Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет26/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95

83
4.  Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 
Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, 
білімі  мен  мүмкіндіктерін  ұдайы  жақсарту,  экологиялық  ортаны 
жақсарту.
5.  Энергетика  ресурстары.  Мұнай  мен  газ  өндіруді  және 
сараптауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын 
жақсартуға  жәрдемдесетін  табыс  алу  мақсатында  жедел  арттыру 
жолымен  Қазақстанның  энергетикалық  ресурстарын  тиімді 
пайдалану.
6.  Инфрақұрылым.  Әсіресе  көлік  және  байланыс  жүйесінде 
инфрақұрылымды  құру.  Осы  шешуші  секторларды  ұлттық 
қауіпсіздікті  нығайтуға,  саяси  тұрақтылық  пен  экономикалық 
өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7.  Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға 
қол  жеткізуде  халықтың  өкілдері  болуға  қабілетті  Қазақстанның 
мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын 
жасақтау.
Осы  ұзақ  мерзімді  басымдықтардың  әрқайсысы  үшін  бір 
жылдық,  үш,  ал  кейіннен  бес  жылдық  жоспарларда  белгіленген 
нақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, оны дәйекті 
түрде іске асыру қажет.
Кеңес мемлекетінен кейінгі кеңістікте күрделі мәселе – бұрынғы 
біртұтас мемлекеттің құрамында болған одақтық республикалардың 
тағдыры  болды.  Аяқастынан  күйреген  Кеңес  мемлекеті  оларды 
(республикаларды)  өте  қиын  жағдайға  ұшыратты.  Бұрын 
қалыптасқан  саяси-қоғамдық,  экономикалық  және  әлеуметтік 
қатынастар  тез  арада  жойылып,  барлық  шаруашылық  объектілер 
дағдарысқа  ұшырап,  экономикалық  қарым-қатынас  үзіліп  қалған 
жағдайда, қалай экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету керек 
деген проблемалармен бір өзі қалды. 
Осындай жағдайда қиыншылықтан шығатын бір-ақ жол болды. 
Ол  өз  әлеуетіне  сүйене  отырып  республика  өзіне  тән  тәуелсіздік 
жолын  табу  керек  еді.  Тап  осы  сәтте  республиканың  болашағын 
анықтайтын,  экономикалық  егемендігін  іске  асыру  жолдардын 
белгілейтін  күрделі  және  тиімді  саясат  ауадай  қажет  екені  аян 
болды. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 
Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде 
қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  (1992  ж.)  еңбегі  жарық 


84
көрді.  Осы  жұмыста  ұсынылған  терең  ой-пікірлер  мен  ғылыми 
бағыттар Қазақстанның болашақта экономикалық-әлеуметтік даму 
үрдістерін белгіледі.
Онда нақтылы көрсетілген ғылыми ахуалдар мынадай:
1.  Экономика  саласында  меншіктің  негізгі  түрлерін 
(жекеменшік  пен  мемлекеттік  меншік)  үйлестіре  және  өзара  іс-
қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік 
нарықтық  экономика  құру,  ал  олардың  әрқайсысы  экономикалық 
және әлеуметтік өзара байланыстың жалпы жүйесінде өз міндетін 
атқаратын болады. 
Бұл  жерде  ең  ауқымды,  терең  ғылыми  түйін,  ұзақ  мерзімді 
стратегиялық  мәні  зор  идея  –  ол  әлеуметтік  нарықтық  экономика 
құру. Кейінгі барлық іс-әрекеттер тек осы идеяны жүзеге асыруға 
бағытталу керектігін дәлелдейді. Себебі қандай экономика болмасын 
ол  ең  әуелі  қоғамның  жеке  адамның  мүддесіне  бағытталуы  тиіс. 
Сондықтан нарықтық экономиканың түпкі мақсаты осында жатыр.
2.  Экономиканың даму стратегиясы:
- Қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономика саласындағы 
стратегия  мен  тактика  құрылымдық  және  технологиялық  артта 
қалушылықты бір мезгілде жол ашылып нарықтық жүйеге көшуді 
одан әрі жалғастыру болып табылады.
Қазақстан үшін материалдық өндіріс саласында басым бағыттар: 

  құрылыс  және  құрылыс  индустриясын,  бірінші  кезекте,  
тұрғын үй құрылысы үшін дамыту;

  түсті  және  қара  металлургияда  түпкі  шектерді  белгілеп 
экономиканың шикізаттық бағытын жою;

  ғылымды  көп қажет ететін өндірістер мен машина жасауды 
дамыту,    әртараптандыру  және  қажет  болған  жағдайда  қорғаныс 
кәсіпорындарын конверсиялау;

  экологиялық таза технологияларды енгізу;

  осы  заманғы  инфрақұрылымдарды  (көлік,  байланыс, 
энергетика, туризм, қонақ үй жүйесін) құру болып табылады.
3.  Бағдарламалар:
-  Басым  бағыттарды  жүзеге  асырудың  нақты  формасы 
индикативтік  жоспарға  негізделген  және  оларға  қатысуға 
бағытталған жаңа ұйымдастыру құрылымдарын жасайтын арнайы 
мемлекеттік бағдарламалар болады.


85
14. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару стратегиясы
Кәсіпкерліктің даму мәселелері 
Экономикасы  нарықтық  бағытқа  бет  алған  Қазақстан  үшін 
кәсіпкерліктің  даму  мәселесі  –  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Өйткені,  нарықтық  экономиканың  өзі  –  кәсіпкерлік 
экономика.  Кәсіпкерлікті  дамыту  –  нарықтық  экономиканы 
дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген 
мәселелердің көтеріліп жатуы да, оның экономикадағы рөлінің өте 
маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясында  былай  деп 
жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез 
келген  заңды  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  еркін  пайдалануға  құқығы 
бар».  Бәрімізге  мәлім,  өндірістің  факторлары  табиғи,  еңбек, 
өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде 
осы  факторлардың  жұмыс  істеп,  қозғалысқа  түсуіне  әсер  ететін 
нақты күштер бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін 
белгілі  бір  мақсатта  жетістікке  қол  жеткізуге  пайдалана  білу 
икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай – қайсысын алсақ та өздерінің 
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке 
арқа сүйейді. Себебі, кәсіпкерлік халықтың әл – ауқатын арттырумен 
қатар,  қосымша  жұмыс  орындарының  ашылуына  да  себебін 
тигізеді.  Кәсіпкерліктің  осындай  және  басқа  да  экономикалық 
және  әлеуметтік  функциялары  оны  дамыту  мәселесін  маңызды 
мемлекеттік  міндеттер  қатарына  жатқызуға  және  экономиканы 
реформалаудың  ажырамас  бөлігі  деп  қарастыруға  негіз  береді. 
Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру 
кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық 
құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық 
жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс 
өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі  кәсіпорындарға 
тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге 
барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыс  алуына  кепілдік 
береді. Олар ірі кәсіпорындардың  орнықтылығын және өндірістік 
әртараптандыруды  қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа  қарсы 
әрекет  етеді.  Кәсіпкерлік  нарықта  консалтингтік,  брокерлік, 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау