Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет33/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95

104
нарықтың  негізгі  элементтерін  басқару,  яғни  тұтыну  нарығының 
қалыпты  қызмет  етуі.  Үкімет  тұтыну  нарығын  толтыру  шаралар 
кешенін ұсынды және жүзеге асырды. Бұл мәселені шешудің басты 
көзі – барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты орынды алуға 
тиіс  меншікті  өндіріс.  Осыған  байланысты  көптеген  мәселелерді 
шешуге болады: 

  экономиканың тұтыну секторына бағытталуы;

  бірінші  кезекте  тапшылық  және  техникалық  күрделі 
бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру 
негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру;

  көп  шығынды  қажет  ететін  машина  жасау  кәсіпорындар 
профилін тұрғындар қажеттілігіне арналған өндірістік тауарларды 
шығаратын кәспіорындарға өзгерту;

  қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялау;

  республикааралық айырбасты дамыту;

  үкіметтің халық тұтынатын тауаралар өндірісін дамытудың 
республикалық қорын құру;

  сәйкес  тауарлар  тобы  бойынша  республикалық  және 
жергілікті тауарлар резервін құру.
Қазақстан  экономикасын  басқарудың  қалыптасып  келе  жатқан 
жүйесіне бірқатар өндірісті тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:

  республика  кәсіпорындары  арасындағы  қалыптасқан 
байланысты және республикааралық келісім шарттарды сақтау;

  мемлекеттік  тапсырыс  жасау  жолымен  шаруашылық 
байланыстарды  тікелей  мемлекеттік  реттеуді  қамтамасыз  ету 
(өндірістік-техникалық  бағыттағы  өнімнің  жекелеген  түрдері 
бойынша;  ғылыми  зерттеулермен  әзірлемелерді  жүргізу;  азық-
түлікті және басқа да тағамдық емес тауарларды жеткізу);

  өз  кінәсінсіз  қиын  жағдайдағы  кәсіпорындарға  уақытша 
қаржылық  көмек  көрсету  үшін  арнайы  тұрақтандыру  қорларын 
құру.  Тұрақтандыру  қорлары  бюджеттік  қаражаттардан,  сонымен 
қатар, облигация, лотерея, т.б. сатудан қалыптасады.
Нарықтық қатынастарға өтудің 
негізі стратегиялық бағыттары  
Республиканың  тиімді  шаруашылық  жүйесін  құруға  қажетті 
негізгі шарт болып жаңа меншік қатынастары табылады.
Бұл қатынастар келесі мәселелерді қамтиды:


105
- экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелен-
діру;
- жекешелендіру проблемалары дербес тақырып болғандықтан, 
мұнда тек негізгі бағыттары қарастырылады.
Мемлекет  иелігінен  алу  және  жекешелендіру  бірінші 
кезекті  меншікті  орталықсыздандыруды  ұйғарады.  Өтпелі 
кезеңде  экономиканы  мемлекет  иелігінен  алу  және  меншікті 
жекешелендірудің негізгі нысандары (форма):

  кәсіпорындарды,  ұйымдарды  және  халық  шаруашылық 
объектілерін акционерлендіру; 

  мемлекеттік  меншікті  жалға  және  коллективтік  меншікке 
беру;

  мемлекеттік  кәсіпорындар  және  ұйымдар  базасында 
жергілікті және халықтық кәсіпорындарды құру;

  мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату.
Экономиканың  өндірістік  емес  сферасында  мемлекет  иелігіне 
алудың  өзгешелігі  бар.  Мұнда  бұл  процесс  керекті  әлеуметтік-
экономикалық алғышарттар құрылған кезде, тауар өндірушілердің 
еркін кәсіпкерлігінің жеткілікті жоғары деңгейге жеткен кезде жүзеге 
асырылуы  тиіс.  Қызмет  көрсету  саласындағы  жекешелендірудің 
мүмкін  болатын  зардаптарын  болдырмайтын  іскерлік  әкімшілік-
құқықтық және экономикалық механизмдер жасалуы қажет.
Бірінші,  тікелей  мемлекеттік  бақылау  және  реттеу  сақталған 
(қорғаныс  кешені,  мәдениет,  денсаулық  сақтау.,  медициналық 
өнеркәсіп, ғылым және ғылыми қызмет көрсету) салалардың және 
жекелеген өндірістердің тізімі анықталады.
Экономиканы  демонополизациялау,  кәсіпкерліктің  және 
бәсекелестіктің  дамуы  өтпелі  кезеңнің  ірі  бағыттарының  бірі 
болады.
Нарықтық  экономикаға  өту,  өзінің  объективті  шарты  ретінде, 
өндіріс  сферасындағы  монополизмді  жеңу,  бөлу  және  тауар 
айналымындағы  республика  аймақтарының    тұйықтылығы  мен 
оқшаулығы қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің монополияға қарсы саясаты 
келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:

  қалыптасқан әкімшілік-тарту жүйесінің және оның барлық 
буындарының толық бөлшектелуі;

  республиканың  ауыл  шаруашылығында  параллельді 


106
өндірістік  құрылымдардың  қалыптасуына  жағдай  жасау,  соның 
ішінде бар өндірісті уақтандыру және диверсификациялау;

  кәсіпкерлік  пен  бәсекелестікке  ұйымдық-экономикалық 
жағдайлар  жасау,  тауар  өндірушілерді  құқықтық  кепілмен 
қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету;

  нарық инфрақұрылымының қалыптасуын тездету;

  шағын және орта кәсіпорындардың дамуы.
Басқару ортасында серіктес таңдау және бәсекелестіктің дамуы 
үшін  жеткілікті  өндірушілер  мен  тұтынушылары  бар  көлденең 
нарықтық құрылымдардың дамуын қолдау қажет.
Нарықтық қатынастарға өтудің бұл бағыты бойынша нарықтық 
жағдайларда  тиімді  қызмет  ете  алатын  қаржы-несие  жүйесінің 
дербестігін қамтамсыз ету шаралары қарастырылады. Экономиканы 
мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары – қаржы-несие тұтқалары.
Республиканың  бюджет  жүйесінің  қалыптасуының    негізгі 
қағидалары – өңдеу, бекіту және жүзеге асыру процесіндегі төменгі 
бюджеттердің жоғарыда тұрған бюджеттерден толық тәуелсіздігі.
Республикалық  бюджет  қаражатынан  жалпы  мемлекеттік 
шығындар, оның ішінде, түбегейлі зерттеулер шығындары, ғылыми-
техникалық және арнайы бағдарламалар қаржыландырылады.
Салық, несие саясаттары өз бетінше жүргізіледі, органдар жүйесі 
және банк бөлімшілерінің құрылымы өзгертіледі. Банк ісінде несие 
беру объектілерін, баға белгілеу және несие мерзімдерін өздігінше 
таңдауға  мүмкіндік  беретін  арнайы  банктерді  акционерлеу  және 
коммерцияландыру процестері болып жатады.
Нарықтық экономика жағдайында динамикалық пайыздық саясат 
енгізіледі. Қатаң орталықтындырылған жоспарлы экономикаға тән 
(несие және кассалық жоспарлау арқылы), ақша айналымын басқару 
әдістерінен бас тартады.
Дағдарысқа қарсы 
реформалар бағдарламалары  
Өтпелі  кезеңде  республика  экономикасын  басқаруда  ерекше 
орынды экономиканы орнына келтіру, тұрақтандыру және жақсарту 
(санация) үшін қабылданатын ең басты шаралар алады. Стагнациядан 
(тоқырау) шығу дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы көмегімен 
жүзеге асырылады. 
Бұл бағдарламаларды жасау реформалардың қайта қарастыруды 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау