Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет38/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95

119
жасайды.
Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті экономиканың 
шикізат  емес  секторында  жекеменшік  сектордың  бастамасын 
қаржылай  қолдау.  Ол  үшін  қордың  кәсіпорындардың  жарғылық 
капиталында  өз  үлесі  болу  керек.  Мұндай  жағдай  инвестордың 
жаңа  өндірістерді  ұйымдастыруға  көмек  ететінін  көрсетеді  және 
құнды қағаздар нарығын дамытады.
Қазақстан Даму банкі ұзақ мерзімді және орта мерзімді пайызы 
төмен  несие  берумен  жекеменшік  және  мемлекеттік  секторды 
қолдайды (инфрақұрылымдық жобалар). 
Инновациялық  қор  нарықтың  экономиканың  венчурлік 
функциясын ынталандырады. 
Бұл қордың құрылуы инновацияларды енгізу процесінде тиімді 
нарықтық  механизмнің  жоқтығын  білдірмей  мәселелерді  шеше 
береді.
Бәсекеге қабілетті 50 елдің 
қатарына кіру стратегиясы 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев 
Қазақстан халқына жолдауында жоғарыда келтірілген мәселелерді 
шешу үшін жеті басымдылықты көрсетті:
Бірінші  басымдылық.  Қазақстанның  әлемдік  экономикаға 
ойдағыдай  кіруі  –  елдің  экономикалық  дамуының  сапалық 
серпілісінің  негізі.  Бұған  мынадай  бағыттар  кіреді:  халықаралық 
маңызды «серпілістік» жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, 
әлемдік  нарықтың  белгілі  бір  тауашаларында  бәсекеге  қабілеттік 
бола  алатын  тауарлар  мен  қызметтерді  өндіру;  Қазақстанды 
экономикалық  жаңарту  мен  халықаралық  нарықтарда  бәсекеге 
қабілеттігін  нығайтудың  қосымша  құралы  ретінде  БСҰ-ға  (ВТО) 
кіру;  экспорттық-импорттық  несиелеуді  дамытуды  мемлекеттік 
қолдау;  ең  жоғары  халықаралық  стандарттарға  сай  келетін 
академиялық  орталықтар  мен  оқу  орындарын  құру;  осы  заманғы 
және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды 
дамыту;  табиғат  ресурстарын  пайдаланудың  ашық  саясатын  іске 
асыру және т.б.
Екінші  басымдылық.  Қазақстан  экономикасын  тұрақты 
экономикалық  өрлеудің  іргетасы  ретінде  одан  әрі  жаңарту 
мен  әртараптандыру.  Мұның  мынадай  бағыттарына  көңіл 


120
бөлу  қажет:  ақша-несие  саясаты;  қадағалау  тәртібі  мен  тиімді 
салық  саясаты;  экономиканың  отын-энергетика  және  өндіруші 
секторларының  тиімділігімен  экономикалық  қайтарым  деңгейін 
арттыру;  мемлекеттік  активтерді  тиімді  басқару;  нарықтық 
қағидаттар негізінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы 
экономикалық  өзара  қатынастардың  тиімділігін  арттыру; 
кәсіпкерлікке  кең  ауқымды  мемлекеттік  қолдауды  іске  асыру, 
шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту; өңірлік 
әлеуметтік  даму  мен  кәсіпкерлік  корпорацияларын  құру  есебінен 
экономикалық өркендеудің өңірлік дамыту қажеттігіне сай келетін 
аумақтық даму. 
Үшінші басымдылық. Халықтың неғұрлым «әлжуаз» (уязвимый) 
топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін 
осы  заманғы  әлеуметтік  саясат.  Бұл  басымдылықтар  қатарына 
мыналар жатады: халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау 
көрсету; әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика 
талаптарына  сай  қайта  бағдарлануы;  тұрғын  үй  құрылысы, 
денсаулық  сақтау,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  экологиялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; бизнес әлеуметтік жауапкершілігінің 
халықаралық стандарттарын енгізу; еңбек ресурстарын дамытудың 
тиімді жүйесін құру.
Төртінші  басымдылық.  Осы  заманғы  білім  беруді  дамыту, 
кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру 
және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі. Осы заманғы 
білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту. Адамның 
өмір бойы білім алуы үшін жағдай жасау.
Бесінші  басымдылық.  Демократияны  одан  әрі  дамыту  және 
саяси жүйені жақсарту. 
Алтыншы  басымдылық.  Осы  заманға  қауіп-қатерлер  мен  қыр 
көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стартегиясын іске 
асыру. 
Жетінші басымдылық. Қазақстанның мүдделерін, өнерлік және 
әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты 
сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру.
Жалпы бұл ұзақ мерзімді қамтитын стратегияны орындау, оның 
барлық  басымдылықтары  мен  бағыттарын  іске  асыру  тек  тиімді 
басқару әдістерін қажет етеді. Стратегияның негізгі мақсаттары көп 
жылдар бойы жүйелі түрде іске асу үшін индикативті жоспарлар, 


121
салалық  және  аймақтық  бағдарламалар  басқару  тәжірибесінде 
кеңінен қолдануы керек.
18. Қазақстан Республикасының 2020-шы жылға 
дейінгі стратегиялық даму жоспары
Бұл  жоспардың  Қазақстандағы  стратегиялық  менеджментте 
алатын орны ерекше. Бұл республиканың басқару жүйесінде екінші 
стратегиялық жоспар. 
АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан 
басталған  (2007ж.)  қаржы-экономикалық  дағдарыс  іс  жүзінде 
әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды. 2009-шы жылдың басында 
әлемдік  сауда  көлемінің  өсу  қарқыны  50-ден  астам  пайыздық 
тармаққа:  жылына  20  пайыздық  жылдық  өсімінен  30  пайыздық 
төмендеуге дейін азайды.
Жаһандық экономиканың дамуын бағалау, оны қалпына келтіру 
баяу жүреді дегенге негізделеді.
Таяу  он  жылдықта  азық-түлік  қауіпсіздігі  әлемдік 
қоғамдастықтың үнемі назар аударатын саласы болады. 
Ағымдағы  жаһандық  дағдарыс  әлемдік  экономикада  өзара 
байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін 
көрсетті.
Қазақстанның  2020-шы  жылға  дейінгі  стратегиялық 
менеджментінің  ерекшеліктері  жоспарда  көрсетілген  түйінді  бес 
бағытпен сипатталады.
Таяу  он  жылдықта  түйінді  бес  бағыт  мемлекет  қызметіндегі 
басымдылықтар болады:
1)  дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2)  инфрақұрылымды  индустрияландыру  мен  дамыту  арқылы 
әртараптандыруды  жеделдету  есебінен  экономиканың  тұрақты 
өсуін қамтамасыз ету;
3)  болашаққа салынған инвестициялар (тұрақты экономикалық 
өсуге, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және т.б.);
4)  халықты  сапалы  әлеуметтік  және  тұрғын  үй  коммуналдық 
қызметтермен қамтамасыз ету;
5)  ұлтаралық 
келісімді, 
қауіпсіздікті, 
халықаралық 
қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Келтірілген түйінді бағыттардың қысқаша сипаттамасы:


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау