61
мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
- Саланы басқарудың міндетті қызмет аясының құрылымы
дамыған және басқарудың жеке буындары арасындағы
операциялардың бірқатарын бөлу кезінде функционалды аралық
және анық функционалды ұйымдастырушылық және өндірістік
атқару құрылымдары буындарының іс-әрекетін үйлестіру қажет.
- Басқарудың дәстүрлі жүйесін қолдану сапаны басқару істерінің
шағын номенклатурасында ақталады және міндетті іс құрамын
ұлғайту қажет болғанда тиімділігі мардымсыз болады.
- Көптеген жағдайларда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін
осы функцияны орындауға үшін мамандандырылған қызмет құруды
қарастыратын матрицалық түрдегі басқарудың проблемалық-
мақсаттық әдісті қолданған жөн.
Сапаға
қойылатын талаптар
Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады.
Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған
сайын өндіріс тиімдірек болады. Сапа қайсыбір өндіріс (бөлімнің
және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы
болып саналмайды. Сапа – шын мәнісінде бар¬шаның және әркімнің
мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен
талаптарды сақтау қажет.
А. Жағдайлар.
•
тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде
қарау;
•
басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін
енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;
•
кемелге келу шексіз деген сенім.
•
олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі ал¬дын
алған жөн;
•
мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;
•
ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-
қалпы (стандарттары);
•
фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де,
жекеше түрде де қатысуы;
•
адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;
62
•
жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл
сенім;
•
еңбекті мойындап, қадірлеу.
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке
жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. Сапа материалдық
ресурстарды үнемдеуді мүмкін етеді сапа нәтижесінде, өйткені
өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады. Сонымен қатар, ол – бәсекеге
деген мүмкіншіліктің негізі.
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы
талаптарын қанағаттандыру деңгейі.
Б. Талаптар мынаған қойылады:
•
бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;
•
өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
•
сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі басқару
жүйесіне;
•
сапаны технологиялық процесте қамтамасыз етуге;
•
сапаны қолдау жүйесін ішкі фирмалық бақылауда ұстауға.
Тауар сапасының
көрсеткіштер жүйесі
Стратегиялық басқарудағы өзекті мәселелердің бірі тауарды
нақтылы сипаттайтын көрсеткіштерін білу. Олардың саны көп.
Сондықтан оларды топтастырып барып жіктемесін келтіру керек.
Бірінші деңгейде – интегралдық көрсеткіш немесе пайдалы әсер;
екінші деңгейде – талдап қорытатын көрсеткіштер; үшінші деңгейде
– қорытынды немесе жеке көрсеткіштер; төртінші деңгей – жеке,
бесінші деңгейде – тауардың жеке көрсеткіштеріне әсер ететін
факторлар.
Сапаның екінші деңгейдегі көрсеткіштеріне мыналар жатады:
1) тауарды белгілеу көрсеткіштері. Бұлар тауарды нақтылы рынокта
өз белгісіне қарай пайдалануын сипаттайды; 2) тауарға сенімділік
– күрделі қасиет (тән). Бұл жерде тауардың тоқтаусыз жұмыс
істеуі, сақтаулық (орнықты) және ұзақ қызмет етуі анықталады;
3) тауарды пайдаланудағы экологиялық тазалық және қауіпсіздік;
4) тауардың эргономикалық көрсеткіштері. Сапаның эргономикалық
көрсеткіштері жұмыскерлерге және пайдаланатын бұйымдарға әсер
ететін барлық факторларды қамтиды; 5) тауардың технологиялық
көрсеткіштері объектінің өндірістік, транспорттық, техникалық
63
процесін қамтиды; 6) тауардың эстетикалығы (әдемілігі, сыртқы
түрі, адамға психологиялық әсері); 7) объектінің стандартталу және
қосылушылық көрсеткіштері; 8) объектінің патенттік-құқықтық
көрсеткіштері және т.с.с. көрсеткіштер.
Келтірілген көрсеткіштер топтарынан басқа сапа стратегиясын
басқаруда тұтынушылар сервисінің көрсеткіштер жүйесі нақтылы
рынокта қолданылады (тауардың сапасы, тауардың бағасы, тауарды
пайдалану аясындағы шығындар және т.б.).
Тәжірибеде, әсіресе өндірісте жиі қолданатын сапа
көрсеткіштерінің басқада жіктемелері бар.
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
- нақты ұстанымдар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:
•
ақау мен түзетулердің көлемі;
•
жұмыс жүктемесіндегі қателер;
•
жарамсыз деп табылған бұйымдар пайызы.
Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету.
•
сапасыз жасалған тауарлар тобының пайызы.
•
құрылымды өзгерту мөлшері.
•
есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.
•
түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.
Үшінші топ – бухгалтерлік есеп:
•
мерзімі өткен төлемдер пайызы;
•
жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;
•
төлем тізімдемесіндегі қателер;
•
ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.
Төртінші топ – маркетинг:
•
болжамдық жорамалдың дәлдігі;
•
қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;
•
мәмілелердегі қателер;
•
ақпарат алу уақыты.
Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету:
•
график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны;
•
бағдарламадан табылған қателер;
•
мәтінде өзгертілгендердің саны;
•
ақпаратты алу уақыты.
Достарыңызбен бөлісу: |