Ағартушылық қоғамдық-саяси ағым



жүктеу 24,36 Kb.
бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі24,36 Kb.
#35179
  1   2

Кіріспе

Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістер, əрине, бірден қалыптасқан жоқ. Оған алдыңғы қатардағы адамдар да өз септігін тигізді деп айтуға болады. Сондықтан да болар, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның келер ғасырдағы басты даму бағдарын белгілеп, берген стратегиялық жоспарларында халықтың рухани жаңаруына ерекше көңіл аударады. Оның айтуынша: «Адамның ой-санасын бір сəтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен жəне де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған əлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» дейді [1]. Сол жыдардың өту барысында қазақ қоғамдық өмірінде ағартушылық көзқарастардың ерекшелігі мен маңыздылығы өте жоғары.

Қазақстандағы ағартушылық XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы Ресейге қосылу, оның мəдениетімен кең танысу жəне сол арқылы еуропалық өркениетпен сусындау — Ресейге бодан кезеңінің нəтижесі болып табылған. Алайда, қазақ ағартушылық идеологияны зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгілермен қатар, оны тудырған мəдени-əлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет.

Қазақстандағы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі - Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, əділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күрес, керітартпа идеялық бағыттармен күрес, яғни, кейбір діни түп негізшіл-клерикалды идеологиямен жəне əр түрлі діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмау, халықшылдықты тəжірибелік іс-əрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты-тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты, яғни, əлеуметтік жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық тұғырды ұстанды. Бұл дегеніміз, белгілі қоғамдық топқа, дəлірек бұқара халыққа, бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған революцияшыл демократтарға қарағанда қазақ ағартушылары XVIII ғасырдағы Еуропадағы ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Сонымен қатар, қазақ ағартушылары рух пен тəн арасындағы, жалпы аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, сол жолда, бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мəселенің шеті мен шегіне ауытқымай негізгі ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының көрінісінде қалған. Қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тəртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дəстүрлі қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мəдениетінің жетістіктері мен игі əсері жайлы ойлармен астасып жатты [2; 86–87].

XIX ғасырда Қазақстанның мәдени өмірінде ағартушылық, білім беру ерекше орын алды. Әлемдік өркениеттің күшті әсерінен Ресей өзінің қол астындағы Шығыс жерлеріне терең қызығушылық танытты. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен саяхатшылар, шығыстанушылар келе бастап, тарихшылар Қазақ жерінің материалдары бойынша жұмыс істеді. Қазақстан аумағын зерттеуде, білім мен мәдениеттің дамуына П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.А. Северцев, И.В. Мушкетов, В.В. Радлов сынды орыс интеллигенциясы үлкен үлес қосты. Жалпы алғанда Қазақстан жеке орыс географиялық қоғамының зерттеу объектісіне айналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері жұмыс істеді және статистикалық өлкетану мұражайлары ашылды. Потанин, Н.М. Ядринцев, С. Я. Капустин және басқа да ғалымдардың зерттеулері оқылды, ал, қазақ ағартушылары өзінің ғылыми ізденісінің арқасында ғана атаққа ие болды. Сол кездегі В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, А.И. Герцен, Н.А. Добролюбов және де басқа да Ресейдің прогрессивті қайраткерлері бастаған дамыған демократиялық бағыт Қазақ қоғамындағы озық ойдың дамуына ықпал етті.

Еліміздегі халық ағарту саласындағы алғашқы ағартушылық идеологиясының негізін қалаушылар деп үш мұнарадай болған – Шоқан, Ыбырай, Абайды айтуымызға болады.

Ағартушылықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, олардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесі әрқашан қызығушылықты тудырды. Қазақ ағартушылығын зерттеу барысында көптеген зерттеушілер қазақ ағартушыларының, әсіресе Ыбырайдың еңбектеріне ерекше назар аударды.

Мысалыға, Қ.Жұмағұловтың "Ыбырай Алатынсарин" монографиясы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының қоғамдық-тарихи және мәдени өмірінің аясында берілген, жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ы.Алтынсариннің барлық шығармашылық қызметін талдауға және бағалауға арналған.

Кітапта Ы.Алтынсариннің сан қырлы қызметі, яғни, ағарту саласындағы алғашқы орыс-қазақ зайырлы халық мектептерінің, арнайы салалық қолөнер училищелерінің, кітапханалардың, клубтардың және басқа да мәдени-ағарту мекемелерінің ұйымдастырушысы мен құрушысы, ғылыми білімді насихаттаушы, орыс әліпбиімен жазылған қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың авторы мен мұғалім, ағартушы ретінде көрсетілген.

Осы жерге бирнарсе даталар мәліметтер керек Қыргыз хрестоматиясы туралы және мектептер ашыунын даталары
Ал, А.С.Сыздықов өзінің «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясында көптеген құжаттардың көмегімен егжей-тегжейлі түрде Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметінің негізгі кезеңдерін көрсетеді. Ақын-ағартушы, педагог-энтузиаст Ыбырай Алтынсарин қалдырған мұраға лайықты құрмет көрсете отырып, автор ағартушының көптеген еңбектерін пайдаланды.

Қазақтың ірі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ойы, мәдениеті мен әдебиеті тарихында көрнекті жаңашыл педагог және жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктерінің шығармаларын, атап айтқанда, Крыловтың әңгімелерін аудармашы ретінде кеңінен танымал.




жүктеу 24,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау