Ағылшын тілін білу деңгейі кәсіпкерлік қызметтің нәтижелеріне ықпал ететін алты бағыт



жүктеу 105,07 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2018
өлшемі105,07 Kb.
#13745


Ағылшын тілін 

білу деңгейі 

кәсіпкерлік қызметтің 

нәтижелеріне ықпал 

ететін алты бағыт 

Қызметкерлеріңіздің ағылшын тілін 

тиісті деңгейде меңгергеніне қалай көз 

жеткізуге болады 

www.britishcouncil.org/aptis


 

 

 



 

 

     ШОЛУ



    

 Кіріспе ақпарат 

     Зерттеу

     КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТӘУЕЛДІ 

     АЛТЫ БАҒЫТЫ

     


Бизнес ақпарат және талдампаздық 

     Жеткізушілерге жұмсалатын шығын 

     Халықаралық жобалар мен тендерлер 

     Халықаралық инвестициялар мен сатылымдар 

     Брендтің құндылығы және клиенттердің қанағаттануы

     Компания ішілік байланыстар және ұжымдық әрекеттердің үйлестігі 

     ТІЛ МАШЫҚТАРЫН ТЕКСЕРУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ

     Ағылшын тілінде қысқаша сұхбат өткізу

     Зерттеулерге негізделмеген сынақтарды пайдалану

     Қызметкерлерді базалық онлайн сынақтарды пайдалана отырып 

     сынақтан өткізу

     ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДҢ ТІЛ МАШЫҚТАРЫН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ БОЙЫНША 

     БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАРЫМЫЗ 

     


     БІЗДІҢ ШЕШІМІМІЗ: BRITISH COUNCIL APTIS СЫНАҒЫ

МАЗМҰНЫ


4

5

8



10

13

15



18

20

24



25

26

27



28

23

7



3


 

 

 



 

 

ШОЛУ



3


 

 

 



 

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ 



British Council ұйымының мәдени байланыстарды дамыту саласындағы 

қызметінің негізгі бағыттарының бірі компаниялар, мемлекеттік органдар 

мен білім беру мекемелері үшін ағылшын тілі стандарттарын жақсарту 

және ілгерілету болып табылады. British Council 

80 жыл бойы 

ағылшын 


тілін оқытумен және ағылшын тілі бойынша білімді бағалаумен айналысып 

келеді және біз жыл сайын 

әлемнің 100 елінде үш миллион емтихан

 

өткіземіз және 



300 000 адамнан

 астам шәкіртті оқып-үйретеміз. 

Біздің серіктестеріміз бен клиенттерімізден білетініміз: 

нарықта ағылшын 

тілінің маңызы артып келе жатқан

 жағдайда пайдаланылатын стратегиялар 

мен оқыту құралдары және бағалау әдістері жеткіліксіз. Әдетте кәсіпорын 

басшылары өздерінің қызметкерлері мен үміткерлердің ағылшын тілін 

қандай деңгейде меңгергенін білмейді. Біз осы мәселені зерделеп, 

компанияларға қызметкерлердің тіл машықтарын 

тәуекел факторына емес, 

өндірістік активке айналдыруға 

көмектесу үшін өзіміздің тәжірибеміз бен 

біліктілігімізді пайдаланғымыз келді.  

4



ЗЕРТТЕУ 

Euromonitor International ұйымымен бірлесіп, біз мәселені әлдеқайда 

терең зерделеп, назарды басты екі міндетке шоғырладық:  

       кәсіпкерлік қызметтің қандай басты бағыттарында табысқа жету үшін 

       ағылшын тілін білудің маңызы аса болса, сол бағыттарды зерттеу;        

       


       ағылшын тілін жеткіліксіз деңгейде меңгерудің пайда алуға қалай әсер 

       ететінін бағалау.

  

Осы зерттеудің шеңберінде құрылыс пен автомобиль жасаудан бастап 



туризм мен банк ісіне дейінгі әр түрлі салалардағы халықаралық ірі 

компаниялардың кадрлар бөлімдерінің бастықтары мен басшыларының 

арасында сауалдама жүргізілді. Оларға ағылшын тілін меңгеру деңгейі 

жоғары жұмыскерлердің оларға қандай қосымша басымдықтар әкелетіні 

және тілді меңгерудің төмен деңгейі олардың қызметінің нәтижелеріне 

қалай ықпал ету мүмкін екені жайында ойлап көру туралы өтініш жасалды. 

Сауалдама нәтижелері ағылшын тілін білудің тек жұмысқа орналасу 

кезінде үміткерлерге қойылатын негізгі талап қана емес, сонымен 

қатар жұмыстың тиімділігіне елеулі ықпал ете алатын маңызды құрал 

екенін растады. Осыған қарамастан, компаниялардың көбісі сауалдама 

жүргізілгенге дейін ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде білмеудің көптеген 

жасырын шығынға себеп болуы мүмкін екенін түсінбей келді. 

5



Кәсіпкерлік қызметтің төменде келтірілген алты бағытында қызметтің табысты 

болуының және жұмыскерлердің ағылшын тілін білуінің арасында ең күшті 

байланыс байқалады:

  

       Бизнес ақпарат және талдампаздық



       Жеткізушілерге жұмсалатын шығын 

       Халықаралық жобалар мен тендерлер 

       Халықаралық инвестициялар мен сатылымдар 

       Брендтің құндылығы және клиенттердің қанағаттануы

       Компания ішілік байланыстар және ұжымдық әрекеттердің үйлестігі 

Осы есептен сіз біздің тұжырымдарымызға қысқаша шолуды және 

қызметкерлердің ағылшын тілінің қажетті деңгейін меңгергеніне қалай көз 

жеткізуге болатыны жөнінде ұсыныстамаларды табасыз.

Сонымен қатар сіз:

      


       ағылшын тілін білудің кәсіпкерлік қызметтің негізгі бағыттарына және 

       компанияның кірісіне қалай ықпал ететінін білесіз;

       

       біздің сарапшыларымыздан сіздің компаниядағы тіл стратегиясын 



       жақсарту жөніндегі қарапайым ұсыныстамалар аласыз

6



 

 

 



 

 

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ 



АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ 

ДӘРЕЖЕСІНЕ ТӘУЕЛДІ

АЛТЫ БАҒЫТЫ 

7



БИЗНЕС АҚПАРАТ ЖӘНЕ 

ТАЛДАМПАЗДЫҚ 

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді 

 

Ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде білмеу басшылар үшін салалық үрдістерді қадағалауда және 



халықаралық семинарларға, сауда-саттық конференциялары мен басқа PR-акцияларға қатысуда кедергіге 

айналуы мүмкін. Соның нәтижесінде сіздің компанияңыз нарықтағы жаңа мүмкіндіктерді қалт жіберуі 

мүмкін немесе оның атағына нұқсан келтіріледі немесе ол нарықтың құбылмалы үрдістеріне

бейімделе алмайды.

1

8



Мысалдар:

       Егер ірі 

неміс банктерінің

 трейдерлері халықаралық нарықтың жаңалықтарын қадағаламаған 

       болса, олардың бөлімшелері инвестициялық қызметтен әкелетін 

кірістің 75 пайызына

 қатер 

       төнетін еді.  



       

Немістің автомобиль жасау өнеркәсібінде

 автомобильдердің жаңа модельдерін әзірлеу үдерісі 

       түрлі елдердің мамандарының бір тілде тиімді араласа білу қабілетіне тәуелді. Біздің 

       сауалдамаға қатысқан бір компания былай деп мәлімдеген еді: 

«Егер бір тілде ақпарат алмасу 

       жолға қойылмаған болса, біз барлық нарықтар үшін жарамды жаңа технологияларды әзірлей 

       алмас едік». 



БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР

Компанияңыздағы барлық қызметкерлердің ағылшын тілін қажетті деңгейде білетініне көз жеткізіңіз.

1

9



Ағылшын тілін меңгеру машықтары тек клиенттермен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ғана емес, сонымен 

қатар басшы және техникалық лауазымдарды атқаратын қызметкерлер үшін де маңызды. Егер ондай қызметкерлер 

ағылшын тілін тиісті деңгейде меңгерген болса, олар нарықтың беталыстарын қадағалап, ол ақпаратты қол 

астындағылармен және әріптестерімен бөлісе алатын болады.




ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ

ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫН

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді 

Компанияның қажетті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталуы оның кірісіне және оның 

бәсекелі баға саясатын жүргізу қабілетіне тікелей ықпал етеді. Егер компания тек отандық жеткізушілер 

көрсететін қызметтерді ғана пайдаланатын болса, бұл материалдық-техникалық жабдықтауға анағұрлым 

көп шығын шығаруға себеп болуы мүмкін. Компаниялардың көпшілігі өндірісті өндірістік шығыны төмен 

елдерде орналастыруға және шикізатты ең төмен бағаға ауқымды көлемде сатып алуға тырысады. Бұл 

мысалдарда ағылшын тілін білу тек сатылымға ғана емес, сонымен қатар шығынға да әсер етеді.

2

10




Мысалдар: 

       


Халық тұтынатын тауарларды шығаратын неміс компаниялары

 ағылшын тілін білу сатып алушылардың 

       әлдеқайда тиімді келіссөз жүргізуіне мүмкіндік беретінін атап айтады. Біздің зерттеудің бағалауы 

       бойынша, егер анағұрлым ұтымды бағалар туралы тиімді келіссөз жүргізілмегенде, халықаралық 

       жеткізушілермен жұмыс істейтін ұлттық желілер кірістерінің 

20-30 пайызынан

 айырылуы мүмкін еді.      

       


       Италияның өңдеуші өнеркәсібінде ағылшын тілін білу компанияларға бағалары ең төмен жеткізушілерді 

       таңдауға және тауарларды тікелей сатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында олардың шығындары 

       

50 пайызға төмендеді



 деп бағаланды.

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР 



Қаражат үнемделетін сияқты болғанға алданбаңыз. Нақты бағалау өлшемдері бар, егжей-тегжейлі сынақтар 

мен ғылыми зерттеулерге сүйенетін сенімді сынақ жүйелерін пайдаланыңыз. 

2

11



Кәсіпорныңыздың өрісінің немесе сіздің аттестациялық қажеттіліктеріңіздің қандай екеніне қарамастан, сенімді 

ғылыми зерттеулермен расталған сынақтарды пайдаланудың маңызы зор. Егер сіз өз қызметкерлеріңіздің ағылшын 

тілін білетіні туралы жаңсақ әрі адастыратын көрініс беретін сенімсіз сынақтарды пайдаланатын болсаңыз, елеулі 

залал мен ысырапқа ұшырауыңыз мүмкін. Ондай сынақтардың бағасының әдетте анағұрлым төмен болатынына 

қарамастан, оларға байланысты іс жүзіндегі ұзақ мерзімді шығын әлдеқайда жоғары болып шығуы мүмкін.



12

Сіздің қызметкерлеріңіз 

кәсіпорныңыздың 

әлемдік нарықта бәсекеге 

қабілетті болуы үшін 

қажетті ағылшын тілін білу 

машықтарын меңгерген бе?

  

Aptis сынағының 



көмегімен анықтап 

алыңыз.  


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН 

ТЕНДЕРЛЕР 

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді 

Халықаралық жобалар мен тендерлер көптеген салаларда өсу үшін зор мүмкіндіктер 

ұсынады, бірақ конкурстық өтінімдерді дайындау үшін көбінесе ағылшын тілін білу қажет. 

Тендерге қатысуға арналған өтінімді құрастыру, келіссөз жүргізу және ірі халықаралық 

жобаларды басқару үшін ағылшын тілін жақсы білетін мамандар керек. Егер компания 

конкурстық өтінімді сауатты құрастыра алмайтын болса, бұл оның алдын ала іріктеуден өту 

мүмкіндігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. 

Сонымен қатар, егер сіздің өтініміңіз алдын ала іріктеуден өтсе, ағылшын тілінде нақты 

және сенімді презентация жасауыңыз қажет болады. Түптеп келгенде, тендерлерге қатысу 

сондай-ақ сіздің үнемі қарым-қатынас орнатып, жолға қоюыңызды топшылайды, бұл да 

сондай-ақ сөйлей білу мен айтқанды түсіну бойынша сенімді машықтардың болуын

талап етеді.

3

13



Мысалдар: 

       Біздің зерттеуіміз мұны 

Италияның құрылыс өнеркәсібін

 мысалға келтіре отырып растайды. 

       Итальяндық құрылыс компаниялары үшін 

жобалардан түскен кірістің 80 пайызына жуығы ағылшын 

       тілін білуге байланысты,

 өйткені ағылшын тілі олар жұмыс істейтін нарықтардағы жұмыс тілі болып 

       табылады (Италияда бизнестің тек 20 пайызы жүргізіледі). Егер компаниялардың қызметкерлері 

       ағылшын тілін меңгермеген болса, олардың бұл кіріс көздерін ұстап қалу қабілетіне қауіп төнетін еді.

3

14

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР



Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда, үміткердің машықтарын, соның ішінде сөйлеу, жазу, оқу және 

тыңдау бойынша машықтарын толыққанды бағалай алатын ағылшын тілін меңгеру сынақтарын таңдаңыз. 

Түрлі лауазымдар үшін тіл білудің әр түрлі деңгейлері талап етіледі. Клиенттермен тікелей араласуы қажет емес 

бухгалтер немесе АТ маманы үшін сөйлей білуден гөрі жазу және айтқанды түсіну машықтары әлдеқайда маңызды 

болуы мүмкін. Клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері үшін әдетте бәрі керісінше болады. Тілді 

меңгерудің жалпы деңгейін ғана емес, сондай-ақ жоғарыда аталған машықтардың әрқайсысын меңгеру деңгейін 

көрсететін сынақты пайдаланғанда, сіз құзыретті шешім қабылдау үшін қажетті дәл ақпаратты алатын боласыз.




ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР 

МЕН САТЫЛЫМДАР 

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді 

Қызметті жергілікті нарықтардың шектерінен тыс жерлерде кеңейту үшін маркетинг және сату бөлімдері 

халықаралық клиенттермен тиімді араласа білуге тиіс, бұл ағылшын тілін меңгерудің биік деңгейін талап етеді. 

Сауалдамада сұрақ қойылған компаниялардың көбісі өздері қатысатын нарықтарды әртараптандырудың ішкі 

нарықтағы дағдарысқа қарсы тұрудың ең жақсы амалы болғанын растады. Олар халықаралық нарықтарға 

шығудың ең басты стратегиялық шешім болғанын, себебі жергілікті нарықтың құлдырауына қарамастан, 

өздерінің бизнесін сақтап қалуға осы шешімнің мүмкіндік бергенін атап көрсетті. Компаниялар бұл істе ағылшын 

тілін білудің маңызды болғанын айтты.

4

15



Мысалдар: 

       Ресейлік туристік агенттіктердің 

мәлімдеуінше, ағылшын тілін білмеген болса, олар шетелдік

       серіктестермен келіссөз жүргізе алмай, ақыр аяғында кірістің 

90 пайызына дейін жоғалтып

       нарықтан ығыстырылып шығарылатын еді.



       

Италияның туристік индустриясындағы компаниялар

 үшін ағылшын тілі жаңа нарықтарға шығу үшін

       қажет. Атап айтқанда, круиздерді ұйымдастырумен айналысатын компаниялар Қытайға және Азияның

       басқа елдеріне көп көңіл бөледі, ал бұл ағылшын тілін білуді қажет етеді. Алдағы онжылдықта азиялық   

       круиздер нарығы 

екі есе өседі

 деген болжам жасалып отыр. Сауалдамаға қатысқан бір компанияда Азия 

       мен Австралияда круиздерді сату тек 2013 жылдың өзінде ғана 18 пайызға өскен. 

       


       

Итальяндық банктер

 үшін халықаралық нарықтардағы сауда маңызды өсу факторы болып табылады және 

       тәуекелдерді әртараптандыруға көмектеседі; компаниялар ел ішіндегі және халықаралық клиенттер үшін 

       шетелдік қорларды сатып алады және сатады. Жалпы алғанда, басқарылатын қорлардың 30-40 пайызға 

       жуығы халықаралық қорлар болып табылады және бұл осы бағыттағы кірістің 

30-40 пайызы

 ағылшын тілін 

       білу арқылы қамтамасыз етілетінін білдіреді. 

4

16



БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР

Қызметкерлеріңіздің ағылшын тілін меңгерудегі машықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес бағалаңыз.

Егер қызметкерлер халықаралық клиенттермен жұмыс істейтін болса, олардың ағылшын тілін білу деңгейінің тек 

«жақсы» болып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай келуінің маңызы зор. Шет тілін меңгерудегі 

құзырлықтың жалпы еуропалық жүйесі (Common European Framework of Reference) – тіл білу бойынша машықтар мен 

дағдыларды бағалаудың халықаралық жүйесіне сәйкес жекелеген әрбір машық (ауызекі сөйлесу, жазу, оқу және тыңдау) 

туралы дәл әрі дәйекті ақпарат беретін сынақты таңдаңыз.




17

Ағылшын тілі – 

халықаралық нарықтарға 

шығу үшін маңызды 

құрал.

Aptis сынағы сіздің 

компанияңыздың 

халықаралық деңгейде 

жұмыс істеуге 

дайын екеніне көз 

жеткізуіңізге мүмкіндік 

береді.



БРЕНДТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ 

КЛИЕНТТЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУЫ 

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді

Біздің зерттеуіміз ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде білмеудің халықаралық клиенттердің компанияның 

брендін қабылдауына елеулі ықпал етуі мүмкін екенін растады. Брендтің жақсы халықаралық бет-бейнесі 

брендтің сапасы мен саладағы көшбасшылығы туралы ұғымдарды нығайтуға ықпалдасады, ал мұның 

клиенттерді өзіңе тарту үшін маңызы аса зор. Клиенттер сізге қайта айналып келе беруі үшін оларға жақсы 

деңгейдегі ағылшын тілінде қызмет көрсетудің маңызы зор.

5

18



Мысалдар:

       Клиенттің сапаны қабылдауының бағаларға қалай ықпал ететінінің мысалы ретінде 

АТ консалтингінің 

       ресейлік саласының 

өкілі болып табылатын респонденттердің бірінің пікірін келтіруге болады. Ол 

       былай деген еді: егер компанияның қызметкерлері ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгермегенде, 

       

компания бағаларды бес есе төмендетуге мәжбүр болатын еді



, өйткені бұл компанияның шетелдік 

       нарықтардағы бет-бейнесіне жағымсыз әсер етер еді.

       Ағылшын тілін білу деңгейі мен брендтің бет-бейнесінің арасындағы өзара байланыс сондай-ақ аса 

       күшті бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін және клиентураны ұстап қалу үшін қызмет көрсетудің 

       биік деңгейін сақтауға тиіс болатын ірі қонақүй желілерінде айқын білінеді. Бағалау бойынша, егер 

       қонақүйлердің қызметкерлері ағылшын тілінде едәуір жарамды деңгейде сөйлемегенде, 

Германияның 

       қонақүй

 

секторының



 кәсіпорындары 

клиенттердің 60 пайызынан

 астамынан айырылар еді. Қала 

       орталықтарындағы немесе танымал туристік аудандарындағы кірістің 70 пайыздан астамы 

       қызметкерлердің ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруіне байланысты болып отыр. 

5

19



БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР

Тиімді оқу бағдарламаларын әзірлеп, олардың нәтижелілігін бағалау үшін тілді меңгеруде қандай олқылықтар 

бар екенін дәл көрсететін сынақтарды таңдаңыз. 

Қызметкерлердің тіл білуін тренингіге дейін сынақтан өткізу олардың ағылшын тілін білудегі күшті және осал жақтарын 

анықтауға және оларды нақты машықтарды жақсартуға бағытталған оқу топтарына біріктіруге мүмкіндік береді. Осындай 

тәсілмен сіз күшіңізді тек барынша пысықтауды қажет ететін машықтарға сала отырып, оқуға жұмсалатын уақыт пен 

шығынды оңтайландырасыз. Оқу курсынан кейін сынақтан өткізу білімнің қаншалықты жақсарғаны және ең жақсы 

нәтижелерге қол жеткен бағыттар туралы айқын көрініс береді. Сонымен қатар, нәтижелер қалаған жақсаруға қол 

жеткізілген-жеткізілмегенін және қосымша жұмыс жасау керек немесе керек емес екенін көрсетеді.



КОМПАНИЯ ІШІЛІК

БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ

ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҮЙЛЕСТІГІ

Ағылшын тілі бұл бағытқа қалай ықпал етеді

Әр түрлі елдердің мамандары қатысатын халықаралық жобалардың көбісінде жақсы жолға қойылған 

ұжымдық жұмыс үшін де ағылшын тілін жақсы дәрежеде меңгеру қажет. Жай түсінбеудің салдары 

тиімсіздікке, тікелей үлкен шығынға және тіпті апаттарға себеп болып, компания үшін тым

қымбатқа түсуі мүмкін.. 

6

20



Мысалдар: 

       


Ресейлік АТ консалтингі саласында

 түрлі елдердің әзірлеушілері жобалар бойынша жұмысты жиі-жиі

       бірлесіп жүргізеді. Жалпы алғанда сектордың халықаралық компанияларында 

компания ішілік 

       байланыстардың 65 пайызы ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

 Бір АТ компаниясы мәлімдегендей,

       

«былайша айтқанда, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер ағылшын тілінсіз де жұмыс істей алатын



       болса да, бәрібір оларға клиенттердің талаптарын түсініп, бір жоба бойынша жұмыс істейтін басқа

       офистердегі әріптестерімен сөйлесу үшін тілді білген маңызды»

.  

       


Итальяндық ірі өндірістік компанияларда 

ағылшын тілі тек 

сыртқы байланыс

 (80 пайыз) үшін ғана маңызды емес, 

       сонымен бірге 

ішкі байланыстар

 (40 пайыз) үшін де қажет. 

       


Немістің автомобиль жасау өнеркәсібінде компания ішілік байланыстардың 50 пайызынан

 астамы 


ағылшын тілінде 

       жүзеге асырылады

. Еншілес кәсіпорындар мен бас кеңсенің арасындағы байланыс үшін жауап беретін басшылар  

       үшін ағылшын тілін білу әсіресе маңызды. 

6

21

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАМАЛАР 



Әлеуетті қызметкерлерді жұмысқа жалдау кезеңінде сынақтан өткізген жақсы.

Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде, үміткердің іскерлік және техникалық білімімен қатар, оның ағылшын 

тілін қаншалықты жақсы білетінін де айқындау керек. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін, ағылшын тілін білуді талап 

ететін лауазымға жеткілікті білімі бар қызметкерді жалдап отырғаныңызға сенімді болудың маңызы зор. Егер сіз ондай 

адамды жалдамаған болсаңыз, кейіннен мұның бизнес үшін елеулі салдары болуы мүмкін. Соның нәтижесінде бұл 

бизнесті дамыту мүмкіндіктерінен қапы қалуға ғана емес, сондай-ақ жұмысқа жалданған қызметкерлердің тіл білуде 

елеулі олқылықтары болса, оларды қымбат бағаға оқытуға да әкелуі ықтимал.



