Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет21/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95

67
Сапаны  басқаруды  қалайша  жүзеге  асыруға  болады?  Бұған 
жауап:
«Жоспарла  –  жаса  –  тексер  –  әсер  ет»  формуласына  жүгіну 
керек. Бұл «басқару аясы» деп аталады. Ол дұрыс бағыт-бағдармен 
жүруге жәрдемдеседі. Басқару аясы алты сектордан тұрады, яғни іс-
шаралардың алты жиынтық кешені болып қолданылады.
1)  мақсаттар мен міндеттерді анықтау; 
2)  мақсатқа жету тәсілдерін анықтау;
3)  кадрларды оқыту мен даярлау;
4)  жұмысты орындау;
5)  орындалған жұмыс нәтижелерін тексеру;
6)  тиісті басқарушылық әсер етуді жүзеге асыру.
Сапаны қамтамасыз ету қағидалары мынадай: 

  Бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету.

  Өндірістік  процестерді  басқаруға  негізделген  сапаны 
қамтамасыз ету.

  Өнімнің  жаңа  түрлерін  жасау  сатысындағы  сапаны 
қамтамасыз ету.
Ғылым  мен  техниканың  алғы  шебінде  тұрған  Жапония 
фирмалары мынандай міндеттер қояды:
- фирманың өркендеуі мен беделін көтеру;
- барлық қызметкерлердің күш-жігерлерін біріктіру, міндеттерді 
шешуге түгел қатысу, үйлесімді іс-әрекет жасайтын жүйе құру;
- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу;
-  жаңа  өнімді  жасауға  деген  шығармашылық  тәсіл  (бірегей 
технология);
- сапаны тиімді әкімшілік басқару;
- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр 
сабақтастығы;
- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.
Басты  қағида:  «Фирманың  бет-бейнесін  қызметкерлер 
анықтайды».  Жер-жерлерде  сапаны  қамтамасыз  ету  саясатын 
жүргізудің ең бәсекеге қабілетті формасы сапа үйірмелері (топтары) 
болып табылады.
Өнеркәсіптік жүйенің айрықша белгілерінің бірі – басқа елдердің 
тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын 
қолдану болып есептеледі.
Жапондық тәжірибеде ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында 


68
пайда бол-ған сапа үйірмелері ең ықпалды болып шықты.
Үйірмелерді құрудың қарапайымдылығы мен олардың жоғары 
тиімділігі өндіріске жақсы ықпал етті, батыстың жапон тәжірибесін 
көшіруге ниетін аударды (психологиялық ерекшеліктер басқаша).
Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі – ұжымдық жұмыс арқылы 
адами  қатынастарды  тереңдету  және  өндірістік  проблемаларды 
бірлесіп шешу.
Үйірме қызметінің негізінде үш қағида жатыр:
- өндірісті жетілдіруге өз үлесін қосу;
- жұмыс орнында жақсы қуанышты, көңілді рәуіш-күй жасау; 
- адамның шексіз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік 
беру.
Қазақстанда
сапаны басқару  
Сапа республикалық бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2000 ж.
7  наурыздағы  №367  «ҚР  Үкіметінің  2000-2002  жылдарға 
арналған жоспары туралы» қаулысына сәйкес жасалды.
Сапа  бағдарламасы  отандық  тауарлар  мен  көрсетілетін 
қызметтердің  сапасы  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру 
ауқымындағы  мемлекеттік  және  жергілікті  органдар  мен 
кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі.
Қазақстандық  кәсіпорындардың  жалпы  және  өзгеше  даму 
проблемалары бар.
Елде көптеген проблемалар қаралды, олардың ішінде мыналар 
бар:
- импортқа төмен төлемге қабілетті сұраныс;
- білікті кадрлардың кетуі;
- өндірістік сектордың тәуекелділік деңгейінің жоғарылығы;
- кен өндіру салаларының өңдеуші салалармен салыстырғанда 
артық болып, өнеркәсіп өндірісі құрылымының үйлеспеуі;
- өнім сапасының төмен деңгейі мен оның номенклатурасы тым 
сирек жаңғыртылуы.
Бағдарламаның басты мақсаты Республиканың кәсіпорындарына 
сапа жүйесін енгізу мен тауарлардың, жұмыстың және көрсетілетін 
қызметтің сапасын жақсарту болып табылады.
Сапа бағдарламасының негізгі міндеттері мыналар:
- тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырып, болжанатын 


69
өткізу  нарығы  стандарттарының  тиісті  талаптарына  сай,  ішкі 
және сыртқы нарықта сапалы және бәсекеге қабілетті тауарларды, 
жұмыстарды  және  көрсетілетін  қызметтерді  жобалау  мен  өндіру 
үшін жағдайлар жасау;
-  шет  елдермен  сауда  жасағанда  кезігетін  технологиялық 
кедергілерді  болдырмау  арқылы  отандық  тауар  шығарушылардың 
экспорттық  әлеуетін  арттыруға  ықпал  ету  және  осы  негізде 
Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігіп-кірігу (интеграциялану) 
мәселелерін шешу;
-  сала  мен  тауарлардың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға 
мүмкіндік беретін  құқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасау.
- сапа ауқымындағы мөлшерлік құқықтық базаны жетілдіру.
Бағдарлама  сапалы  өнім  шығаратын  (қызмет  көрсетін)  тауар 
өндірушілердің  экономикалық  мүдделеріне  және  мемлекеттік 
реттелуін ұтымды үйлестіру принциптеріне негізделеді.
Сапа  ауқымындағы  мемлекеттік  басқару    республикада 
мөлшерлік  құқықтық,  экономикалық  және  ұйымдастыру-бөлу 
әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асуы тиіс, бұл әрекет 
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін аса маңызды.
Сапа  төңірегіндегі  мемлекеттік  басқарудың  экономикалық 
формалары  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  іс-әрекетін 
ынталандыру  арқылы  және  шығарылатын  өнім  мен  көрсетілетін 
қызметтің  сапасын  жақсарту,  өндірушілер  мен  сатушылардың 
сапасыз өнім шығару мен сату үшін экономикалық жауапкершілігін 
арттыру жолымен орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру-бөлу 
формалары 
мемлекеттік 
басқару 
органдарынан  өздерінің  өкілеттіліктеріне  орай  өнім  сапасы  мен 
бәсекеге  мүмкіншілігін  арттыру,  халықтың  сапа  ауқымындағы 
ақпаратын  және  тауардың,  жұмыстың,  көрсетілетін  қызметтің 
тұтыну  ерекшеліктерін  арттыру  жөніндегі  жұмысқа  қатысуын 
қамтамасыз етуі тиіс.
Сапа  нарықтық  бәсеке  жағдайында  қам-қарекет  жасаудың 
жалғыз  жолы  екендігін  мойындаған  кәсіпорындар  өздерінің  сапа 
жүйелерін жасауда және сапаға жұмсалған күш-жігер, қаражаттан 
қайтарым ала бастайды.
Тауар  және  жұмыс,  көрсетілетін  қызметтің  сапа  мәселелерін 
шешетін  тиімді  құралдары  –  стандарттау,  метрология  мен 
сертификаттау мемлекет қолында.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау