7 тақырып. Уақытты жоспарлауда қажетті құралдарды таңдау
Бірнеше құралдар бар: күнделік, блокнот, органайзер, календарь, электронды жоспарша, қойын дәптер. Сізге дәл қайсысы қолайлы болатынын таңдауыңыз керек.
Жоспаршалардың 4 негізгі түрі:
Столға қоятын немесе әрдайым қол астыңда болатын (настольные) және қабырғаға ілетін (настенные) күнтізбелер (календари).
Қойын дәптер түріндегі арнайы жоспаршалар: блокноттар, күнделікті жоспарша, жылдық жоспарша.
Уақытты жоспарлауға арналған компьютерлік бағдарламалар.
Портативті (алып жүруге қолайлы ықшам жасалған) электронды құрылғылар: электронды жоспаршалар, органайзерлер, қойын дәптерлер.
Осы аталғандардың қайсысы сіз әркім үшін қаншалықты қолайлы болатындығын анықтау үшін адамның жеке басымдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау қажет екен.
Көру мен сезуге негізделген адамдар типі. (Зрительно-осязательный тип).
Өз ойын қағазға түсірудің жеңілдігі.
Жазу түрінде берілген ақпаратты жадында сақтау.
Жағдайлар кезектілігін көру үшін немесе еске түсіру үшін қойын кітапша беттерін әрі-бері аударыстырып қарау дағдысы.
Қажетті мәліметтерді дәл қай жерге, қай бетке жазылғандығын есте сақтау әдеті.
Тізім жасағанда жасалу кезектілігі, басымдылығы, реттік тәртібімен емес, тақырыптары (не сатып алу керек, қайда қоңырау шалу керек, жұмыс бабына байланысты міндеттер) бойынша топтау.
Ескі қойын кітапшаларын сақтап қою, көп жылдар өте қызықтап қарау.
Уақытты жоспарлауда компьютерлік технологияларды көп уақытты зая алатын күрделі деп санау.
Сызықтық-сандық тип. (Линейно-цифровой тип).
Өз ойын компьютердің клавиатурасында текст тере отырып ойлау оңтайлы.
Ізделіп отырған жазулы ақпаратты қайда жазылғанын іздегенде керек сөздің бастапқы сөзі, бас әрпі, алғашқы цифрасы бойынша іздеп тауып алу.
Жоспарланған міндеттерді мерзімі, аптадағы күні, тәуліктегі уақыты бойынша жылдам жаттап алу. (“Мерекелік концерт сенбі күні, жиырма төртінде болады”.)
Тізім жасағанда тақырыптары бойынша емес, олардың орындалу кезектілігі, басымдылығы, реттік тәртібі бойынша топтау.
Ертеңгі күнге ауыстарған міндеттерді, апта бойында жасалатын жұмыстарды ойда ұстау.
Компьютер мен электрониканы пайдалану жеңілдігі, ұнамдылығы.
Көру мен сезуге негізделген
адамдар типі үшін таңдау нұсқалары
Әрдайым үстел үстінде тұратын немесе әрдайым қол астында болатын күнтізбелер.
Қағаз негізіндегі жоспаршалар: блокноттар, күнделікті жоспарша, жылдық жоспарша, қойын кітапшасы.
Артықшылығы
Компьютерлік бағдарламын зерттеудің қажеттілігі жоқ.
Мәліметтерді жазу табиғи және ыңғайлы.
Тоқпен қамтамасыз етуді уайымдау қажет емес.
Іс-әрекеттер бойынша жалпы көріністі алу қиындық келтірмейді, беттерді парақтау ғана қажет.
Кейінірек талдау жасау үшін немесе жәй қарап қою үшін жазылған парақ беттерін сақтау мүмкіндігі.
Мәліметтерді автоматты түрде іздеу мүмкіндігі жоқ.
Жоспаршаның беттері артып, толып ауырлануы.
Мәліметтердің көшірмесін жасау күрделілігі.
Басқа адамдардың (егер ұйым қызметкерлері үшін жасақталған болса) сіздің мәліметтер жөнінде білуі қиындығы.
Сызықтық-сандық типтегі адамдар үшін таңдау нұсқалары
Уақытты жоспарлауға арналған компьютерлік бағдарламалар.
Портативті электронды жоспаршалар.
Артықшылығы
Мәліметтерді іздеу мен таңдаудың оңтайлы болуы.
Ақпараттарды топтастыру ыңғайлы.
Ақпараттардың көшірмесін түсіру оңай.
Жүйе арқылы топтағы қызметкерлердің ақпараттарды алу мүмкіндігі.
Кемшілігі
Бір ғана экран немесе бір терезені пайдалану, бір мезгілде жалпы көріністі алу мүмкін емес.
Оларды пайдалануға уақыт көбірек кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |