Кемістік және орнын толтыру ұғымдары
Дамудың алғашқы және туынды кемістігі. Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар әсерінен, органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бҧзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық– педагогикалық тҥзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады. Даму ҥдерісінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты, «төменнен жоғары» болған жағдайда, дер кезінде коррекциялық–педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың әлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады. А. Адлердің және Л. С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері. «А. Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің көзқарасына бойынша, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді 28 жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады» А. Адлерден кейін Л. С. Выготский функциональды ұстанымда, бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дәлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің әсері ҥнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады» . Психикалық қызметтердің кемшілігі мен зақымдануын компенсациялау, тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар: жүйеішілік қайта құрулар (жойылған қызметтердің сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйеаралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауының сипап-сезумен компенсацияланатыны (Брайль шрифті). Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан, емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті, оның қандай да бір қызметтің (функциясының) жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған қызметтің бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму үдерісіндегі компенсациясы» .
Дефектологиядағы Л. С. Выготскийдің рөлі
Л. С. Выготский арнайы психологияның негізін салған ғалым. Арнайы психология негізінде, Л. С. Выготскийдің енгізген бірқатар тұжырымдары бар.
Ғалымның пікірінше, сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың өзіндік даму ерекшеліктерін де атап көрсетті. Аномальды психиканың басты ерекшелігі ретінде, биологиялық және мәдени ҥдерістер дамуының бір-бірінен алшақ болатынын көрсетті (дивергенция). Ақыл-ойы кем бала, өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және өзіне тән спецификалық ерекшеліктермен өтеді. Алғашқы кемістік пен туынды кемістік құрылымдарындағы зақымданулардың байланысы туралы ереже. Алғашқы кемістік биологиялық факторлармен байланысты болса, ал екінші кемістік - әлеуметтік факторлармен байланысты. Нәтижесінде Выготский Л. С., білім алу қажеттілігі ерекше балаларда екінші, үшінші кемістіктің алдын-алу мақсатында, ерте коррекциялық көмек беру қажеттілігі туралы тұжырым жасады. Сондай-ақ, туынды кемістіктер, оның ішінде эмоциональды – ерікті саласының зақымдануы сияқты бұзылулар, биологиялық ақауларға қарағанда, коррекциялық әсерлердің көмегімен жеңілдетілетіндігі туралы тұжырым жасады. Жақын және өзекті даму аймағы туралы ереже. «Жақын даму аймағы» мәнінде, Л. С. Выготский «жетілу ҥдерісіндегі қызметтерді, яғни, әзірше ұрық күйіндегі, піскен жеміс деп атауға келмейтін, тек бүршік немесе гүлі деп атауға болатын», енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады. Осылайша, «жақын даму аймағы» ұғымын қарастыруда, Л. С. Выготский тағы бір маңызды тезис ұсынды. Онда ақыл-ойы кем баланың ой-өрісінің дамуын анықтауда, оның нені меңгергендігін, баланың «динамикалық даму күйін», «әзірге даму күйінде тұрған үдерістерін» есепке алу қажеттілігі айтылады. Л. С. Выготскийдің пікірінше, «жақын даму аймағы», баланың жасына сәйкес емес, күрделі мәселелерді ересектердің көмегімен шешу үдерісінде айқындалады. Сөйтіп, ақыл-ойы кем баланың мүмкіндігін бағалау, екі көрсеткіш негізінде жүреді: ересектер тарапынан берілген көмекті қабылдай білу және аналогиялық тапсырмаларды өз бетімен орындай білу дағдысы. Ол өзінің кҥнделікті жұмысында, қалыпты дамудағы балаларды зерттеумен ғана емес, дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеумен айналыса отырып, жақын даму аймағы туралы пікірдің, әсіресе кемтар балалар категорияларына қатысты екендігіне көзі жетті. Оқыту мен дамудың сәйкестігі туралы ереже. Л. С. Выготский оқытудың дамудан ілгері жүруі, баланың дамуын өзімен бірге ілгері жылжытады деген қорытындыға келді. Л. С. Выготскийдің әлеуметтендіру бағдарламасын жасауы. Осыған сәйкес, кеміс баланы әлеуметтік ортаға ерте қосу мен даму патологиясын ерте диагностикадан өткізу қажеттілігі анықталады. Ол дамуы ауытқыған балаға, ерте коррекциялық – педагогикалық ықпал жасаудың маңызын дәлелдейді. Зият пен аффектінің сәйкестігі. Түзетушілік (коррекциялық) оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде ақыл-ойы кем баланың эмоциямен басқарылатын мінез-құлқы мен өзін-өзі ұстауы, анағұрлым саналы болады, демек, ақыл-ой мен аффект арасындағы қатынас өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |