Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет104/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189
стратегиялық менеджмент

Басқарудың ұйымдық құрылымын 
жетілдірудің тиімділігін бағалау
Басқару  жүйесі  мен  оның  ұйымдық  құрылымының  тиімділігі 
былайша  анықталады  –  өндірістік  ұйым  қызметінің  тиімділігі 
басқару  жүйесінің  іс-әрекет  жасау  тиімділігіне,  ұйымдық 
құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік белгілерінің кешенді жиыны оның 
іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:
1)  өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына 
қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша;
2)  жүйенің  іс-әрекет  жасау  үрдісінің  өз  мазмұнына  қоятын 
объективті  талабының,  ұйымдастыру  ісінің  нәтижеге  сәйкес  келу 
деңгейі бойынша.
Ұйымдық  құрылымның  әр  түрлі  нұсқаларын  салыстыруда 
қолданылатын 
тиімділік 
өлшеміне 
өзінің 
іс-әрекетінде 


168
салыстырмалы  түрде  аз  шығынмен  басқару  жүйесінің  түпкі 
мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі 
жатады.
Басқару  үрдісінің  тиімділігін  бағалауда  сандық  және 
сапалық  тұрғыдан  бағаланатын  көрсеткіштер  пайдаланылады. 
Бұл  көрсеткіштер  нормативтік  (мөлшерлемелік)  сипатқа  ие 
болып,  басқару  аппаратының  нормативтік  сипаттамасы  ретінде 
пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін 
бір  қызметкерлерге  шаққанда  (келетін)  ұйым  өндіретін  түпкілікті 
өнім санымен анықталады.
Басқару  аппаратының  үнемшілдігі  –  объектімен  немесе 
өндірістік  қызметтің  нәтижелерімен  өлшенетін  басқару  аппараты 
іс-әрекетінің  салыстырмалы  түрдегі  шығыны  (басқару  аппаратын 
ұстап  тұру  үшін  қажетті  шығынның  үлес  салмағы,  басқарушы 
қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару  жүйесінің  бейімділігі  өзгермелі  жағдайлардың  белгілі 
бір  диапазонында  тапсырылған  функцияны  тиімді  орындау 
қабілетіне  қарай  анықталады.  Бұл  диапазон  салыстырмалы  түрде 
неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.
Басқару  құрылымының  икемділігі  басқару  аппараты 
органдарының  шешім  қабылдау  үрдісінде  пайда  болған  ахуалға 
сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін 
белгісіз  жағдай  жиі  ұшырасатын  нарықтық  қатынаста  айрықша 
артықшылық  болып  табылатын  жаңа  байланыстарды  орнатудағы 
ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік 
танытатын шағын және орта кәсіпорындарға тән.
Басқарушылық  шешімдерді  қабылдаудың  оперативтілігі 
басқарудағы  мәселелерді  дер  кезінде  анықтауды,  сондай-ақ  жолға 
қойылған  үрдістің  тұрақтылығын  сақтай  отырып,  алға  қойылған 
мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз 
ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.


169
Басқару  аппаратының  сенімділігі  тұтастай  алғанда  оның  алға 
қойған  мақсатына  сәйкес  толассыз  іс-әрекет  жасауын  (іркіліссіз 
жұмыс істеуін) сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның 
орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы, бағдарламалы, 
тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті 
арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау