2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң Қр тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген



жүктеу 14,75 Kb.
Дата14.03.2023
өлшемі14,75 Kb.
#41759
2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым


2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының негізгі себептері мен мақсаттары және міндеттері қандай? Мұғалімнің білігі мен беделін арттырудағы аталмыш Заңның рөлі қандай болмақ? Бұл туралы толығырақ Рrimeminister.kz шолу материалында. 
«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Bіlіm jáne gylym!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген. 
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 21 баптан тұрады және еліміздегі 500 мыңнан астам педагогтің мүдделерін қорғауды көздейді. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтеріне қатысты талаптарды қамтиды.
Заң жобасын талқылау мақсатында «Білімді ел – Образованная страна» сайтында арнайы электрондық пошта ашылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде педагогикалық және сараптамалық қауымдастықпен талқылаулар жүргізді. 2018 жылғы 20 қазаннан бастап электрондық поштаға қоғамдық қауымдастықтан және педагогтер ұжымынан 8 633 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде 2 399 ұсыныс bilimdinews.kz сайтында орналастырылды. 
Сонымен қатар бұл заң түрлі алаңдарда - ЖОО-ларда, білім беру ұйымдарында және ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде талқыланды. 
Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды, оның ішінде педагог қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған. Бұл ретте, педагог этикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, әрбір білім беру мекемесінде Әдеп жөніндегі кеңес қызметі енгізілуде. 
жүктеу 14,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау