Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет107/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   189
стратегиялық менеджмент

Кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы
Мақсаттарды  анықтап  алу  –  мол  табыстың  көзі.  Мақсаттарды 


172
анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристотель де былай деп атап 
кетіпті: «игілік барлық жерде екі шарттың сақталуына қарай болады:
1)  қандай да бір қызметтің түпкі мақсатын дұрыс белгілеу;
2)  түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу».
Спиноза Барух (XVII ғ. Нидерланд философы) мақсаттың рөлін 
«Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді.
Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән:
- Шектеу – қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп 
тәсілдерін қабылдай алатын қабілет.
-  Көтермелеу  және  өндіріп  алу  жүйесі  –  шығармашылықты, 
бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп алу.
- Мәселе – қайталанбайтын, жаңа.
- Басшылық стилі – қатерлі әрекеттерді ұйғарады. Өзгерістерді 
жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру.
- Ұйымдық құрылым – икемді, құрылымы да өзгере алатындай 
болады. Қызмет мәселелерге қарай ұйымдастырылады.
- Баламаларды бағалау – баламалар жиынынан тиімдісі таңдап 
алынады.
-  Тәуекелдікке  қатынас  –  жасампаз  тәуекелдік.  Тәуекелдік 
нұсқаларының жиынтығын теңгерімдеу.
Жалдамалы  еңбек  негізінде  жүзеге  асырылатын  кәсіпкерлік 
қызмет кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Барлық  нарықтық  экономикалы  елдерде  сан  және  сапа 
параметрлері  бойынша  айрықшаланатын  сан  алуан  кәсіпкерлік 
фирмалар бар.
Негізгі  сапалы  параметрлерге  фирма  сүйенетін  мұндай 
шектеудегі меншік типі жатады.
Кәсіпкерлік  фирмалар  меншік  типтері  бойынша  аражіктері 
ажыратылып көрсетіледі:
- жеке фирмалар;
- жауапкершілігі шектеулі емес ұжымдық кәсіпорын;
- кәсіпорындардың бірлестігі;
- фирманың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері 
бойынша айрықшаланады. Мысалы:
- қызмет сипаты мен мазмұны бойынша;
- шығарылатын өнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр 
түрлілігімен;


173
- әр түрлі фирмалық одақтарға кіру тәсілдері бойынша;
- бәсекелестік күресті жүргізудің әдістері мен тәсілдері бойынша 
және т.б.
Кәсіпкерлік фирманы шектеудің негізгі сандық параметрлеріне 
мыналар жатады:
- қызметкерлердің саны;
- капиталдың жылдық айналымы.
АҚШ-та  қызметкерлердің  сандық  өлшеміне  сәйкес  мыналар 
бөлініп көрсетіледі:
- өте ұсақ кәсіпорын (10 адамнан көп емес);
- ұсақ кәсіпорын (20 адамнан көп болмайды);
- шағын кәсіпорын (99 адамнан артық болмайды);
- орташа кәсіпорын (500 адамнан көп емес);
- ірі кәсіпорын (500 адамнан көп).
Капиталдың жылдық айналымының өлшемі бойынша, мысалы, 
Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:
- ұсақ;
- орташа және ірі.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің (фирмалар, 
кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер) тиімді іс-әрекет жасауын қамтамасыз 
ету болып табылады.
Кәсіпкерлік дербес қызмет ретінде субъектілердің қызметін өз 
бетінше, еркін жүзеге асыруын ұйғарды:
- кәсіпкерлік қызмет түрлері мен салаларын таңдау арқылы;
- осы қызметтердің бағыттары мен әдістерін таңдау арқылы;
-  шаруашылық  шешімдерді  қабылдаумен  және  оларды  жүзеге 
асыратын құралдарды таңдау арқылы;
- өндірістік бағдарламаны қалыптастырумен, өнім мен қызмет 
көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді таңдау арқылы;
- өткізудің арналары мен әдістерін таңдаумен;
- еңбекақы жүйесін және мөлшерін белгілеу арқылы;
- өнім мен көрсетілетін қызметтің тарифтері мен баға деңгейін 
белгілеумен;
- салықтың төлемін және басқа да төлемдерді төлегеннен кейін 
қалатын кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты иеленумен.
Кәсіпкерлерге мыналар тән:
- қызмет салаларын кәсіби тұрғыдан меңгеру;
-  нақты  басқару  білімдеріне  ие  және  өндіріс,  өткізу  мен 


174
маркетингтік қызмет тәжірибесі болады;
- ресурстар мен қаржылық қаражатты қажет ететін нарықтағы 
жағдайды және өз мүмкіндіктерін дәл бағалай алады;
-  экономикалық  тұрғыдан  тұжырым  жасай  білуі  құзіреттілігі, 
іскерлік  мәдениеті,  нақты  әдет-дағдысының  (машығы  мен 
тәжірибесі) болуы;
- өндірісті ұйымдастыра білуі және мақсатқа жетіп, пайда алу 
үшін тәуекелге бел буып, әрекет ету;
-  нарықтың  мүмкіндіктері  мен  жаңашыл  идеяларды  талдап, 
пайдалана білуі.
Түйіндеме. Кәсіпкерліктің мәні нарықтағы болжауға келмейтін 
белгісіз  жағдайында  капитал,  мүлік,  патенттік  құқық  және  басқа 
ресурстар түріндегі меншікті тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін 
тауып,  осы  мүмкіндіктерді  нақты  іс  жүзіне  асыруға  қол  жеткізу 
болып табылады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау