Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет40/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95

125
кейін  ұлғаяды  (немесе,  тым  болмаса,  кемімейді  және  кез  келген 
жағдайда қарыздық қаражат бойынша орташа есептік мөлшерлемені 
(яғни,  қаржылық  тетіктің  дифференциациясы  жағымды  болады) 
көтереді;
5)  қаралатын  жоба  шығын  қайтарылатын  мерзім,  өндірістің 
ұтымды  ассортименттік  құрылымын  қалыптастыру  және  т.б. 
тұрғысынан кәсіпорынның стратегиялық жүйесіне сай келеді.
Қай  кәсіпорынның  болса  да  басты  өлшем-белгілерін  анықтау 
өзінше  дара.  Ол  сол  кезеңде  көзделетін  стратегиялық  қаржылық 
мақсаттарға байланысты.
Қаржылық менеджмент стратегиясының міндетті қызметтерінің 
бірі – инвестициялық жобаны талдау. Бұрыннан белгілі, инвестиция 
–  уақыт  жағынан  ұзаққа  созылатын  процесс.  Бұл  қаржылық 
менеджерге  инвестициялық  жобаларды  талдау  кезінде  бірқатар 
жағдайларды ескеру қажеттігін еріксіз еске салады:
-  біріншіден,  жобалардың  тәуекелшілдігі,  өйткені  қайтарым-
дылық мерзімі ұзақ болған сайын жоба тәуекелді бола түседі;
- екіншіден, ақшаның уақытша құнын, өйткені уақыт өте келе 
ақша өзінің құндылығын өзгертеді;
-  үшіншіден,  жобалар  кәсіпорын  акционерлерінің  мүлкі 
мен  кірістерін  ең  көп  шамаға  жеткізу  жағынан  алғанда,  қаржы 
салымының баламалы мүмкіндіктерімен салыстырғанда, тартымды-
ақ.
Нақ  сол  инвестициялық  саясаттың  көмегі  арқылы  кәсіпорын 
өзінің  мүмкіндіктерін  экономикалық  дамудың  ұзақ  мерзімді 
тенденциялары мен оларға бейімделуді болжауға (алдын ала білуге) 
орай жүзеге асырады.
Банктегі 
стратегиялық менеджмент  
Банктің стратегиялық жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау 
деп ағымдағы және келешектегі жоспарларын және олардың уақтылы 
орындалуын бақылау деп айтамыз. Банктердің көпшілігінде басқару 
процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:
а)  жоғары басшылық;
б)  бөлімше басшылары;
в)  мамандандырылған функционалды бөлімдердің басшылары.
Стратегиялық  жоспарлар,  әдетте,  3–5  жыл  мерзімге  дейін 


126
құрылады.
Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:
- банктің жалпы стратегиясын сарапшылар тобы әзірлейді және 
алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, 
қолдауы тиіс;
-  стратегия  жасап  шығару  барысында  нақтылы  іске  асатын 
мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
- ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
- қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді 
даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
- стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі;
- негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;
-  жоғары  басшылық  тарапынан  стратегиялық  жоспарлар¬дың 
орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады.
Банктегі қаржылық менеджмент мыналарды басқарады:
- банктің меншікті капиталын;
- активтерін;
- қарыздың (заем) қаражатын;
- пассивтерін;
- таза табысты;
- инвестициялық портфельді;
- коммерциялық банктің өтемпаздығы.
Меншікті  капитал  –  АҚ,  не  болмаса  ЖШС  (жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің 
қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырамас 
бөлігі.  Меншікті  капиталды  жарғылық  қор  түрінде  қалыптастыру 
дегеніміз – коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы 
ізашар, міндетті түрде болатын кезең.
Меншікті капиталды басқару сапасы былайша бағаланады:
а)  тартылған  капиталдың  (облигациялар,  ұзақ  мерзімді 
сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен 
аспауы тиіс);
ә)  дивиденд  төлемдерін  ұқсас  банктер  тобы  бойынша  тиісті 
орташа көрсеткіштермен салыстырумен жүргізеді.
Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін 
бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:
- банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
-  I  және  II  деңгейдегі  капитал  арасындағы  арақатынас  (негізгі 


127
және екінші реттегі);
- тәуекелді ескеріп, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы 
ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
- «левередж» коэффициенті;
- жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
- активтердің сапасы.
Отандық  тәжірибеде  банктің  меншікті  капиталына  мыналар 
кіреді:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- әр түрлі қорлар;
- ағымдағы жылдың таза табысы.
Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір 
бөлігін құрайды.
Активтерді басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;
- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);
- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру;
- активтердің табысты болуын қалау.
Басқару  жүйесіндегі  коммерциялық  банк.  Стратегиялық 
менеджмент  коммерциялық  банкті  басқару  мәселелерін  қаржы 
нарығының объектісі ретінде қамтиды.
Отандық  банк  жүйесін  реформалау  процесі  елдің  қаржылық 
секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 
жылдың  1  қаңтарында  Қазақстанда  жұмыс  істейтін  банк¬тердің 
жалпы саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік – 2.
2002 жылдың ішінде банктердің жиынтық мемлекеттік капиталы 
32%-ға (37,9 млрд теңге) асты және 161,2 млрд теңгені құрады. Банк 
капиталдануының айтарлықтай өсуі жалпы банк жүйесінің баянды 
тұрақтылығының артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 
1  қаңтарында  33  банктің  жиынтық  меншікті  капиталы  1  млрд 
теңгеге тең болды немесе артты. Капиталдандыру мен банктердің 
ресурстық базасының өсуі жағ-дайында депозиттердің едәуір түсімі 
есебінен банк активтерінің ұлғаюы жалғаса береді. 2002 ж. ішінде 
банктің  жиынтық  активтері  40,2%-ке  өсті  және  1145  млрд  теңге 
сомасын құрады.
Республикада  банк  жүйесінің  нығаюы  мен  қаржылық  қызмет 
көрсететін  қазақстандық  сатушылардың  тұтынушыларының 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау