64
Алтыншы топ – сатып алу қызметі:
•
артық қорлар.
•
материал алу циклінің уақыты;
•
материалдардың жетіспеушілігі салдарынан өндіріс¬тегі
іркілістер .
Ә. Нақты ұстаным бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
Машиналардың сапасы – техникалық (қуаттылық, дәлдік,
ресурстардың үлестік шығысы) сенімділігі; эргономикалық
(қолайлылығы, автоматтандырылу, қауіпсіздік); эстетикалық;
экономикалық көрсеткіштер.
Жоба сапасы – сату кезінде жасалған түзетулер мөлшері.
Технология сапасы – бұрмалаулар саны.
Өнім сапасы – өндірістік; тұтынушылық; экономикалық.
Нарықтық экономика жағдайында өнім (тауар) сапасының
көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді
қанағаттандырумен тығыз байланысты. Сондықтан, өнімнің
сапасы оның жиынтық қасиеттері ретінде анықталады және
оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға
себепкер болады.
Өнімге тән қасиеттерді сан жағынан бағалау сапа
көрсеткіштерімен көрсетіледі. Әдетте өнім сапасы көрсеткіштердің
он тобынан қалыптасады:
- белгіленген мақсаттарынан;
- сенімділігінен;
- технологиялық жағынан;
- стандарттау және сәйкестендіру (унификация);
- эргономикалық және эстетикалық жағынан;
- тасымалдауға қолайлылығымен;
- патентті және құқықтық;
- экологиялық жағынан;
- қауіпсіздік тұрғысынан.
Алғашқы сегіз көрсеткіш, олардың сандық сипаты тұтынушы
мен өнімді дайындаушы арасындағы келісім – шарт арқауы болса,
ал кейінгі екеуі – қауіпсіздік пен экологиялық – барлық елдерде
ұлттық және халықаралық стандарттармен реттеледі және оларды
сақтау міндетті.
Экономикалық көрсеткіштер өнімнің маңызды сипаты болып
табылады және сапа мен шығындарды салыстырумен бейнеленеді.
65
,
i
i
T
E
Q
C
Κ =
мұнда,
i
Κ
– сапаның интегралды көрсеткіші;
i
Q
– өнімнің сапасы;
T
E
C
– сапа үшін шыққан шығындар, бұған сату бағасы,
бұйымның қызмет еткен барлық мерзімі ішіндегі пайдалану
бойынша шығындар (құндық бейнеленуі – теңге, сом.) жатады.
Сапа мәселесінің көкейкесті болу себебі, қазіргі заманғы әлемде
ол кәсіпорын жұмысының басты көрсеткішіне айналды. Жұмыстың
сапа жағынан нәтижелілігі кәсіпорынның нарық жағдайында
қалайша тіршілік етуін, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын,
өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында пайдаланылатын
ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуді анықтайды.
Өнім сапасы бойынша жұмыс – әлемнің жетекші фирмаларының
іс-әрекетіне тән белгі.
Тауар сапасын көтеру
стратегиясын болжау
Р. А. Фатхутдиновтың пайымдауы бойынша тауардың
сапасын көтеру стратегиясы фирма стратегиясының өте маңызды
бөлігі болып табылады. Бұл болжау стратегиясының кезеңдері
төмендегідей:
•
осы тауардың рыногы бойынша маркетингтік зерттеу
жүргізу, бәсеке заңдарының әрекеттік тетіктерін зерттеу;
•
тауардың маңызды көрсеткіштері бойынша проблемаларды
анықтау және жүйелі талдау жүргізу;
•
ақпаратты іздеу және өңдеу;
•
тауардың сапасын көтеру стратегиясын болжау үшін
салыстыру базасын таңдау;
•
проблеманы шешу үшін ресурстармен қамтамасыз етуге
мүмкіндіктерді анықтау;
•
тауардың сапасын көтеру үшін болжамдарды әзірлеу мен
дәлелдеу;
•
тауардың сапасын көтеру стратегиясының болжау
құжаттарын рәсімдеу.
Осы келтірілген болжау стратегиясының кезеңдері басқару
тәжірибесінде өз орындары бар және сол стратегиялық процесте, өз
66
деңгейінде, шешуші рөл атқарады.
Сапаны басқарудың
шетелдік тәжірибесі
Сапа мәселесінің барлық маңызын ең алдымен Жапония
экономистері түсінді. Жапондық өнімнің жоғары сапасына жету
жолындағы қозғалыстың негізін салушылардың бірі профессор
Каору Исикава «Сападан үнемдеуге болмайтындығын, өйткені
сапаның өзі үнем екендігін» атап көрсетті. Доктор Исикава сапаны
басқару әдістері негізінде барлық жерде бірдей және бір қағидалар
әр түрлі салаларда және әр түрлі елдерде қолда¬нылуы мүмкін деп
есептейді.
Басқарудың жапондық жүйе әдістерін екі негізгі топқа бөліп
қарастыруға болады: біріншісі – іс жүргізудегі мәселелерге қатысты,
екіншісі – өнім сапасы проблемаларына қатысты.
Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат
деңгейіне көтерілген. Негізгі көңіл жұмыс орнында сапаны
бақылайтын адамдармен бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды
(жұмысшыларды) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту
үшін жасалды. Жапонияда жұмысшылар күрделі статистикалық
әдістерді қолдануға қолы жетіп қоймай, оларды сапа проблемасы –
әрбір жапондықтың проблемасы деп нан¬дырып, көздерін жеткізе
алды.
Сапаны басқарудың жапондық үлгісі – барлық фирмаларда
президенттен бастап қатардағы қызметкерлерге дейін орындайтын
сапаны қамтамасыз ететін, біртұтас процесс болып табылады.
1967ж. тұжырымдалған сапаны басқарудың жапондық жүйесінің
ерекшеліктері әлі күнге дейін биік деңгейден көрініп, көптеген
жүйелерге негіз болып отыр. Олар мыналар:
•
сапаны фирма деңгейінде баршаны қамтып басқару, бұған
барлық қызметкерлердің түгел қатысуы;
•
сапаны басқару ауқымында кадрлардың біліктілігін
арт¬тыру мен дайындық;
•
сапа төңірегіндегі қызмет;
•
сапаны басқару жөніндегі іс-әрекетті бағалау мен тексеру;
•
статистикалық әдістерді қолдану;
•
сапаны бақылау жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама.
Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде.
Достарыңызбен бөлісу: |