Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет41/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95

128
мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда. Оларға 
мыналар жатады, мысалы:
-  халықтың  және  зейнетақы  қорларының  ақшалай  салымын 
1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан 
қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) 
(бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына 
айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
-  депозиттердің  (оның  ішінде  заттай  және  талап  етілгенге) 
кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
- 2000 ж. наурызында «ҚР банк құпиялары мәселелері жөніндегі 
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы» ҚР Заңын қабылдау.
Коммерциялық  банк  стратегиясын  құрудың  типтік  сызбасына 
мыналар кіреді:
а)  жалпы мақсат;
ә)  уақытша ауқым;
б)  стратегиялық  бағдар:  банктің  болашақтағы  рөлі;  басқару 
міндеттері;
в)  банк жағдайын талдау: банк мәртебесін бағалау; бәселестік 
ұстаным; тұтынушылармен қарым-қатынас; қаржылық жағдай;
г)  іс-әрекеттің  жаңа  ауқымын  игеруде  артықшылықтарды 
анықтау: жаңа қаржылық қызмет көрсету; жаңа қаржылық құралдар; 
жаңа тұтынушылар;
ғ)  жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;
д)  нақты каржылық міндеттерді анықтау;
е)  банктік әлеуеттің дамуы;
ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;
з) қосарланушы талдау жүргізу.
Коммерциялық  банктің  несиелік  операцияларын  басқаруға 
мыналар кіреді:
1)  несиелік қатынастар технологиясы;
2)  несиелік тәуекелділік.
Коммерциялық  банктің  пайдасын  басқарудың  құрамдас 
элементтері – бұлар:
- банк кірістерін басқару;
- банктің таза табысын қалыптастыруды бақылау;
- сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы 
мен таза табыс деңгейін бағалау;


129
- банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.
Коммерциялық  банктің  өтеу  алатындығы  (өтемпаздығы)  оның 
іс-әрекетіне  берілетін  сапалық  сипаттама  болып  табылады.  Ол 
коммерциялық  банктің  активтерді  ақшалай  қаражатқа  уақтылы 
және  шығынсыз  есебінен  салымшылардың  қажеттілік-тілектерін 
қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді.
Құнды қағаздар стратегиялық 
менеджмент институты ретінде 
Құнды  қағаздар  экономикалық  категория  ретінде  –  заңды 
мәртебеден гөрі, оның мүліктік жағдайына байланысты ерекшелікті 
әмбебап  тауар,  оны  қарызға  алып  немесе  инвестициялайтын  иесі 
кәсіпкерлік  кіріс  (дивиденд  немесе  пайыз)  алу  мүмкіндігіне  ие 
болады.
Құнды  қағаздардың  экономикалық  рөлі  –  ұдайы  өндірістік 
процестерді қаржыландыру үшін ұсақ жинақтарды шоғырландыру 
жолымен  ірі  инвестиция  жасауда.  Бұл  орайда  жекешелендіру 
құнды қағаздардың функционалды бағытталуын ерекше айқындап, 
олардың кейбірін алдыңғы қатарға шығарады.
Елдің  секъюритизациялау  (бағалы  қағаздарды  несие 
капиталының  жанама  құралы  ретінде  пайдалану  барысын 
кеңейту, сондай-ақ басқа құралдарға бағалы қағаздарға тән нысан 
беру)  саясатын  (тікелей  банктік  мемлекеттік  бюджетті  үкіметтің 
борыштық  міндеттемелерімен  ауыстыру,  оларды  коммерциялық 
банк  және  басқа  инвестор  арқылы  сату)  жүргізу  бағалы  қағаздар 
нарығын одан әрі дамыту үшін объективті алғышарттар жасайды. 
Нарықты  өнеркәсіптік,  көліктік,  құрылыстық  және  аграрлық 
кәсіпорындардың  ақцияларымен  толтыру,  инвестициялық  сапасы 
жағынан  ең  жақсы  бағалы  қағаздарды  іріктеу,  капиталдың 
материалдық  өндіріс  саласына  іс  жүзінде  қайтадан  құйылуы  – 
өркениетті  елдердегі  қаржы  нарықтарының  біртұтас  жүйесін 
қалыптастыру жолы осындай.
Құнды  қағаздың  төрт  бағасы  бар:  атаулы  (номиналды); 
баланстық;  жойылу;  биржалық  және  биржадан  тыс  айналымдағы 
бағамдық.
Стратегиялық  менеджментте  және  әсіресе  тәжірибеде  құнды 
қағаздардың  жіктелімдік  белгілері  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл 
жіктелім мынадай түрмен ұсынылады:


130
-  жүзеге  асқан  құқықтардың  сипаттамасы  бойынша:  міндетті-
құқылы  бағалы  қағаздар;  акционерлік  қоғамға  қатысу  құқығын 
растайтын сыртқы құқықтық құнды қағаздар;
- заңды деп тану (легитимизация) тәсілі бойынша: мәлімдеушілік; 
атаулы, ордерлік.
- кірістер тұрғысынан: тұрақты табыс бермейтін; тұрақты табыс 
беретін; пайызсыз;
-  эмитенттер  тұрғысынан:  мемлекеттік;  меншіктің  кез  келген 
түріндегі кәсіпорындар; қаржылық-инвестициялық институт, банк 
кәсіпорындары;
- эмиссия тұрғысынан: жаппай шығару (акционерлік қоғамның 
негізгі капиталын иелікке алу үшін);
- жеке шығару (міндеттемелерді жеке орындау).
Олар  бастапқы  салынған  капитал  үшін  кіріс  қалыптастыруға 
қатысу немесе талап ету құқығына ие болғандықтан, құнды қағаз 
деп аталады, сондықтан осыған байланысты активтерді бейнелейтін, 
оларды ауыстыратындар болып саналады.
Қазақстан  нарығында  айналатын  құнды  қағаздардың  негізгі 
түрлерінің бірі – акциялар. Олар акционерлік қоғам мүлкіне қосылған 
салымды айғақтайды және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу 
мен  дивидендтер  алуға  құқық  береді.  Үлестік  құнды  қағаздар 
салынған қаражатты қайтаруға кепіл бермейді.
Акцияны  құнды  қағаздар  ретінде  айқындау  Қазақстан 
Республикасы  Азаматтық  кодексінің  139-бабында  берілген.  Бұл 
бапта  былай  делінеді:  «...ұстаушының  (акционердің)  акционерлік 
қоғамның  дивидендтер  түріндегі  таза  табысының  бөлігін  алуға, 
акционерлік  қоғамның  істерін  басқаруға  қатысуға  және  оны 
таратқаннан  кейінгі  қалған  мүліктің  бөлігіне  құқығын  растайтын 
құнды қағаз акция болып танылады.»
Бұл анықтама акционерлік қоғам ақцияларының мынадай негізгі 
қасиеттерін атап көрсетеді:
1.  Акциялар  –  акционерлік  қоғамның  мүлкіне  меншіктілік 
дәрежесі,  ақция  шығару  –  қарыз  (заем)  емес  (облигациялар, 
депозиттік  және  жинақ  сертификаттары  және  т.б.),  акцияның 
ақырғы  өтеу  мерзімі  болмайды,  ақция  (классикалық  жағдайда)  – 
бұл өтелмейтін құнды қағаз (мәселен, облигацияға қарағанда).
2.  Шектеулі  жауапкершілік.  Инвестор  акцияға  салған  қаражат 
мөлшерінен  артық  ештеңе  жоғалтпайды.  Ол  тұтастай  алғанда 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау