|
Т. Н. Ермекова ф.ғ. к. Ғ. Б. Шойбекова
|
Дата | 04.02.2020 | өлшемі | 2,57 Mb. | | #28145 |
| Навигация по данной странице:
- Ф.ғ.д., проф.Т.Н. ЕРМЕКОВА
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІ БАСТАМАШЫЛАРЫ
- ҚАРАЛҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
- Саяси-экономикалық факторлар
- Әлеуметтік-лингвистикалық фактор
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АУЫСУҒА ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТОРЛАР (Түркия)
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ (түріктердің көзқарасымен)
- Q [Қ], W [дауыссызУ], Ŋ [Ң];
- TÜRK ULUSAL ALFABESİ
- [а], [ä], [e], [i], [o], [ö], [u], [ü], [y].
- ТҮРКІМЕН РЕФОРМАСЫНЫҢ КЕМШІЛІГІ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
- ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
- Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
- Ф.ғ.д., проф.Т.Н. ЕРМЕКОВА
- Ф.ғ.к. Ғ.Б. ШОЙБЕКОВА
- Магистр Ж.А. АБДУМАНАПОВА
- ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ӨТУДЕГІ ТҮРКИЯ МЕН ТҮРКМЕНСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БАСТАМАЛАРЫ
- Ең алғаш 1863 жылы әзербайжандық ғалым Фетхалы Ахунзада Осман патшасы Сұлтан Абдулмежитке Османлы мемлекетінде пайдаланылып жатқан түрікшенің, нақтырақ айтқанда, «османшының» арап әліпбиі және парсы тілі грамматикасынан жасақталғанын, қолданыстағы сөздердің не таза түрікше, не таза арабша немесе таза парсыша еместігін айта келе, бұл тілді оқып-жазудың қиындығына тоқталып, түрік тіліне ең қолайлы әліпби латын екенін жазған.
- 1926 жылы Мухаммед Гельдиев Баку қаласында өткен әліпби ауыстыру туралы конференцияға қатысады. Бұл конференцияда жадид жазуынан бас тартып, латын қарпіне көшу ұсынылады.
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІ БАСТАМАШЫЛАРЫ
- Түркия мемлекетінің Министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрады.
- ҚАРАЛҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
- Латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды.
- Жаңа грамматиканың жобасын жасайды.
- Бұл жобаларды қолданысқа енгізу жолдарын нақтылайды.
- 1991 жылы Түркіменстан тәуелсіздігін алды. Латын қарпіне қайта жол ашылып, халық қайта жазуын ауыстырды.
- 1993 жылдың 21 қаңтары күні Түркіменстан басшылығы жаңа латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойды.
- Сол кездегі президент Сапармұрат Ниязов 1993-1885 жылға дейін жаңа латын әліпбиіне көшіп біту қажет деген өз халқының алдына шарт қойды.
- Саяси-экономикалық факторлар
- Еуропаның ортасында отырған жаңа республиканың экономикасының қарқындап дамуы үшін көршілес батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуда латын негізді жазуға көшудің маңызы зор болды.
- Әлеуметтік-лингвистикалық фактор
- Түрік тілі дыбыстық жүйесіне икемсіз араб графикалы жазудан бас тартудың маңызын түсінді.
- Геосаяси фактор
- Еуропа мемлекеттерімен сан ғасырлық байланыс, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеген мемлекеттік ұстаным.
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АУЫСУҒА ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТОРЛАР (Түркия)
- 1. Әрбір әріптің бөлек таңбалануы (араб жазуында бірге жазылған).
- 2. Солдан оңға қарай жазылады (араб жазуында оңнан солға жазылған).
- 6. Латын графикалы жазу-сызу сауат ашушылар үшін әріп саны аз болуына байланысты ыңғайлы келді. Осылайша халқының 10-20 пайызы ғана араб жазуымен сауаттанған түрік халқы 29 қаріптен тұратын латынадаған әліпби негізінде аздаған жылдар ішінде сауаттылық деңгейі артты.
