95
барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер, займдар, т.б.); субсидиялар –
пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық
басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән
келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағынан қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының
ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық
рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде
нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы білінеді,
сонан кейін, аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілердің
жалпы ұлттық болмаса дүниежүзілік рынокпен ұштасумен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі – нарықтық факторлардың аймақтық
саралануы (дифференциация). Материалдық элементтер, ұйымдық
құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей
емес, олар әр түрлі болады. Аймақтарда өндіріс күштерінің
аймақтарды әр түрлі орналастырылуы мен дамуы, аймақтық
экономикада белгілі бір маңызды рөл атқаратын фактор болады.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану
жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру
қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік
тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі
керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз
ету, соның мүдделі пайдалануының бақылау тетіктерін әзірлеу;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың
нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып
білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға
мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен
дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық
аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа
режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі, оның ұйымдастырушылық
құрылымы өте күрделі аймақтық басқару объектісінің құрылымына
сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару объектісінің
көптеген қайшылықтары, жеке нышандары болады. Оларға
ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс
96
күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың
орналасу тығыздығы, көлік байланыстары және т.б. жатады.
Аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән.
Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін, басқаруды үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі
элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі – аймақтық басқару
объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық-мемлекеттік деңгей,
т.б.), екіншісі – оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі.
Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың
әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен тығыз
байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық
әдістерге көшу. Өйткені жергілікті өкімет органдарына көптеген
өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда, қаржының бірталай
үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік-
экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін
функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету
керек: а) аймақтық – салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және
өндірістік инфрақұрылымдарының дамуы, қоршаған ортаны қорғау
және т.б.); ә) салааралық байланыстар (салааралық өндірістің
дамуы, ресурстарды қайта пайдалану, өндірістік кооперация)
аймақтың шеңберінде; б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда
өндірісті дамыту (жоспарларды үйлестіру, олардың орындалуын
бақылау, халықтың тұтыну тауарларын өндіру).
Аймақтық
басқарудың ерекшеліктері
Республикалық өзін-өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей
жағдайларды енгізу қажет:
•
территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және
басымдықтар;
•
өзін-өзі басқарудың субъектілер жиынтығы, олардың
функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
•
өзін-өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс-
материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
97
•
экономикалық
кешеннің
тиімділігін
бағалайтын
көрсеткіштер;
•
мемлекеттік басқару мен территориялық өзін-өзі басқару
мәселелері үйлесімді болуы қажет.
Өзін-өзі басқарудың нәтижесі нақтылы территориядағы
тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейі және сол өңірдің
ұлттық табысқа қосқан үлесі. Осы екі өлшемнің біртұтастығы
территориялық басқарудың үйлесімді көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі
көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен
сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан
күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен.
Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу
әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды
пайдалана отырып, көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау
және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік,
саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы
мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару
шешім қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.
Осыған орай экономика ғылымының шұғылданатын
мәселесі: нақтылы облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы
шаруашылықтардың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып
табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер
етеді. Олар мыналар:
•
тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына
орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл
бөлінбеуі;
•
өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;
•
республикада жалпы экономика салалық негіздерінің
әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;
•
республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын
жаңадан жіктеу қажеттілігі. Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға
тікелей әсер етеді;
•
нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың
негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.
Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі – аймақтық басқаруға
бетбұрыс жасалуы. Мысалы, Үкіметтің 1996-1998 жылдары
қабылданған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |