, әкімшілік шешімдер болады. 


267
Экономикалық  шешімдер  жоспарлардың,  нормалар  мен 
нормативтердің,  еңбекақы  төлеудің  бүкіл  жүйесін  жасаумен, 
бағамен, өнімді өткізу, табыстарды бөлумен байланысты. 
Технологиялық  шешімдер  өндіріс  үрдістерін  ұйымдастыру 
мәселелеріне  қатысты.  Бұл  шешімдер  әрбір  салада  тиімді 
технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық 
жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді. 
Қаржылық  шешімдер  жоспарлық  және  есеп  беру  қаржы 
теңгерімдерін белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер 
алып,  оларды  өтеуге  бағытталады.  Ол  шешімдерге  ақшалай  есеп 
айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады. 
Әкімшілік  шешімдер  әдетте  басқару  аппаратының  өзінің 
жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, 
бөлімшелердің  құқықтары    мен  міндеттерін  реттеп  отыруға, 
олардың  жұмыс  істеуі  мен  өзара  қарым-қатынасының  тәртібін 
белгілеуге бағытталады. 
Басқару саласындағы шешімдердің сапасына қойылатын негізгі 
талаптар:
Ғылыми жағынан негізделуі: шешім экономикалық және басқа да 
әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірістің нақты 
жағдайларына  талдау  жасау  арқылы  қабылдануға  тиіс.  Басқару 
обьектісінің  жай-күйі  туралы  дұрыс,  орнықты,  сапасы  толымды 
хабарлама  негізінде  әзірленіп  қабылданған  шешім  ғана  ғылыми 
негізделген  болуы  мүмкін.  Шешім  өндірісте  ғылыми-техникалық 
прогресті тездету талаптарына сай болуы тиіс. 
Бірлік.  Белгілі  бір  міндетті  шешер  кезде  әдетте    басты 
міндеттер  келіп  туатын  бірқатар  қосалқы,  екінші  дәрежелі 
міндеттермен де айналысуға тура келеді. Олар шешім қабылданып 
отырған  басты  міндетке  бағындырылуы  тиіс.  Екінші  дәрежелі 
міндеттер  негізгі  міндеттермен  сәйкестендіріліп,  және  олар  өзара 
үйлестіріліп  отырады.  Шешімнің  барлық  қағидалары  да  өзара 
байланысты тұжырымдалады, сондай-ақ бұрын қабылданған және 
қазір  басшылыққа  алынып  жүрген  шешімдермен  үйлестіріліп, 
сәйкестендіріледі. 
Өкілдігі болуы. Шешім басшыға берілген құқықтар шеңберінде 
ғана  қабылданады.  Шешім  оны  даярлауға  міндетті  органдар  мен 
адамдардан ғана шығуы тиіс.  
Бағытталуы.  Әрбір  шешімнің  нақты  бір  бағытталуы  және 


268
орындаушы адамдарға түсінікті болуы тиіс. Шешім тұжырымдамасы 
айқын ойда құрылуы керек және түрлі мағынада болмауы керек. 
Айқындық  шешімге  іскерлік  сипат  береді,  өмірдің  мағынасын 
түрліше түсіндіруге, бұрмалауға жол бермейді. Ақпаратпен жұмыс 
істеу  уақытын  үндеу  шешімнің  қысқаша  түрде  тұжырымдалуы 
туралы ұдайы екерүді талап етеді.
Мерзімнің  нақтылығы.  Басты  бағынышты  адамға  тапсырманы 
берген уақытта оның орындау мерзімін міндетті түрде көрсету керек. 
Шешімде нақты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып, орындалуына 
жауапты адамдар және орындалуы мерзімдері белгіленуі қажет.
Оперативтілік.  Шешім  өндіріс  жағдайы  нақ  соны  талап  еткен 
күнде ғана қабылдануы тиіс. Кеш қабылданған шешім де, асығыс 
қабылданған да  бірдей зиянды. Шешімдер өндіріс жағдайларының 
өзгеруін бейнелеп көрсетуі тиіс.
Тәуекел элементтерінің болуы. Экономиканың үздіксіз өзгеруі, 
тұрақтанбауы  жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді 
шешімдер  күтілетін  нәтижелерді,  мейілінше,  дәл  қарастыруы 
мүмкін емес. Сондықтан, белгілі бір тәуекелді және жағдай үшін ең 
оңтайлы шешімді таңдай білуі қажет.
Шешімдерді әзірлеудің және 
қабылдаудың негізгі сатылары 
Шешім  қабылдау,  ұзақ  үрдіс.  Бұл  үрдіс  бірнеше  сатыларды: 
әзірлік, негізгі, қорытынды сатыларды қамтиды. 
Әзірлік  сатысы  жағдайға  жалпы  сипаттама  берумен  және  оны 
бағалаумен,  мақсатты  айқындап  алумен,  шешім  қабылдау  үшін 
қажетті  бүкіл  ақпараттармен  танысып,  шешімнің  болуы  мүмкін 
баламаларын белгілеумен байланысты. 
Негізгі  саты  –  шешімнің  түрлі  варианттарын  салыстырып, 
олардың  ішінен  ең  жақсысын  таңдап  алу  үшін  шешімді  құжат 
түрінде тұжырымдау үшін қажет. 
Қорытынды саты – шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі 
жұмыстар,  шешімнің  орындалуын  ұйымдастыру,  шешімнің 
орындалу барысын бақылау және оның қорытындыларын шығару 
жөніндегі жұмыстардың кешені болады.
Шешім  қабылдау  үрдісінің  бүкіл  бастама  кезеңі,  жағдайды 
анықтау (бағалау) болып табылады. Жағдай дегеніміз жүйені жаңа 
қалыпқа көшіру үшін шешімдер қабылдауды талап ететін сыртқы 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау