1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



жүктеу 442,5 Kb.
бет1/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
6. Краткое содержание лекций


1-ТАҚЫРЫП ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні
Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына жə не де мемлекеттік бағдарламаға сəйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халық-тың əлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қа-на нысанның əрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъекті-лерінің аналитикалық жəне синтетикалық есебін ұйымдасты-руда əсер ететін өзіне тəн ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығын-дарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бө-лінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашы-лығы , ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тəн ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кəсіпорында-рының өндіріс шығындарын көрсеткенде жəне де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тəуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін жəне бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзім-дерінің ұзақтығына жəне көптеген объектілерде бір мезгілде бір-неше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өнді-рістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен əсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ре-сурстарын, материалдар, жылу жəне электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар мін-детті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың ə серінен сапасының төмен-деуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материал-дар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шы-ғынын анықтау жəне табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аума-ғында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыста-рының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған жəне де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кəсіпорынының басшылығы-мен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыс-тарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кəсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің жəне субмердігердің қатысуы олар-дың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыпта-суына əкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, əрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге əкеліп соғады.

Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.


жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау