261
бойынша жасайды.
Ақпаратты оның жинақталатын және өңделетін жерлеріне,
сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту
арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе
техникалық-экономикалық есептер бар шығыс құжаттарын
тұжырымдау, қажет болған жағдайда, автоматтандырылған түрде
өңделуі мүмкін.
Кәсіпорындардың анағұрлым күрделі, сонымен қатар анағұрлым
нәтижелі
ақпараттық жүйелері дегеніміз – ақпаратты өңдеудің
бүкіл технологиялық үрдісі түгел автоматтандырылған жүйелер.
Мұндай жүйелерде ақпаратты алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі
шығыс құжатты тұжырымдауды қоса алғанда прогресті техникалық
құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге
асырылады.
Өндірісте ақпараттық жүйелердің бір түрі автоматтандырылған
жүйелер кездеседі. Оларда ақпаратты алудан бастап, басқарушылық
нұсқауларды жасап шығаруды қоса алғандағы, бүкіл цикл
техникалық құралдар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйелердің ықпалын оңтайландыру бірнеше
бағыттарда болады.
Оңтайландырудың негізгі қағидалары кәсіпорындағы құжат
айналымының бірлігіне жетумен байланысты. Ол қағидалар мына
төмендегілер:
- бастапқы ақпаратты
тіркеудің бір реті болуы;
- жазбалардың қысқа
болуы мен формалардың дәлдігі;
- түрлі құжаттарда көрсеткіштердің аз қайталануы (және тіпті
болмауы);
- ақпараттың қайталап келіп түсуін
азайту және болғызбау;
- құжаттардың бөлімдерін барынша бір ізге салу және бастапқы
ақпараттың
бірыңғай формаларын енгізу;
- шығыс құжаттардың көрсеткіштерін оңтайландыру және
басқалары.
Жоғарыда аталған қағидаларда соңғысының – шығыс құжаттың
көрсеткішін оңтайландырудың ерекше маңызы бар.
Қорыта айтқанда, басқарудың негізгі басқарушы ықпалдар
ақпараттарын жасап шығару мақсатымен басқарушы адамның
басқарылатын көмекші жүйенің жай-күйі жөнінде мәліметтер мен
хабарламалар алып, өңдеу үрдісі болып табылады.
262
35.Менеджменттегі шешімдер теориясы
Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты
Ұйымдастыру шешімдерін қабылдайтын және оларды басқа
адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей
аламыз.
Шешім қабылдау ақпаратпен алмасу сияқты кез-келген басқару
функциясы қызметінің бір құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау
қажеттілігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы
және сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.
Кез-келген басқару өнерін игерем деген адам үшін шешім
қабылдау табиғатын түсіну аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге
көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау түрлерін,
қолданылатын тәсілдерін, осы үрдістің тиімділігін арттырудағы
ғылыми әдістерін және басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі
факторларға көңіл аудару қажеттігін қарастыруға болады.
Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол
басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтайды.
Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау
үрдісін түсіне, ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты
шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын
ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған
шешімдерді қабылдаймыз.
Шешім дегеніміз – бұл баламалы таңдау. Балама – мүмкін болған
ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.
Жеке өмірге қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау өте
қатты жүйеленген үрдіс. Жеке адамның бөлек таңдауы алдымен
өзінің өмірінен және онымен қарым-қатынаста жүрген адамдарға
байланысты болады. Менеджер іс-қимыл бағытын тек өзі үшін
ғана емес, сонымен бірге ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін
де таңдайды. Ірі ұйымдардың жоғарғы деңгейіндегі басшылар
миллиондаған шешімдерді қабылдайды.
Көңіл аударарлық мәселе, бұл басқару шешімдері жетекші
қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың
өміріне ықпал етулері мүмкін.
Маңызды шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілік – бұл
сапалы ауыртпалық болып табылады. Егер басшы бағыныштыны
жұмыстан шығарса, соңғысы қатты күйзелуі мүмкін, егер нашар