Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет27/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95

86
маклерлік,  делдалдық,  жарнама,  қолданбалы  зерттеу  жұмыстары 
бойынша  қызмет  көрсетумен  қамтамасыз  етіліп,  белсенді  рөл 
атқарды. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, 
жеке  –  даралықтан  ұжымдық  іскерлікке  өтуге  бейім  тұрады.  Бұл 
жағдайда  ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер  
өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, 
кооперативтерде оның құрылтайшылары  мен қатысушылары құрал 
– жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. 
Жеке  кәсіпкерліктің  бұл  мүмкіндігі  бизнесті  дамытушы  күш, 
маңызды  фактор  болып  есептелінеді.  Сонымен  қатар,  ұжымдық 
бизнестің  көптеген  формалары  капиталдың  қосылуы,  ортақ 
меншіктің  құрылуы,  осы  бірігудің  барлық  мүлкіне  жауап  беретін 
заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру 
үшін  қажет.  Кәсіпкерлікті  дамыту  мынадай  сұраққа  жауап  іздеуі 
керек:  «Геосаясаттық  өзгерістер  іскерлік  белсенділікке  қандай 
әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында 
«стратегиялық көзқарассыз»  ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік  мәселелері  бүкіл  іскерлік  әлемді  толқытып  отыр. 
Сондықтан  да  1990  жылы  мамыр  айында  Вашингтонда  өткен 
стратегиялық  басқарудың    халықаралық  конференциясының 
леймотиві – «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» 
деп аталады.  Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, 
ұйымдастыруға,  технологияға,  өнімге  деген  жаңа  қадам  іздестіру 
туралы толғаныстар қарастырылады. 
Конференцияда  басты  назар  мына  мәселеге  аударылды: 
«Белсенді іс әрекеттер арасында»: 
1.  өз  қызметінің  стратегиялық  бағыт  бағдарын  жеке  түсіне 
білетін;
2.  уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз 
ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;
3.  ұйымдастырудың,  жұмыс  тәртібінің  тиімді  түрлерін, 
ресурстар  мен  жұмыскерлер  күш  жігерінің  тиімді  үйлесімін, 
арақатынасын таба білген;
4.  біріккен 
еңбек 
оның 
барлық 
қатысушыларын 
қанағаттандыратын корпорациялар жатады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға 
өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине, 


87
Қазақстанға да қатысты.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның 
бәсекелік  сипатын  қалыптастыруда  басты  күштерінің  бірі  болып 
табылады.  Кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  субъектінің  белгілі  бір 
дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын 
таңдауда  еріктігі,  қабылданатын  шешімдерге,  одан  туындайтын 
нәтижелерге  тәуекелдіктің  болуы  қажет.  Кәсіпкерлік  дамуы  үшін, 
оның  құқықтық  базасы,  әлеуметтік-экономикалық  шарттары 
қалануы  керек.  Республикамыздағы  кәсіпкерліктің  экономикалық 
мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шарауашылық қызмет 
еркіндігімен  кәсіпкерліктің  дамуы»  туралы  заңның  қабылдануы 
жол  ашты.  Бұл  заң  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік 
қызметінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық, 
экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Еркін  кәсіпкерлік  меншіктің  әр  түрлі  формада,  түрде,  типте 
болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен 
– кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың 
әдістері  бизнестің  немесе  кәсіпкерліктің  ұйымдық-құқықтық 
формасы  деп  аталады.  Нарықтық  қатынастарға  өтуге  халықты 
кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді 
жұмыс  істеуі  үшін  нарықтық  іс  басындағы  субъектілердің  толық 
өзін-өзі  басқаруы  мен  олардың  экономикалық  тәуелсіздігі  болуы 
қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-
құқықтық  құрылысы,  масштабы,  қызмет  ауқымы  жағынан  әр 
түрлі  болып  келеді.  Құқықтық  және  өндірістік  жағынан  алғанда 
олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық 
серіктестіктері,  акционерлік  қоғамдар,  өндірістік  кооперативтер, 
сондай-ақ  мемлекеттік  секторында  –  мемлекеттік  немесе  ұлттық 
және муниципалдық кәсіпорындар.
Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне 
қарай:  толық,  аралас,  шектеулі  болып  бөлінеді.  Акционерлік 
қоғамдар  –  бұл  жарғылық  капиталы  акцияларға  аударылған 
шаруашылық бірлестігі. Олар екі түрге бөлінеді: ашық және жабық 
түрдегі акционерлік қоғамдар.
Кәсіпорын  есейген  сайын,  оның  табысқа  жету  мүмкіндігі 
де  арта  түседі.  Басшысы  бір,  ұзақ  өмір  сүрген  кәсіпорын,  басқа 
кәсіпорындарға  қарағанда  жоғары  және  тұрақты  табыс  табады. 


88
Бизнес  субъектілерінің  сәтсіздікке  ұшырауы  кәсіпкерлердің 
дайындығы төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары 
жұмысты бірлесіп атқарса, онда тиімділік артады. Себебі бірлескен 
шешім  қабылдаудың  маңызы  өте  зор.  Бір  мезетте  пайда  болып, 
содан кейін жоқ болатын қоғамдық қажеттіліктерді тұрақты түрде 
іздестіру  және  оған  бейімделу  бизнес  стратегиясының  негізін 
құрайды. 
Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын 
сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, 
кәсіпкерлердің  үлкен  еңбегі  мен  тәжірибесіне  негізделеді. 
Кәсіпкерлік  өндірістің,  нарықтың  және  бүкіл  қоғамның  дамуына 
ықпал етеді.
Сонымен,  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік  – 
шаруашылық  қызметінің  маңызды  түрі.  Оның  рөлін  Адам  Смит 
былай  деп  бағалаған  болатын:  «Кәсіпкер  өз  мүддесін  өзі  үшін 
ұтымдылық  жағдайды  көздейді,  дей  тұрағанмен,  ол  мүддесіне  де 
қызмет  етеді».  Қазіргі  экономика  кәсіпкерлікті  шараушылықты 
ұйымдастырудың  түрі  ретінде  анықтайды.  Кәсіпкерлердің 
экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің  өздеріне  ғана  тән  ерекше  этикасы  және 
дүниетанымы  бар.  Бұл  жағдайға  қарап,  біз  кәсіпкерліктің  ерекше 
бір  философиясы  бар  екенін  айтуымызға  болады.  Кәсіпкерлік 
философиясы  өндіріс  пен  қоғамның  дамуының  әсерінен  өзгеріп 
тұрады.  Ал  кәсіпкерлік  философиясының  негізі  тұрақты  болып 
келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп 
тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр 
нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінң 
мінез-құлқы  әрқашанда  өзгермелі.  Егер  кәсіпкер  экономикалық, 
саяси,  технологиялық,  әлеуметтік  ортаға  бейімделе  алмаса,  онда 
оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген 
жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет. 
Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  реформалардың  түпкі  мақсаты 
әлеуметтік  проблема  –  халықтың  өмірін  жақсарту  проблемасын 
шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет 
ету»  режиміне  ауыстыру  қажет.  Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп 
отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік 
типі  сәйкес  келеді.  Оның  негізгі  белгілері:  батыл  бастама  толық 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау