77
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында
айрықша орын алады.
Аталып
өткен
құжаттардың
Республикадағы
саяси-
экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда
экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды
қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы
көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық
алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын
анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық
тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі
және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар
әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, материалдық, қаржылық
ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген
төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып
табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде
аса маңызды өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік
бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру
жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында
экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары
бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі
нысандарына барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден,
мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді
және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден,
монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол
берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес
болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың
қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық
шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға
орнықты енуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-
әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей
қатысты. Басқарудағы ұйымдастырушылық фактордың рөлі
кәсіпкерлік ортада әрдайым жоғары бағаланған. Көпшілікке
78
әйгілі, американдық миллиардер Карнеги «Біздегі барлық завод,
фабрика, байланыс құралдары мен ақшаны алып қойып, тек біздегі
ұйымдастыруды қалдырсаңыз, төрт жылда бәрі де қайта қалпына
келеді», деп айтқан. Нашар ұйымдастырылған компанияны
ешқандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды.
Өзін-өзі басқару мен өзін-өзі
қаржыландыру тұжырымдамасы
Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік
негіздерінің бірі болып, осы тұжырымдамасы берілген, өзін-
өзі басқаруға көшудің теориялық алғышарттарының жүйесі
болып саналады. Құрылымы бойынша, ол он бес бөлімнен
тұрады, оларда стратегиялық мақсаттар, меншіктік қатынас,
қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат,
микродеңгейде жоспарлау, ғылыми-техникалық прогресті басқару,
инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары құқығын
кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын
қамтамасыз ете отырып көздеген мақсаттарға жетуге бағытталған.
Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік
мәні де бар.
Тұжырымдамада анықталғандай, Республиканың өзін-өзі
басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық
дамуды жеделдету және аймақтардың ресурстарды қолданудағы
құқықтарын дамыту болады. Сондай-ақ тұжырымдама басқарудың
стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз
етуді анықтаған.
Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару
саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі
заң жобалары ұсынылды: бірінші – «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы», екінші – «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» (қыркүйек
– 2000 жыл).
Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық
басқаруды әрі қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі деп
ұғынған дұрыс.
Бірінші заң, Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы
79
органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін,
сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгіледі.
Заңда бірқатар анықтамалар берілген. Мысалы: «Жергілікті
мемлекеттік басқару – жергілікті өкілді және атқарушы органдар
осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзырет
шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны
дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы
істің жай-күйіне жауапты қызмет». Сонымен қатар өзін-өзі
қаржыландыру мәселесінде қарастырылған заңның үшінші
бабында былай деп жазылған: «Жергілікті мемлекеттік басқару
қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті
бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі
өзге де мүлік құрайды».
Басқару тұрғысынан алғанда мәслихаттардың құзыреттері
орынды көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай,
мәслихаттардың құзыретіне тиісті аймақты дамыту жоспарларын,
экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті
бюджетті және олардың атқарылуын бақылау берілген.
Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет.
Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екінші,
жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару
органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық
шеңберінде.
Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы»
Заңында мынадай анықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару
деп – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына
сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық
құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын
халық билігін іске асырудың нысаны ұғынылады». Заңның ұтымды
жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің
жергілікті қаржыландыруы туралы. Жергілікті қауымдастықтың
кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан;
жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және
оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті
қауымдастық кірістерінен; жергілікті қауымдастық халқының өз
еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден; заңды
және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қорларынан; заңмен
Достарыңызбен бөлісу: |