176
Жекеше шаруашылық – бір меншік иесі шешімді өзі жекеше
қабылдап, барлық істің жауапкершілігін өз мойынына алады.
Бірқатар бағалаулар бойынша, АҚШ-та 1980-ші жылдардың
ортасында фермерлік шаруашылықтарды қоспағанда 7 млн. жекеше
шаруашылық болған екен.
Жекеше шаруашылықтың артықшылығы меншік иесі (қожайын)
істің барысына толық бақылау жүргізеді.
Кемшілігі – капитал мөлшері (шамасы) мардымсыз (аз) болады;
меншік иесі залал, зиян, ысырап, қарыз үшін
жалғыз өзі ғана жауап
береді.
Серіктестік – екі немесе одан да көп кәсіпкерлер шешімді бірігіп
қабылдайды әрі барлық іс үшін жеке жауап беретін кәсіпкерліктің
ұйымдық формасы, АҚШ-та олардың саны 1 млн. жетті.
Серіктестік жекеше шаруашылыққа тән алғашқы кемшілікті
(капитал мөлшерінің аздығы) жеңуді көздейді. Барлық серіктестер,
меншік иелері залал, ысырап және т.б. орын алған жағдайда бірдей
жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген болады.
Бұл жағдайда ортақ иеленушілер белгілі бір шектеулі мөлшерде
капитал қосуға құқылы болады және кәсіпорын атынан басқару
ісіне немесе келісімге қатыспайды. Серіктестік көбінесе құқықтану,
медицина, брокерлік (басқа тұлғаның атынан тауарды сатушы және
сатып алушы) салаларында тараған.
Корпорация – әдетте кәсіпкер меншік иесі мен меншіктен бөлек,
қаржылық жауапкершілігі де шектеулі болатын акционерлік меншік
негізіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық формасы.
Артықшылықтары:
- ол акцияларды сату жолымен елеулі капиталды өз жағына
тарта алады;
- корпорацияның меншік иелері, акционерлер фирманың
міндеттемелері бойынша материалдық тұрғыдан жауап бермейді,
олар банкрот бола қалған жағдайда тек акцияларының құнын ғана
жоғалтады;
- корпоративтік форма тәуекелдік деңгейі жоғары аса үлкен
ауқымдағы өндіріске ірі капитал қажет болатын жағдайда іс жүзінде
өзінің ұтымды әрекет ететінін дәлелдеген (Директорлар кеңесі
басқарушыларды жалдайды).
Корпоративтік кәсіпкерліктің кемшіліктеріне жататындар:
- корпорацияны басқару ісіне барлық акция иеленушілердің
177
қатысу мүмкіндіктері
болмайды;
- фирманың қызметіне бақылау жүргізеді;
- акционерлерге
екі жақты салық салынады;
- пайдаға салынатын салық –
дивидендтің шамасын кемітеді;
- дивидендке салық салу.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында АҚШ-тағы
корпорациялардың саны 2 млн. жетті.
Достарыңызбен бөлісу: