98
бағыттары белгіленген. Нақтылы айтқанда, онда қабылданған
қағидалар төмендегідей:
•
негізінде экономиканы басқаруды аймақтық деңгейге
ауыстыру;
•
аймақтық
деңгейде
орталықтандырылған
және
орталықсыздандырылған сәйкестікті ұқыпты іске асыру, орталық
үкіметтің көптеген өкілеттігін жергілікті органдарға өткізу;
•
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету үшін жергілікті әкімдікке кеңейтілген өкілеттілік беру.
Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау
арқылы, олардың толықтай әлеуетті мүмкіндіктерін ашу мақсатында
құрылады. Осы тұрғыдан Қазақстанның барлық аймақтары төрт
топқа бөлінеді.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың
керемет қорларымен және де ғылыми өндірістік әлеуеттің қарқынды
дамуының жоғары импульсі бар облыстар. Бұл аймақтарға Қазақстан
экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі
беріледі. Олар еліміздің әлеуетін анықтайды.
Екінші топ – жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетті, ауыр
индустриялды салалардағы ашық көрсетілген мамандандыру,
жоғары технологиялы ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жағымды
экономикалық шарттары мен жағдайлары бар облыстар. Бұл негізінде
қаржы қорымен өзін-өзі қамтамасыз еткен облыстар, бірақ жоғары
дәрежелі негізгі қорлардың тозуы, дағдарысты экономикалық және
экологиялық жағдайлардың болуын назарға алу қажет.
Үшінші топ – АӨК (агроөндірістік кешен) салаларында
маманданған облыстар. Олар республикада азық-түлік қорларын
құрушылар алдыңғылары болып табылады.
Төртінші топ – экстремалды табиғи-климаттық, әлеуметтік-
экономикалық және техника-технологиялық жағдайларымен,
экономикалық ептілік мүмкіндіктерінің қатаң шектелуімен,
халық шаруашылығының салалық құрылымының өте тиімсіздігі
және экономикалық дағдарыстағы аудандармен көрсетілетін
депрессиялық облыстар.
Бірінші топтағы аймақтарда аймақтық инфрақұрылымды
(әсіресе, көліктік), нарық инфрақұрылымын құру, сонымен қатар,
шетел инвесторларының қатысуын немесе мемлекеттік қолдау
жүйесін тартудың маңызы бар.
99
Екінші топтағы аймақтарда мемлекеттік реттеу аймақ
экономикасының құрылымын қайта құру кең көлеміндегі
жекешелендіру арқылы бағытталады.
Үшінші топтағы аймақтарда меншіктің әр түрлі формаларының
дамуы, экономикалық тетіктер мен ынталандырулар ауыл
шаруашылығы өндірісін реформалау бағытын жалғастыру
төңірегіндегі шоғырландыру іс-әрекеттері көрсетіледі.
Депрессиялық (төртінші) топтағы облыстарда мемлекеттік
реттеу әдістері басым болып табылады, дәлірек айтқанда –
белгілі жобалауға сай қаржылық көмек көрсету және де олардың
пайдалануына қатаң бақылау жүргізу.
Мұндай тәсіл басқарудың аймақтық мәселелерін шешуде өнімді
болып келеді, сонымен қатар, ол жергілікті шаруашылықтың
қарқынды дамуына мүмкіндік береді және де аймақтық
экономиканың тұрақтануына әкеледі.
Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы шеңберінде аймақты
дамытудың әр түрлі тетіктері пайдаланады, солардың бірі болып
бағалау жүйесі қолданылады. Осы жүйе арқылы аймақтардағы
жағдайлар туралы үнемі нақтылы ақпараттар алып отыруға болады.
Бұндай жүйе үкіметке мәселелерді тез шешуіне ықпал етеді.
Макроэкономикалық тұрақтандыруда баланстық әдісті
қолданудың рөлі ерекше. Бұл әдіс Кеңес Одағы кезеніңде
өте пайдалы және ұтымды құрал екенін көрсеткен. Халық
шаруашылығын пропорциялы дамытудың әдісі болып есептелген.
Жоспарлы шаруашылық капитализмге қарағанда социализмнің
басты әрі ең шешуші артықшылықтарының бірі болып танылған.
Өтпелі кезеңде кеңінен қолданылып жүрген әдістердің
бірі мақсатты бағдарламалар. Аймақтық мақсатты бағдарлама
белгіленген мүддеге жету жүйесі болып сипатталады. Халық
шаруашылығының әр түрлі деңгейінде қолданылатын мақсатты
әдістерінің өзінше ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер шешілетін
мәселелердің маңыздылығымен, шаруашылық ауқымымен,
кірістің молшылығымен, басқарушы органдардың біліктілік
деңгейімен анықталады. Мысалы үшін «Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996-1998, 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламаларын» аталмыш әдістің үлгісі деп ұғынуға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасында аймақтық дамудың негізгі
100
бағыттары белгіленген.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты реформалардың
салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру
және орталық, жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-
қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамытуы ескеріле
отырып жүзеге асырылуы керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасында аймақтық дамудың негізгі
бағыттары белгіленген.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты реформалардың
салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру
және жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-қимылын,
аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамыту ескеріле отырып
жүзеге асырылуы керек.
Үкімет
тарапынан
барлық
деңгейдегі
бюджеттерді
қалыптастырудың жергілікті өкімет органдарының өкілеттігін
күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін енгізу маңызды. Аймақтарға
орталықтандырылған көмектердің атаулылығын қамтамасыз ету,
жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың
нысандарын әртараптандыру, аймақтардың ерекшеліктерін ескере
отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік
қорғауға арналған мақсатты субвенцияларды тәжірибеге енгізу,
реттелетін кірістердін жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың
тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.
Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа
қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс
істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз
кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау,
банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде
міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.
Үкімет жұмыс күнін, капиталды және ақпаратты еркін
ынталандыра отырып, қаржы, білікті еңбек, инвестициялар және
жаңа жұмыс орындары рыноктарында аймақаралық бәсекелестікті
күшейтуі көзделуі керек.
Жергілікті атқарушы органдарға дәйекті түрде әрбір
кәсіпорынның әлеуетті салық төлеуші және жұмыс орнының көзі
ретіндегі тиімді жұмысы үшін жауапкершілік жүктеледі. Осы
жағдайларда аймақтық мамандыру күшейетін және аймақтардың
Достарыңызбен бөлісу: |