Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет29/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95

92
іс-әрекеттерді  жүзеге  асыруға  құқықылы.  Кәсіпкерлер  қызметінің 
барысы, заңға қайшылық етпесе, шектелмейді. Олар: Кәсіпкерлер 
Конгресі,  Қазақстан  өнеркәсіпшілері  мен  кәсіпкерлерінің  Одағы, 
Шағын кәсіпорындар Одағы және т.б. Кәсіпкер жұмысқа кез келген 
адамды тарта алады, осы қатынасын шарт арқылы бекітеді. Бұл кезде 
оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі 
тиіс,  сонымен  қатар  басқа  әлеуметтік-экономикалық  кепілдіктер 
ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен өзара қарым-қатынасы  да белгіленген. 
Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер 
ету механизмінің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа 
түседі. Ол тұтқалар мыналар:

  салық  және  қаржылық-несиелік  саясат,  соның  ішінде 
экономикалық  санкция  (салық  мөлшерлемелері,  несие  бойынша 
пайыз, т.б.) шаралары;

  баға белгілеу саясатын реттеу;

  монополияға қарсы заңдылық;

  мемлекеттік мүлік және резерв жүйесі, лицензия, лизинг;

  сыртқы сауда және валюта саясаты;

  мемлекеттік тапсырыстар;

  ғылыми-техникалық,  экономикалық  және  әлеуметтік 
бағдарламалар.
Республика  кәсіпкерлерінің  бар  көңілі  мен  энергиясы  белгілі 
бір  нақты  нәтижелерге  бағытталуы  тиіс.  Олар  мынадай  сипатты 
белгілерге ие болады:

  шешімдерді өз бетімен қабылдау;

  жаңалықтарға икемді болу;

  бизнеске белсенді қатысу;

  жаңалықтарды батыл енгізу.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1996  жылғы  14 
маусымындағы  «Кәсіпкерлік  қызмет  бостандығына  мемлекеттік 
кепілдіктерді  іске  асыру  жөніндегі  қосымша  шаралар  туралы» 
Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау 
мен  қорғауды  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  органдардың  лауазым 
иелерінің  жеке  кәсіпкерлер  мен  заңды  тұлғалардың  қызметіне 
негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі 
өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және 


93
қаржылай  сауықтыру  үрдісі  жүргізілуде.  Ендігі  кезде  тұралаған 
кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дәрменсіздігін 
белгілеп, таратуға негіз салу маңызды.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке 
іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның 
мәртебесін  иеленбей-ақ,  өздігінен  іс-қимыл  жасайды.  Жеке 
кәсіпкерліктің  тағы  бір  түрі  –  жеке  кәсіпорын,  фирма.  Бизнестің 
мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл 
үшін  мемлекет  жеке  кәсіпорынды  тіркеуден  өткізіп,  заңды  тұлға 
мәртебесін береді.
15. Қазақстанда аймақтық басқару стратегиясы
Әлеуметтік-экономикалық дамуды 
басқарудағы аймақтардың стратегиясы  
Қазақстанда аймақтардың дамуына байланыста ҚР Президентінің 
арнайы  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейін 
аймақты дамыту Стратегиясы бар. Бұл стратегияда елдің аймақтық 
дамуының стратегиялық мына бағыттары анықталған: 

  аймақтық және әлемдік экономикада елдің тиімді ұстанымын 
әзірлеу және іске асыру;

  елдің тиімді аймақтық ұйымдары;

  аймақтарда тиімді экономикалық ұйым;

  территориялардың  экологиялық  жағдайын  жақсарту  және 
т.б. 
Мемлекеттік даму барысында аймақтардың және олардың билік 
ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып 
қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай 
көптеген жағдайлар әсер етеді:

  өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл 
атқаруы;

  аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;

  еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;

  аймақтардың  өндіріс  құрылымы  мен  инфрақұрылымының 
күрделене түсуі;

  территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен 
халықаралық маңызының артуының үдеуі.
Бұл  үрдістің  дамуы,  біріншіден,  мемлекет  пен  аймақтар 


94
арасында  басқару  функцияларын  қайта  бөлу,  қайта  қарастыру; 
екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-
өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік 
құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік 
инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді  мемлекеттің  аймақтық  саясатын  анықтай  түсу  өте 
қажетті  заңдылық.  Осы  саясаттың  негізгі  көрсеткіші  болып 
өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен 
шығармашылық  іскерлігі  есептеледі.  Тауар  өндіруші  түбінде  тек 
тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі 
керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың 
міндетті  түрдегі  жағдайлары  мыналар  болып  есептеледі:  өзін-өзі 
басқару,  серіктік  қалаудағы  бостандық,  өндіріс  құрал-жабдықтар 
рыногы,  валюталық  қаражат  және  басқа  элементтер.  Сонымен 
қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың 
ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды 
стандарттандыру  кейде  өктемдік  тәрізді  әсер  етіп,  ол  ұлттық 
өндірістің  тарихи  құндылықтарын  күйзелтуі  мүмкін.  Мысалы,  
аймақтық қағидаларды және экономикадағы ұлттық ерекшеліктерді 
тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтірді.  
Әрбір  мемлекетте  екі  түрлі  территориялық  құрылымдар  бар. 
Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі – аралық территориялық 
құрылымдар  және  соған  сәйкес,  билік  ететін  органдар  мен 
басқару. Екіншісі – ең төмендегі (негізгі) әкімшілік-территориялық 
құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық  басқару  органдарын  сипаттайтын  негізгі  белгі  – 
дербестік  өмір  сүру  мүмкіндігі.  Оның  шарты:  өзіне  қарасты 
(автономдық)  бюджет  және  территориялық  бөлімдерге  әкімшілік 
бақылау жүргізу.
Сонымен,  аралық  орган  дегеніміз  –  аймақтарды,  облыстарды 
басқаратын  органдар.  Олар  өз  қызметтерін  өз  территориясында 
мейлінше дербестік қағидалары негізінде жүргізуге тырысады. 
Жергілікті билік жүргізетін - ол төменгі әкімшілік орындар. Олар 
өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдарды қаражаттандырудың 
негізгі  үш  кіріс  көзі  бар:  салықтар  –  мемлекетке  міндетті  түрде 
қайтарылмайтын  төлемдер;  салықтық  емес  табыстар  –  басқа  да 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау