6
Бірінші бөлім. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
1. Стратегиялық менеджменттің теориялық негіздері
Нарықтың
қалыптасу теориясы
Нарықтық экономика теориясы нарықтық шаруашылық
жүйесінің жұмысын істеу негіздері мен оның маңыздылығын
түсіндіруге арналған. Бұндай жүйе барлық дамыған елдерде
орын алған. Тек бұрынғы социалистік жүйесіне жататын елдерде
болмаған.
Қазіргі жағдайда нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуі
басты мәселе болып табылады.
Түйінді мәселелердің бірі ретінде әртүрлі бәсекелес күштердің
тепе-теңдік категориясы болып отыр. Осындай тепе-теңдік дамуға
мүмкіншілік жасайды, яғни монополизмді болдырмайды.
К. Маркс өз кезінде нарықтық экономика жүйесінің барын
түсінген.
Соған орай ол мынадай пікір білдірген: тәжірибелік өмірде
біз тек бәсекелестікті, монополистікті, олардың қайшылықтығын
кездестіріп қоймаймыз, сонымен қатар олардың синтезін
(жинақтауын) байқаймыз. Монополия бәсекелестікті туғызады,
бәсекелестік – монополияны. Сондықтан синтез дегеніміздің мәні
монополия болу үшін, сақталуы үшін ол ұдайы бәсекелестік күресте
болуы қажет.
Нарықтық экономиканың біртұтас жүйе болып қалыптасуы
экономикалық субъектілердің бәсекелестік тәртібін қоғамдық
реттеулердің өз негізінде пайда болуының нәтижесі. Олар әр
субъектінің экономикалық қызметінің бостандығын қамтамасыз
етудің кепілі болып табылады. Жеке экономикалық субъектілердің
барлық экономиканы монополиялауына тек осындай кепілдіктерге
сүйену ғана мүмкіндік бермейді. Барлық іс-қимылдар экономикалық
қатынастардың субъектілерінің объективтік ынталарын ескеру
негіздерінде іске асу керек.
Экономиканың жалпы даму теориясының жүйесінде басқару
ілімінің мәні мен деңгейлерін білген жөн.
Басқару – әртүрлі табиғи ұйымдастырылған функциялар
(биологиялық,
әлеуметтік,
техникалық).
Олар
белгілі
7
құрылымдардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалар мен
мүдделерді іске асырады.
Басқару көптеген ғылымдар салаларын - менеджменттің,
экономиканың, психологияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың,
философияның, кибернетиканың және т.б. - зерттейтін пән.
Басқару теориясы дербес білім саласы ретінде тек қана пән
аралық жүйе ретінде дами алады.
Қазіргі басқару ғылымында екі деңгейлі білімді белгілеуге
болады. Бірінші деңгей әлеуметтік теориялардан көрінеді:
«Менеджерлер
революциясының,
бизнестің
әлеуметтік
жауапкершілігінің, өнеркәсіптік демократияның, адамаралық
қатынастардың» және т.б. Екінші деңгей білімі – іс жүзінде
қолданылатын ұйымдастырушылық және басқару теориялары. Бұл
деңгей нақтылау және іс жүзінде пайдаланатын ұсыныстардың
ғылыми-әдістемелік негізін қамтамасыз етеді. Ол ұсыныстар
мыналар:
- еңбекті тиімді ұйымдастыру мен басқаруды одан әрі дамыту;
- басқарушылық шешімдерді дәлелдеу және талдау;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік-психология-
лық мінез-құлқына әсер етуде жаңа әдістерді пайдалану.
Экономика дамуының жалпы теориясының белгілі саласының
бірі - ол менеджмент (басқару) теориясы. Жалпы анықтама бойынша,
Менеджмент дегеніміз кәсіпорынды тиімді басқару туралы ғылым.
Бұл ғылымға кіретін ілім:
- кәсіпорынды ұйымдастыру туралы қағидалар;
- оның стратегиялық дамуы туралы;
- қызметшілерді іріктеп алу (социологиялық аспект);
- олардың жұмысын үйлестіру тәсілі (социологиялық бөлігі).
Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша тиімді басқарудың
бірнеше ерекшелік белгілері бар. Олар:
- шапшаң іс-қимылды және жігерлілікті мақсат ету (уақыт
бұйрығы);
- тұтынушылармен ұдайы байланыста болу;
- кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың бас бостандығын
қолдау;
- адам факторына, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділі-гін
арттыруға негізгі күш ретінде қарау;
- басқару нысандардың қарапайымдылығы, басқару штатының
8
неғұрлым аз болуы және т.б.
Басқару теориясы дегеніміз басқарудың мәнін, мазмұнын және
ерекшеліктерін анықтайтын категориялардың жиынтығы.
Басқару теориясының бұдан да басқа ғылыми анықтамасы бар.
Мысалы: Басқару теориясы – басқарудағы бейнелеу, түсіндіру
және объективтік құбылыстарды болжау жөніндегі теориялық
жағдайлардың жинағы.
Бұл теорияның зерттейтін объектісі - әлеуметтік-экономикалық
жүйе. Басқару қызметінің негізгі мазмұны - болашақтағы процестерді
болжау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, зерттеу.
Бұған тән ерекшеліктерінің бірі – адамдардың бірлесіп істейтін
қызметіне бағытталғандығы.
Басқарудың жалпы теориясынан менеджмент тұжырымдамасы
туындайды.
Менеджмент – нарықтық экономиканың жағдайларына және
мұқтаждығына мейлінше сәйкес келетін басқару типі. Менеджмент
ең төменгі деңгейдегі басқару деп ұғынған жөн. Өндіріс,
кәсіпорындар, өндірістік емес салалар Оның ең жиі қолданатын
деңгейі. Менеджменттің ең мәнді функциясы – ол нақтылы өндірісті
басқару, оны ұйымдастыру және болашағын болжау, әсер ету.
Осындай теориялық негіздерден қазіргі кезеңдегі нарықтық
экономиканың ерекшеліктері анықталады:
1. Тұрақты, ұзақ мерзімдік, салааралық және аймақаралық
байланыстар негізінде жалпы бір арықтық кеңістіктің құрылуы.
Сондай-ақ ол әртараптандырулық процестердің таралуымен
шектелмеуі тиіс (өнімдердің және өндірістің әртараптандырылуы
– өнім сапасын өзгерту, жақсарту, алдыңғы қатардағы технологияны
пайдалану процесі).
2. Тұтынуды жоғарлату мен ұсынысты кеңейтудің арақатынасы.
3. Бәсекелестіктің баға емес тәсілдерінің бағалық тәсілдерінен
жоғары болуы.
4. Экономиканы әлеуметтік бағытта реттеушілер бәсекелес
топтардың арасындағы қайшылықтарды шешугемүмкіншілік
жасайды.
5. Заң және экономикалық орталықтандыру, отан тауар
нарығында бәсекелестік қатынастарды реттеу (мемлекет адал
емес бәсекелестікке жол бермейді; арнайы заңдарды қабылдау
арқылы экономикадағы монополизмді болдырмау, монополистердің
Достарыңызбен бөлісу: |