- 3. Түрік тілінің дыбыстық қорындағы дыбыстар ғана белгіленген (араб жазуында түрік тілінде жоқ, бірақ араб-парсы сөздеріндегі бөтен дыбыстарды да таңбаланған).
- 5. Экономикасының батыстық даму бағытына латын графикалы жазу тиімді болды.
- 4. Латын графикасына көшкен кезде түркі тілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды.
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ (түріктердің көзқарасымен)
- Жаңа әліпби жасалған тұста түрік әдеби тілінің жалпыхалықтық негізде қалыптаспағандығы мен түрік тілінің негізгі дыбыстық қорының толықтай айқындалмауы салдарынан қазіргі графикада жалпыхалықтық тілдің дыбыстық қорындағы үш негізгі дыбысты таңбалайтын әріптер әліпби жүйесіне енбей қалғандығы. Олар:
- Q [Қ], W [дауыссызУ], Ŋ [Ң];
- Қазіргідей ақпараттық технологияның дамуы сол кезеңде мардымсыз сипатта болғандықтан, араб графикасына негізделген сан ғасырлық мұралардың барлығын халықтың толықтай пайдалану мүмкіндігінің шектелуі.
- ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ (ТҮРКІМЕНДЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН)
- Түркімен ғалымдары да дәстүрлі араб жазуы әр түркі дыбысын толық бере алмайтынын байқады. Түркі тілдерінде араб тіліне қарағанда дауысты дыбыстар көптеу болды. Оларға қосымша таңба бере отырып, араб әліпбиі түркімен тілінің барлық дыбыстарының ерекшеліктерін толық бере алмады:
- [а], [ä], [e], [i], [o], [ö], [u], [ü], [y].
- Мухаммед Гельдиев, Мухамметгулу Атабаев и Дурду Гылыч секілді білімділер түркімен тілінің жадидше оқыту үшін өзбек, татар білімдарларынан оқыған болатын. Бұндай ой түркімен тілінің фонетикасына жақын таңбаларды алып, тілді сақтап қалу болатын.
- ТҮРКІМЕН РЕФОРМАСЫНЫҢ КЕМШІЛІГІ
- Түркімен халқының сауаттылығы тағы да бәсеңдей түсті. Жаңа әліпбиді үйрену – жазу, сызудың дамуын кешеуілдетті.
- Стихиялы түрде дайындықсыз латын әліпбиін қабылдау таңба мен емле ережелерінің жиі ауысуына алып келді. Әрі емле ережесі ескіріп қалып, 2 жыл сайын қайта жаңарып шығып отырды. Бұл, әрине, жаңа ғана тәй-тәй басып келе жатқан жас мемлекет үшін оңайға соқпады.
- Азық-түлік қаптамалары мен этикеткадағы жазулар, көшедегі нысандар атауы жиі-жиі ауысып, елді шатастыруға алып келді.
- Сондықтан бұрынғы кирилл әліпбиін қолдану да көрініс тапты. Бірақ қатал президент Сапармұрат Ниязовтың талапқойғыштығының арқасында кирилл әліпбиін қатар қолдану тоқтатылды.
- Латын графикасына өтудегі Түркия тәжірибесі зайырлы, демократиялы қоғамға тән сананың ашықтығы, түркітілдес мемлекеттердің ішінде алғашқылардың бірі және бұл графиканы табанды түрде ұстап тұруы арқылы өзге түркітілдес мемлекеттерге үлгі болуымен ерекшеленеді.
- Түркімен әліпбиі де кириллицадағы басы артық әріптерден тазарған ұлттық сипаттағы әліпби болды. Латыннегізді қазақ әліпбиінің басты ерекшелігі латын графикасына өткен мемелекеттер тәжірибесін мұқият зерделеп, таразылап келуінде.
- Ұзақ дайындықпен келсе де, әртүрлі пікір алшақтықтарының орын алуы графика ауыстыру ісінің таза лингвистикалық аспектісімен бірге, әлеуметтік, экономикалық т.т. факторларды шоғырландырып, кешенді құбылыс ретінде қарау қажеттігін дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|