22

Сіздің қызметкерлеріңіз 

халықаралық клиенттерге 

қызмет көрсету үшін қажетті 

ағылшын тілін білу

машықтарын меңгерген бе? 



Aptis сынағы клиенттермен 

жұмыс істейтін 

қызметкерлеріңіздің 

тілді меңгеруде қажетті 

машықтары бар екеніне көз 

жеткізуіңізге көмектеседі. 


 

 

 



 

 

ТІЛ МАШЫҚТАРЫН 



ТЕКСЕРУДІҢ

ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ 

Ағылшын тілін оқытудағы және оны білу дәрежесін тексерудегі 80 

жылдық тәжірибеге сүйене отырып, біз компания қызметкерлерінің 

ағылшын тілін білу деңгейін тексеруіне көмектесетін үш тәсілді 

бөліп аламыз. Үш тәсілдің бәрі де ағылшын тілін білу деңгейі туралы 

бірқатар түсінік береді. Алайда олардың елеулі тәуекелдері мен 

кемшіліктері бар. 

23



 

 

 



 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ 



ҚЫСҚАША СҰХБАТ 

ӨТКІЗУ 


Аталған әдістің ең басты тәуекелі – ол үміткердің тек сөйлесе білу 

машықтарын ең бастапқы әрі сенімсіз деңгейде бағалауға (оның жазу мен 

оқу машықтарын бағаламастан) мүмкіндік береді. 

Соның нәтижесінде сіз ағылшын тілінде сөйлесе алатын, бірақ сауатты 

жаза алмайтын қызметкерді жұмысқа жалдауыңыз мүмкін. Мұндай 

шешімнің компания үшін: клиенттердің сұрақтарын түсінбеуден бастап, 

шығынға ұшырататын өндірістік қателер мен апаттарға дейін түрлі 

салдарлары болуы мүмкін. 

24



ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ 

НЕГІЗДЕЛМЕГЕН 

СЫНАҚТАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУ

Көптеген компаниялар ағылшын тілін білу бойынша өз елінде немесе 

компанияның өзінде құрастырылған сынақтарды пайдаланады. Мұндай 

сынақтар көбінесе зерттеулерге негізделмейді, яғни, сынақтан өткізілмей 

әзірленеді, демек, оларды пайдаланған кезде әділ емес, толық емес әрі 

сенімсіз нәтижелер алуыңыз мүмкін. 

Құрастырылған сұрақтардың күрделілік деңгейі тиісті дәрежеде болып, 

сенімді нәтижелерді қамтамасыз етуі үшін сынақты тексерістен өткізудің 

маңызы зор. Тексерістер бірнеше айға созылуы мүмкін және сынақтарды 

жергілікті сарапшылар немесе компанияның мамандары дайындаған 

кезде сирек жүргізіледі. Сонымен қатар, мұндай сынақтар жағдайдың 

толық көрінісін қамтамасыз етпейді, себебі әдетте тілді меңгеру 

машықтарының төртеуі (ауызекі сөйлесу, жазу, оқу және тыңдау) бірдей 

бағалана бермейді.

25



 

 

 



 

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ 



БАЗАЛЫҚ ОНЛАЙН 

СЫНАҚТАРДЫ 

ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП 

СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ  

Базалық онлайн сынақтарды пайдалану үміткердің сөйлесу мен жазу 

машықтарын бағаламастан, оның ағылшын тілін білу деңгейі туралы тым 

жалпылама түсінік береді. Мұндай сынақтар тілді меңгеру қабілетіне дәл 

әрі толық баға бермейді. 

Мұндай сынақтарды пайдалану үміткердің белгілі бір керекті машықтары 

(мысалы, еркін жаза білу немесе орташа деңгейде сөйлесе білу) бар-

жоғын білуге мүмкіндік бермейді де, бұл сіздің бизнесіңіздің көптеген 

қырларын тәуекелге тіктіреді. 

26



ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДҢ ТІЛ МАШЫҚТАРЫН 

СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ БОЙЫНША БІЗДІҢ 

ҰСЫНЫСТАМАЛАРЫМЫЗ 

       


Компанияңыздағы барлық қызметкерлердің ағылшын тілін қажетті деңгейде білетініне көз жеткізіңіз

       


Қаражат үнемделетін сияқты болғанға алданбаңыз. Нақты бағалау өлшемдері бар, егжей-тегжейлі сынақтар 

       мен ғылыми зерттеулерге сүйенетін сенімді сынақ жүйелерін пайдаланыңыз

       


       

Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда, үміткердің машықтарын, соның ішінде сөйлеу, жазу, оқу 

       және тыңдау бойынша машықтарын толыққанды бағалай алатын ағылшын тілін меңгерусынақтарын 

       таңдаңыз      

       


       

Қызметкерлеріңіздің ағылшын тілін меңгерудегі машықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес 

       бағалаңыз

       


       Тиімді оқу бағдарламаларын әзірлеп, олардың нәтижелілігін бағалау үшін тілді меңгеруде қандай 

       олқылықтар бар екенін дәл көрсететін сынақтарды таңдаңыз 

       


       Әлеуетті қызметкерлерді жұмысқа жалдау кезеңінде сынақтан өткізген жақсы

Осы ұсыныстамаларда салалық ерекшеліктер ескерілмейтініне қарамастан, олар сіздің компанияңыздың тіл жөніндегі 

стратегиясын әзірлеу үшін бастапқы сөре бола алады. Сіздің мұқтаждықтарыңызды ескеретін шешімді әзірлеу үшін біз 

сізбен әңгімелесіп, компанияңыздың тілге деген қажеттіліктерін талдап, ең жақсы тәсілдемені ұсынуға дайынбыз. Тегін 

кеңес алу үшін бізге хабарласыңыз.

27



 

 

 



 

 

БІЗДІҢ ШЕШІМІМІЗ:



BRITISH COUNCIL

ҰСЫНАТЫН APTIS

СЫНАҒЫ

28



 

 

 



 

 

Қызметкерлердің ағылшын тілін білуіне байланысты мүмкіндіктерді іске 



асырып, қиындықтарды жеңу үшін British Council ұйымы Aptis сынағын 

әзірледі. Бұл – қазіргі заманғы сенімді әрі икемді шешім. 

Біз Aptis сынағын сіздің қажеттіліктеріңіз бен бюджетіңіз ескерілетіндей 

етіп әзірледік. Aptis сынағының көмегімен сіз сынақ уақытын, орнын және 

сынақтан өткізілетін тіл машықтарын толық бақылауда ұстайсыз. Бағалау 

құралы ретінде Aptis сізге қызметкерлерді іріктеу, білімін жоғарылату 

және тіл стратегиясы бойынша таразыға салынған шешімдерді қабылдауға 

мүмкіндік береді. 

       

Aptis сіздің ұйымдағылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін 



       бағалауға қатысты 

дәл әрі сенімді нәтижелер

 береді.

       Aptis – икемді әрі қолжетімді сынақ жүйесі, оның көмегімен сіз 

       

қызметкерлердің дайындық деңгейін арзан бағаға жылдам бағалай 



       аласыз.

 

       Сынақ сіздің талаптарыңызға сай келетін машықтарды дәл бағалауға 



       және 

нәтижелерді тез алуға

 мүмкіндік береді.

Aptis сынағы мен біздің көрсететін қызметтеріміз туралы көбірек білу 

үшін осы жерден басыңыз.

29



Pages 4,12,17, 22, 23, 26, 29, 30 © iStockPhoto

Pages 1, 3, 5, 6, 7, 24, 25 © Mat Wright



www.britishcouncil.org/aptis

жүктеу 105,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау