123
2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің
ашықтығын арттыру;
3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
өнімділігінің өсуі, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы
ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай:
1) Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің
үлесі кемінде 13%-ды құрайды;
2) шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің
жиынтық өндірісінің кемінде 50%-ын құрайды;
3) өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есе
ұлғаяды;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге
ұлғаяды;
5) шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көлік
шығыстардың үлесі кемінде 15%-ға қысқарады;
6) ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25%-ға азаяды,
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20%-ға дейін ұлғаяды.
Үшінші бағыт – болашаққа салынған инвестициялар –
Қазақстанның адам ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде
арттыруға үшін қажетті шараларды қамтиды (білім, денсаулық
сақтау, еңбек ресурстары).
Экономикалық пайдалар болашақта жұмыс күшінің сапасы
мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру мен денсаулық
сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.
Үшінші бағыттағы еңбек ресурстарының санын ұлғайту үшін
мынандай стратегиялық мақсаттар қойылады: 2020 жылға қарай
Қазақстан халқы санының өсуі 10%-дан кем емес көрсеткішті
құрайтын болады; шетел жұмыс күшін қарастырудың мемлекеттік
квотасы шеңберінде иммигранттар арасында білікті мамандардың
өсуі – 50%-ға дейін қамтамасыз етіледі.
Төртінші түйінді бағыт (халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық). Бұл стратегияның мақсаттары 2020
жылға қарай:
а) жұмыссыздық 5%-дан
төмен деңгейде болады;
б) халық арасындағы жұмыспен қамтамасыз етілген жоғары
санаты бар жұмыс күшінің үлес салмағы 50%-ға
дейін өседі;
124
в) ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық еңбек қатынастары
жүйесі 90-95%-ға
қамтамасыз етіледі;
г) зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының
барабар және әлеуметтік әділ
деңгейі қамтамасыз етіледі;
д) елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70%-ы
коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады.
Бесінші түйінді бағыт – ұлтаралық келісім, қауіпсіздік
халықаралық қатынастардың тұрақтылығы, ішкі тұрақтылықты
қолдау. Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен
келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын
сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді.
Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі бес түйінді бағыты негізгі
ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады.
Бұл стратегиялық жоспар елдің «Қазақстан-2030» бас
стратегиясының негізгі идеясын жүзеге асырудағы шешуші кезең
және соның нақтылы бағыттары мен көрсеткіштерін орындауда
ерекше рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар ол стратегиялық
басқару тек жәй болжамы ғана емес екенін және ол қамтитын
үдерістер мен үрдістер өмірдегі шынайы құбылыстар екенінің
айғағы.
19. Қаржы құрылымдарының стратегиясы
Қаржылық менеджмент
стратегиясының рөлі
Қаржылық менеджмент жөніндегі іс-әрекеттің ауқымы кең. Оның
ең басты саласы – инвестициялық саясат. Қаржылық менеджментті
тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір өлшем-белгілер керек.
Қаржыны өндіріске, құнды қағаздарға салу мынандай
жағдайларда инвестициялаудың өлшем-белгілері болып саналады:
1) бұл салымнан түсетін таза пайда қаржыны банк депози¬тіне
орналастырудан түсетін
таза пайдадан артса;
2) инвестицияның пайдалылығы инфляция деңгейінен жоғары
болса;
3) бұл жобаның уақыт факторы мен (ақшаның уақытша құны)
есепке алғандағы пайдалылығы балама жобалардың тиім¬ділігінен
жоғары болса;
4) кәсіпорын активтерінің тиімділігі жобаны іске асырған¬нан