86
маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары
бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл
атқарды. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп,
жеке – даралықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл
жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер
өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде,
кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал
– жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді.
Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш,
маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық
бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ
меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін
заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру
үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі
керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай
әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында
«стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр.
Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен
стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының
леймотиві – «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде»
деп аталады. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға,
ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру
туралы толғаныстар қарастырылады.
Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды:
«Белсенді іс әрекеттер арасында»:
1. өз қызметінің стратегиялық бағыт бағдарын жеке түсіне
білетін;
2. уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз
ағымынан
қалып қоймай,
оларды тиімді пайдалана алатын;
3. ұйымдастырудың, жұмыс тәртібінің тиімді түрлерін,
ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін,
арақатынасын
таба білген;
4. біріккен
еңбек
оның
барлық
қатысушыларын
қанағаттандыратын корпорациялар жатады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға
өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине,
88
Бизнес субъектілерінің сәтсіздікке ұшырауы кәсіпкерлердің
дайындығы төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары
жұмысты бірлесіп атқарса, онда тиімділік артады. Себебі бірлескен
шешім қабылдаудың маңызы өте зор. Бір мезетте пайда болып,
содан кейін жоқ болатын қоғамдық қажеттіліктерді тұрақты түрде
іздестіру және оған бейімделу бизнес стратегиясының негізін
құрайды.
Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын
сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына,
кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді.
Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына
ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік –
шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит
былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін
ұтымдылық жағдайды көздейді, дей тұрағанмен, ол мүддесіне де
қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шараушылықты
ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің
экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және
дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше
бір философиясы бар екенін айтуымызға болады. Кәсіпкерлік
философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен өзгеріп
тұрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып
келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп
тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр
нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінң
мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық,
саяси, технологиялық, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда
оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген
жағдайларға
дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты
әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын
шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет
ету» режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік
типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық