Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет84/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95

263
жұмысшыны  дер  кезінде  ескертпесе  ұйым  күйзелуі  мүмкін. 
Сондықтан  басшылар  ойланып,  қарастырылмаған  шешімдерді 
қабылдай  алмайды.  Басшының  іс-әрекетін  неғұрлым  ұтымды 
және жүйелі түрде түсіну үшін жалпылама шешім қабылдау, оның 
басқару  үрдісімен  қарым-қатынас  және  ұйымдық  шешімдердің 
мінездемелеріне тоқталу қажет. 
Коммуникациялық  шешім  сияқты  шешім  қабылдау  да 
басқарудың барлық аспектілерінен орын алады. 
Профессор Фрэнк Харрисон былай деген: «Шешімдер қабылдау 
– бұл кез-келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі». 
Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте 
болатынын атап көрсеткен. Кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің 
бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді 
жүргізуші маман. 
Әрбір  басшы  маман  осы  бейнелер  арқылы  өз  жұмысын 
толықтырып отырады. 
Әрбір  басқару  қызметі  (функциясы)  өмірде  жүзеге  асыруды 
талап ететін жалпылама, тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен 
байланысты. 
Олардың кейбіреулері төменгі кестеде көрсетілген:
Жоспарлау
1.  Сіздің  бизнесіңіздің  табиғаты  қандай  және  оның  жоғарғы 
мақсаты неде?
2.  Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?
3.  Сыртқы ортада қандай өзгерістер болуы мүмкін және олар 
ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін?
4.  Қойылған мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе 
тактиканы таңдап алу керек?
Қызметті ұйымдастыру
1.  Ұйым  жұмысын  қандай  үлгіде  құру  қажет?  Орындалған 
жұмыстардың одағын мақсатқа сәйкес қалай кеңейту қажет?
2.  Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек?
3.  Жетекшілерге  және  ұйымдардың  мүшелеріне  қандай 
қабылдаған шешім сенімді?
4.  Сыртқы  орта  өзгерісіне  байланысты  ұйым  құрылымын 
өзгерту қажет пе?


264
 Мотивация
1.  Менің бағыныштыларымның мұқтажы неде?
2.  Ұйым  мақсатына  жету  үшін  бұл  мұқтаждықтар  қалай 
қанағаттандырылады?
3.  Өнімнің  көбеюі  және  жұмысшылардың  жұмыспен 
қанағаттануына не әсер етті?
4.  Одан әрі өнімді көбейту үшін не істеу қажет?
Бақылау
1.  Жұмыс нәтижесін өлшеуді қалай қадағалау қажет?
2.  Қорытынды  қалай бағаланады?
3.  Мақсатқа жету үшін біз қанша еңбектендік?
4.  Қойылған мақсатқа жеткіліксіз жылжысаң, неге олай болады  
және қандай өзгерістерді енгізу қажет?
Ұйымдық  шешім - дегеніміз лауазымды адамдардың өздеріне 
берілген міндеттерді орындаулары үшін таңдау қабілеттіліктерінің 
болуы.  Оның  мақсаты  ұйымның  алында  тұрған  мәселелер 
қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім 
деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады. 
Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және  бағдарланбаған деп 
бөлуге болады. Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерді 
қолданылатын  әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкестілігін 
жүзеге  асырудың  нәтижесі  болып  табылады  немесе  іс-қимылдың 
айқын, белгілі бір логикаға сәйкес  нәтижелі түрде жүзеге асырылуы. 
Мұнда  баламаның  мүмкіндік  саны  шектеулі  және  таңдаулар 
ұйымдар белгілеген бағыттарда жүзеге асырылады. 
Мысалы,  аурухана  инспекторы,  медбикелер  мен  санитарлар 
жұмысының  кестесін    жасағанда  қызмет  көрсететін  персоналдар 
мен  емделушілер  санының  бір-бірімен  сәйкестігін  талап  ететін 
формулаға сүйенуі мүмкін. Егер бес емделушіге бір медбике болса, 
онда шешімдер автоматты түрде қабылданады. 
Бағдарлау  –  тиімді  ұйымдық  шешімдер  қабылдаудың  көмекші 
құралы. 
Бағдарланбаған  шешімдер.  Мұндай  шешімдер  белгісіз 
фактормен ілесетін анықталған өлшемде, жаңа болатын жағдайларда 
талап етіледі. Солай болғандықтан алдын-ала қажетті қадамдардың 
нақтылы реттілігін құру мүмкін емес. 


265
Бағдарланбағандар санына мына типтегі шешімдерді жатқызуға 
болады:  ұйым  мақсаттары  қандай  болуы  керек,  өнімді  қалай 
жақсарту  керек,  бөлімшенің  құрылымын  қалай  жетілдіру  қажет,  
бағыныштыларды қалай ынталандыру керек. 
Басқару проблемаларын зерттеу жөніндегі маман ретінде Роберт 
Кац былай деді: «Әрбір шешім соншама бағалы қайшылықтарды, 
мақсаттарды және белгілерді теңгеруі керек. Ол көзқарас жағынан 
үйлесімдіден  төмен  болады.  Ұйымдарға  әсерін  тигізетін  әрбір 
шешім  немесе  таңдаулар  (ұйғарымдар)  оның  қайсы  бір  бөлігінде 
негативтік салдар ретінде қарастырылады».
Шешімдерді  қабылдау  үрдістерін  қарастыра  отырып,  ондағы 
екі  мәселені  немесе  жағдайды  қарастырған  жөн.  Оның  біріншісі, 
шешім қабылдау қиын емес, бұл кезекте адам барлық іс-қимылын 
таңдауға негіздейді. Жақсы шешім қабылдау қиын. 
Ал, екіншісі, шешім қабылдау – психологиялық үрдіс. Адамның 
іс-қимылы,  әрекеттері  әрқашанда  қисынды  бола  бермейді.  Бізді 
кейде  қисын  (логика)  билесе,  кейде  сезім  билеп  кетеді.  Басшы 
қабылдаған ұйғарымдарға осындай екі тұрғыдан қараған дұрыс. 
Әрине, нақтылы бір ұйғарымда аталған екі түрдің тек біреуіне 
жатқызу  дұрыс  болмас.  Екеуі  де  қатар  қолданылуы  мүмкін. 
Дегенмен,  мәселені  тек  сезім  арқылы  ғана  шешем  деген  адам 
күтпеген көптеген кедергілерге тап болады. 
Статистика мынаны анықтаған, қисынсыз (логика) қабылданған 
ұйғарымнан шығатын нәтиже шамалы. 
Сезуге    негізделген  шешімдер  –  бұл  оның  дұрыс  екендігінің 
түсінігі негізінде жасалған таңдау. Шешім қабылдаушы бұл жағдайда 
«қостаушылар»  және  «қарсыластар»  сапалы  өлшемдерімен 
айналыспайды, санаспайды. Ол тек талдау істейді. 
Пікірлерге  негізделген  шешімдер  кейде  интуициялық  болады, 
солай болғандықтан олардың қисыны айқын емес. 
Пікірлерге  негізделген  шешімдер  бұл  біліммен  немесе 
жинақталған тәжірибеге келісілген таңдау. Пікір ұйымдық шешімнің 
негізі  ретінде  пайдалы,  сондықтан  ұйғарымдарды  көптеген 
жағдайлардың жиі қайталану үрдісі бар.
Нарықтық  экономикаға  өту  кезеңінде  кәсіпорындардағы 
өндірістік  үрдістер  мен  әлеуметтік-экономикалық  қарым-
қатынастардың  күрделілігі,  мейілінше  алуын  түрлі  шешімдер 
қабылдау  қажеттігін  туғызады.  Алайда,  кейбір  елеулі  белгілерді 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау