Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет32/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95

101
инвестицияларды  тартуға,  жаңартуға  және  жеке  негіздегі  жаңа 
құрылысқа жауапкершілігі артылады.
Үкіметтік Бағдарламада инвестициялық жобалар мен ниеттерге 
сәйкес  алдағы  кезеңде  аймақтардағы  өндірістік  күштердің  дамуы 
жеке-жеке көзделген.
Бұл  тұрғыдан  республикамыздың  барлық  аймақтарын 
сипаттаудың  қажеті  жоқ.  Мысалға  кейбір  аймақтарды  алсақта 
жеткілікті.  Атырау  облысы  бойынша  мұнай-газ  өндірудің  және 
мұнай  өңдеудің  көлемін  арттыру,  мұнай  машиналарын  жасауды, 
химия  және  мұнай  өндірісін,  сондай-ақ  тамақ,  бірінші  кезекте  – 
балық  өнеркәсібін  дамыту  көзделінген.  «Ембі  мұнай-газ»  АҚ  кең 
орындарын,  Кісембай,  Аққұдық,  Теңіз  мұнай-газ  кең  орындарын 
жайластыру  және  қазіргі  замаңғы  өндірістік  және  әлеуметтік 
инфрақұрылымдар құру, Теңіз ГӨЗ (Гурьев өңдеу зауыты) қуатын 
кеңейту белгіленді.
Алматы облысында Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-інің құрылысын 
салу  және  АЭС  құрылыстарының  әлеуметтік  және  техникалық-
экономикалық негіздемесін орындау, түсті металлургия мен металл 
өңдеуді, құрылыс материалдары өнеркәсібін, сондай-ақ бұқаралық 
туризм  мен  демалыс  индустриясын  дамыту  жүзеге  асырылады. 
Егіншілікке,  бірінші  кезекте  су  мелиорациялық  жұмыстарына 
байланысты  интенсивті  технологияларды  игеру,  көкөністер  мен 
жемістер  өсіру,  қайта  өңдеу  және  сақтау  жөнінде  мамандануды 
күшейту  белгіленген.  Сондай-ақ  басқа  да  өндіріс  орындарының 
дамуы қарастырылған.
Аймақтық  басқару  жүйесіндегі  болашақтағы  күрделі 
мәселелердің  бірі  2000-2005  жылдардағы  кезеңге  арналған 
«Селоның  әлеуметтік-экономикалық  дамуы»  туралы  мемлекеттік 
бағдарламаны іске асыру.
Бағдарламаның  мақсаты:  тіршілікті  қамтамсыз  етудің  толық 
бағалы жүйесін қалыптастыру және селода жиынтық кірістер мен 
шығыстарды  арттырудың  негізінде  әлеуметтік  игіліктердің  қол 
жетімділігін жақсарту арқылы село халқының тұрмыс деңгейі мен 
сапасын жоғарылату.
Бағдарламаның міндеттері:

  тұрақты  экономикалық  өсуді  және  село  халқының  әл-
ауқатын  арттыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  селода  басталған 
реформаларды  тереңдетуге  және  ауыл  шаруашылығы  өндірісін 


102
экономикалық сауықтыруға жәрдемдесу;

  халықтың  тұрмыс  деңгейі  мен  сапасын  арттыруға 
бағытталған, нарықтық жағдайда селоның әлеуметтік-экономикалық 
дамуы жөніндегі жүйелі шешімдер әзірлеу;

  қолайлы  тұрғын  үй  және  мәдени  жағдайлар  жасау, 
медициналық  қызметтерге,  білімге,  байланыс,  электрлендіру, 
газ  құралдарына,  таза  суға  және  қолайлы  қоршаған  ортаға  қол 
жетімділіктің  өсуі  арқылы  тіршілікті  қамтамасыз  етудің  лайықты 
жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес.
Аталмыш  бағдарламаның  жүзеге  асыру  процесі  негізінде 
аймақтық  басқарудың  нақтылы  өзекті  мәселесі  болып  табылады. 
Оған себеп ауылдың хал-жағдайын толық, әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдың жан-күйін, әлеуметтік саланы дамыту және қызметтердің 
қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету  Қазақстан  Республикасындағы 
жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  заңдар  Қазақстан 
Республикасының 
Консутитуциясы 
және 
Қазақстан 
Республикамының өзге де заңдарынан құралады.
Басқару  процесінде  Бағдарламаны  іске  асырудан  күтілетін 
нәтижелер  –  2000-2005  жылдардағы  кезеңге  арналған  селоның 
әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының шараларын іске 
асырудың  нәтижесінде  селода  тұрақты  жұмыс  істейтін  тіршілікті 
қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Экономиканың нақты өсуі 
және село халқының жиынтық кірістері мен шығыстарының артуы 
негізінде  сапалы  әлеуметтік  игіліктердің  жаппай  қол  жетімділігін 
қамтамасыз ету көзделеді.
16. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын стратегиялық 
басқару шараларының жүйесі
Мемлекеттік бюджет 
тапшылығынан арылу шаралары 
Өтпелі  кезеңде  экономиканы  тұрақтандыру  басқару  өнерін 
көптеп  қажет  ететін  мәселе  болып  табылады.  Республиканың 
экономикасын  тұрақтандыру  мақсатымен  Үкімет  1990  жылы  6 
желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен бекітілген 
арнайы бағдарлама жасаған.


103
Осы  бағдарламаға  сәйкес  тұрақтандыру  шараларының  бірі  – 
мемлекеттік бюджет тапшылығын шектеу. Бұл үшін республикалық, 
жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қарастыру 
ревизиясы жасалды.
Бюджет шығынын келесі баптар бойынша қарастырды:

  өндірістік құрылысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік 
жоспарлау  тәжірибесінде  ұзақ  уақыт  бойы  өндірістік  бағыттағы 
объектілердің  артықшылықты  даму  қағидасы  сақталған.  Бұл 
қағида  экстенсивті  экономикаға  және  оның  әкімшілік-әміршілдік 
шараларына  тән.  Өндірістік  бағыттағы  өнімдер  шығаруды 
күшейтуге көп көңіл бөлінді, ал әлеуметтік салаға деген салымдар 
ұлттық табыстан тікелей шегеріліп отырды деп санаған. Өндірістік 
бағыттағы  салымдар  ауыл  шаруашылық  салымдарының  үштен 
екі  бөлігін  құрады.  Өтпелі  кезең  жағдайларында  және  тек  өтпелі 
кезеңде  ғана  емес,  қаржылық  ресурстарды  басқарудың  біржақты 
көзқарасы дұрыс емес; 

  жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттылығын 
жоғалтқан  қосымша  шығындар,  мерзімінде  игерілмеген  бөлінген 
қаражаттар;

  бұрын 
қабылданған 
барлық 
инвестициялық 
бағдарламалардың күшін жою;

  тиімсіз  шығындарға  жасалатын  мемлекеттік  ұйымның 
тексерісі;
Бюджет кірісін ұлғайтуда үлкен рөл атқаратындар:

  мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер;

  жергілікті  өндіріс  өнімдерінің  кең  шеңберлі  айналымынан 
алынатын салықтар енгізілуі;

  еркін  бағалар  бойынша  импорттық  тұтыну  тауарларын 
сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.
Одан  басқа,  тұрақтандыру  шараларының  жиынтығына 
Үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге 
бағытталған  саясатты  жүргізу  әрекеті  кіреді.  Дайындығы  төмен 
объектілердің  құрылысы  уақытша  тоқтатылады,  отын  және 
шикізат кен орындарын (аз қорлары бар) ұзақ мерзімді жалға беру, 
тұрғындарға  сатуға  және  мұраға    қалдыру  құқығымен  тұрғын 
үйлерді  сатуды  күрт  жандандыру,  кәсіпорын  акцияларын  өткізу 
жатқызылды.
 Экономиканы басқару жүйесіндегі негізгі объектілердің бірі – 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау