Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


  Капитал қозғалысын мемлекеттік реттеу



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет67/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

15.3.  Капитал қозғалысын мемлекеттік реттеу
Институционалды  жэне  дербес  инвесторлар  жүйесінің  да- 
муы  шетелдік  инвестицияларды  реттеу  мен  капиталды  шетел 
мемлекетеріне  алып  шығудағы  мемлекеттің  сыртқы  экономикалық 
қызметінің  маңызды  бағытын  айқындайды.  Соңғы  онжылдықтар 
түрлі  елдер  капитал  иелерінің  көпшілігі  дамушы  елдерге  инвести­
ция  салуымен,  сондай-ақ  ол  елдерден  капиталды  алып  шығуымен 
сипатталады.  Көптеген  елдердің  бір  мезгілде  импорттаушы  жэне 
капиталды  экспорттаушы  да  болуы,  қазіргі  заманғы  әлемдік 
шаруашылық  жүргізу  үдерісінің  ерекшелігі  болып  отырғанын 
атап  өту  керек.  Инвестициялар  әртүрлі  -   несиелік,  тікелей  және 
портфельдік  инвестициялар  формаларында  іске  асырылады;  фор- 
масын таңдау шаруашылық конъюнктурасына байланысты  болады.
Капиталдың қозғалысын мемлекеттік реттеу мынадай:
1) ұлттық экономикаға шетел капиталының инвестициялары;
2) капиталды басқа елдер экономикасына алып шығу сияқты екі 
формада іске асырылады.
Шетел  инвестицияларын  мемлекеттік  реттеу  институционалды 
құрылымдарды қалыптастырумен жэне шетелден капитал салыну са- 
ясатын қорғауға, қолдауға тиімділігін арттыруға бағытталған шара- 
лар кешенімен байланысты. Мұның бәрі шетел инвестицияларының 
режимін  либералдандыруға  алып  келді,  өйткені  капиталдың  им- 
порты ұлттық экономикаға қосымша  қаржылық жэне  материалдық 
ресурстардың  тартылуын  туындатады  жэне  еңбек  пен  халықтың 
жұмыспен  қамтылу  проблемасын,  әлеуметтік  мәселелерді  шешеді, 
сондай-ақ  импорттаушы  елдегі  капиталдың  жинақталу  проблема- 
ларын  шешеді  және  экономикалық  өсімге  жағдай  жасайды.  Со- 
нымен  бірге,  егер  елде  шетел  инвестицияларының  бақылаудан 
шығып  кеткен  құйылуы  болса,  онда  ұлттық  қауіпсіздікке  қатер 
төнеді.  Шетел  компанияларының  шикізат  пен  капиталды  шама- 
дан  тыс  көп  көлемде  алып  шығуынан,  сондай-ақ  ұлттық  капи­
тал  қызметінің  шектелуінен  елдің  қауіпсіздігіне  қатер  төнеді. 
Осыған  байланысты  тиісті  органдардан  капитал  қозғалысы 
механизмінде  ұлттық  экономиканың  арынды  қозғалысына  ықпал 
ететін  тэсілдер  мен  тетіктерді  пайдалану  бірінші  кезекте  талап 
етіледі.
207


Ұлттық экономикада шетел инвестициясына мемлекеттік ықпал 
ету жүйесінде:
1) шетел инвестицияларын тарту;
2) шетел инвестицияларын шектеу сияқты екі тәсіл айқындалады.
Бірінші  тәсілді  пайдаланғанда  мемлекет  келесі  реттегіш  шара- 
ларды:
1) салықтық кедендік шараларды;
2)  шетелдік  инвестициялардың  құқықтық  қорғалуына  кепілдік 
беруді;
3) кірістерді пайдалануға кепілдік беру шараларын;
4)  мемлекеттік  билік  органдары  қызметіндегі  жариялылық  ша­
раларын;
5)  капиталдың  кіріспен  қайтарылу  мүмкіндігіне  кепілдік  беру 
шараларын;
6)  еркін  экономикалық  аймақтар  қүру  мен  концессиялар  беру 
шараларын жүргізеді.
Шектегіш шаралары тетіктеріне:
1)  біріккен  кәсіпорындардың  жарғылық  капиталындағы  ше- 
телдіктерге шектегіш үлесті белгілеу;
2) шетел инвестицияларына кәсіпорындар құрғанда ескертпелер 
жасау;
3)  жергілікті  факторлар  мен  өндіріс  компоненттерін  пайдалану 
қажеттігі  (қазақстандық  күрам  болуы)  туралы  ескертпелер  жасау 
жатады.
Ағымдағы  сәттегі  үлттық  экономиканың  ахуалы  бойынша, 
сондай-ақ  әлемдік  жэне  аймақтық  экономиканың  ахуалына  байла- 
нысты мемлекеттік билік органдары қай бағытта жылжу қажеттігін, 
атап  айтқанда  капитал  келуін  шектеу  немесе  капитал  келуін 
көтермелеу қажет пе жэне инвестициялық саясаттың қандай тетігін 
пайдалану керек соны айқындайды.
Капитал  экспортын  мемлекеттік  реттеу  инвесторларды  ақпа- 
раттық жэне техникалық қолдау жобаны техникалық-экономикалық 
негіздеуді  үйымдастыру,  бизнес-жоспарды  талдау,  инвестициялық 
жобаны  қаржыландыру,  салықтық  жеңілдіктер  беру,  несиелеу  мен 
сақтандыру арқылы  іске асырылады.
208


Капитал  экспортын  мемлекеттік реттеу  капиталды  заңсыз  алып 
шығуға  қарсы  және  қылмыстық  капиталды  шектеуге  бағытталуы 
мүмкін.
Қазақстанда 
инвестицияны 
мемлекеттік 
көтермелеу 
мен 
қолдау  «Инвестициялар  жөніндегі»  ҚР  заңында  көрініс  тапқан. 
Инвестицияларды  мемлекеттік  қолдауды  жүзеге  асыру  механизмі 
келесілермен:
1)  корпоративтік кіріс салығынан жэне  мүліктік салықтан  боса- 
тумен;
2)  коммерциялық  емес  тэуекелдерді  сақтандырудың  халық- 
аралық  тәжірибесіне  сэйкес  ерікті  сақтандыру  институтын 
енгізумен;
3) инвестициялық дауларды шешу тәртібін түбегейлі өзгертумен, 
атап айтқанда дауларды халықаралық арбитражды сотта шешумен;
4) инвестициялық преференцияларды ұсынумен айқындалады.
Инвестициялық  преференцияларды  берудің  негізгі  шарты
экономиканың  басымдықты  салаларына  инвестиция  тартуды  іске 
асыру болып табылады.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау:
1)  экономиканың басымдықты  салаларына жабдықтар  мен  оған 
жиынтықтағыштарды импорттағанда кедендік жеңілдіктер беру,
2)  келісімшарттың  қолданылу  мерзімінде,  бірақ  келісімшарт 
тіркелген сэттен бастап 5 жылда аспайтын мерзімге кедендік алым- 
нан босату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік  натуралық  гранттарды  мүлікті,  жер  ресурстарын 
басқару жөніндегі билік органдарымен, жергілікті атқару органдары- 
мен келісу бойынша мемлекеттік уэкілетті орган береді. Натуралық 
гранттар  ретінде  жер  телімдері,  ғимараттар,  қүрылыстар,  маши- 
налар  мен  жабдықтар,  есептеу  техникасы,  өлшегіш  жэне  реттегіш 
аспаптар мен құрылғылар, өндірістік жэне шаруашылық мүкэмалы, 
жүк жэне жолаушылар автокөлігі берілуі мүмкін.
Инвестициялық  преференцияларды  беруге  келтіріліп  отырған 
қырынан келудің бұл түрі мемлекеттік қолдау шараларын мақсатты 
пайдалануды жэне инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін 
қамтамасыз етеді.
209


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау