113
әлеуметтік, экололгиялық және саясаттық даму аспектілерін өмірдің
сапасын көтеру және елдің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету.
Тұжырымдамада белгіленген даму мақсаттарының параметрлері
жалпы елді, салаларды, аймақтарды дамыту үшін индикативтік
жоспарлаудың негізі болу керек. Елдің тұрақты дамуға өту үшін
қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді қажет етеді.
Бұл құжатта тәжірибеде алғашқы рет санатты белгілер,
тапсырмалар анықталған: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық
дамудың мүдделі мақсаттары.
Бұрын соңды болмаған тәсіл ұсынылған. Не өндірілседе
барлығын энергетикалық параметрлерге ауыстыру және бірінші рет
жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу үшін ақша өлшемінен бас тарту.
Тұрақты дамуға көшу кезеңдері. Қазақстан Республикасы
үшін тұрақты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Ол
үлкен тұрақты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемде
анықталған. Мысалы, Қазақстанның тұрақты дамуға көшуін
белгіленген өлшемдерге бағалау (2005-2024ж.ж.) халық саны (млн.
адам) 15.05-18.18. өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жыл) 65.91-73.14;
қуатты өндіру (ағымдағы жылы) гвт 29.40-248.24; ресурстарды
пайдалану тиімділігі (РПТ) 0.31-0.53; қоршаған табиғи ортаны
сапасы 0.91-0.95.
Бұл келтірілген көрсеткіштер нақтылы стратегиялық
болашақты анық сипаттайды және оларды орындауда стратегиялық
менеджменттің рөлін асыра түседі.
Аталмыш үдерістерді іске асыру мерзімі мынадай кезеңдерден
тұрады:
•
Дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) – тұрақты даму
қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына
енгізу, экономиканы әртарптандыру, технологиялық алға өсуді
жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
•
Бірінші кезең (2010-2012 жылдар) – Қазақстан
Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіруін қамтамасыз ету.
•
Екінші кезең (2013-2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі
бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің
жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану
салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің
экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
114
•
Үшінші кезең (2019-2024 жылдар) – тұрақты дамудың
қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
Тұжырымдамада
көзделген
стратегиялық
бағыттарды
жүзеге асыру үшін мынандай қағидаттарды, басымдылықтарды,
мақсаттарды басшылыққа алу қажет.
Қағидаттар: бүкіл қоғамды тұрақты дамуға қол жеткізу процесіне
тарту; тұрақты даму үшін саяси негіз жасау; мекемеаралық
ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың
негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу
тиімділігін арттыру; ел экономикасына жоғары технологияларды
белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық прогреске қол жеткізу;
ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру; ғылым мен білім
берудің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету және т.б.
Басымдылықтар:
•
өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;
•
жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;
•
тұрақты көлік жүйелерін дамыту;
•
энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;
•
тұрақты дамудың өңірлік проблемалары;
•
халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және
көптеген басқа басымдылықтар.
Мақсат: өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді
келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің Қазақстан
Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық
даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.
Индустриалды-инновациялық
даму Стратегиясы
Индикативтік жоспарлаудың стратегиясы өзінің құрамына 2003-
2015 жылдарда экономиканың басты бағыты ретінде инновациялық
даму Стратегиясында қосады. Қазіргі әлемде мемлекеттер даму
жолының үш негізгі үлгісі бар: инновациялық; технологтялық және
шикізаттық.
Мемлекет инновациялық үлгімен дамуды қаласа бірінші орынға
жаңа білім өндіруді қояды: негізделген ғылыми зерттеулерден
басталатын ноу-хау. Осы негізде шығарылған тауар бірегей болып
есептеледі, сондықтан әлемде ең қымбат болады.
Технологиялық үлгі шеңберінде ақша жаңа үдерістерге
115
және өнімдерге салынады. Бұл үлгілер «бөтен» негізделінген
зерттеулерге сүйенеді. Мұндай жағдайда инновациялық үлгіге
қарағанда қайтарымдық өте тез, бірақ инновациялық экономикасы
бар дамыған елдерден асып түсу мүмкін емес. Технологиялық үлгі
ноу-хауы бар шетелдерден экономикалық тәуелдікке алып келеді
және әлемдік дамуда екінші эшелонда қала беруге мәжбүр етеді.
Шикізаттық үлгіде негізгі көңіл шикізатты экспортқа шығаруға
бөлінеді. Дамудың бұл жолы қазір ең тиімсіз, экономиканы
тоқырауға, елді жоқшылыққа әкеледі.
Сонымен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикадағы
табыс тек жаңа білім мен технологиялық үдерістерді қамтамасыз
етеді. Осыдан былай қарай өңдірістің көлемі ғылым жетістіктерін
пайдаланбай-ақ ұлғайып жатады. Ол экономикалық өсу болып
есептелмейді. Экономистердің бұдан басқа да пікірі бар:
Өнеркәсіпте пайданы тек арзан жұмыс күшін пайдалану арқылы
алатын дәуір бітуге айналды. Қазіргі уақытта табысқа қол жеткізу
үшін капиталды ең басты ресурсқа салу қажет – ол адам ресурсы.
Осылай болған жағдайда ғана экономика инновацияны жақсы
қабылдайды және іске асырады.
АҚШ-тың ғылымды қажетсінуі өнеркәсіп салаларының
жоғарғы психологиялық және бәсекеге қабілеттілік деңгейі
(аэрокосмостық, ақпараттылық, биотехнологиялық) негізінде
мемлекеттік ғылымды қолдаумен байланысты. Қазіргі АҚШ-тың
экономикалық саясаты жаңа технологияларды тиімді пайдалану
үшін жеке инвестицияларды тартуға негізделген. Адам факторы
америка экономикасының инновациялық мүмкіндіктерінің басты
шарты.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау шеңберінде инновациялық
сілкіністің (прорыв) стратегиялық бағдарламасы әзірленді. Оның
бастапқы кезеңі технологиялық кешеуілдеуді, негізгі салаларды
жаңғырту проблемаларын шешу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылы Инновациялық
қорды құрды және Республиканың инновациялық даму
бағдарламасын бекітті. Бұл жағдай білімді, ғылымды және өндірісті
біріктіру жолындағы нақтылы жасалған қадам. Республикада
(2003ж.) жүзден астам шағын кәсіпорындар мен өндірістер
ғылымды қажетсінетін өнімдер шығарумен айналысқан. Олардың
ішінде «Прогресс» АҚ атауға болады. Мұнда дәнді жан-жақты
Достарыңызбен бөлісу: |