Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет66/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

мен  жиналымдарды  әкімшілік  ретпен  есептеу  үшін  қолданылатын 
белгілі бір тауарлардың кедендік құнын анықтау жүргізіледі.
Қазақстанда  алып  кіруге  және  алып  шығуға  арналған  кедендік 
алымдар қолданыста бар.
Қазақстанда сыртқы  сауда қызметін тарифтік емес реттеуге,  со- 
нымен қатар:
-   тыйым  салулар  немесе  шектеулерді,  соның  ішінде  сандық 
тұрғыдағы шектеулерді;
-   халықаралық  экономикалық  санкцияларды  орындауға  ка­
ты суды;
-  тауарларды алып кіруге жэне алып шығуға мемлекеттік моно- 
полияны;
-   техникалық,  фармацевтикалық,  санитарлық  ветеринарлық, 
фитосанитарлық, экологиялық стандарттарды, нормалар мен талап- 
тарды,  алып кіретін тауарлар сапасына бақылауды жатқызады.
Тарифтік  емес  реттеуде  осылар  арқылы  тауарлар  мен  кызмет 
көрсетулер  экспортының  немесе  импортының  саны  мен  қүны 
анықталатын  квоталау  маңызды  тетік  болып  табылады.  Қазакстан 
үкіметі  рыноктың  қажеттілігі  мен  сыйымдылығын  ескере  отырып, 
шетел  тауарларының  ішкі  рынокқа  барынша  аз  түсуін  қамтамасыз 
ету мақсатында тарифтік квоталарды белгілейді.
Қазақстанға тауар  әкелу мен алып шығуға мемлекеттік монопо­
лия  лицензиялау  арқылы  жүргізіледі.  Мемлекеттік  кәсіпорындарға 
лицензиялар ҚР Ү кіметі арқылы немесе конкурстық негізде беріледі.
Қазіргі  заманғы  әлемдік  саудада  сыртқы  сауданы  субсидиялау 
мен  мемлекеттік  протекционизм  сияқты  тетіктер  кеңінен  пайдала- 
нылады,  олар  экспортқа  бағытталған  өндіріске  жан-жақты  қолдау 
көрсетуді  жүзеге  асыратын  тауарларды  дамыту  мен  жылжыту 
жөніндегі  арнайы  институттардың  (Trade  Promotion  Organizations) 
қызметі арқылы іске асырылады.  Саудаға қолдау көрсететін  мұндай 
ұлттық  ұйымдар  барлық  елдерде  бар.  Мысалы,  Korea  (Оңтүстік 
Корея),  UK Trade  and  Investment  (Үлыбритания),  Austrade  (Австра­
лия)  жэне  т.б.  сияқтылар,  бұлар  қолдаулар  мен  қызмет  көрсетулер 
жөніндегі 
эртүрлі  бағдарламалардың  көмегімен 
жекеменшік 
сектордың  экспорттық  бастамаларына  қолдау  көрсетуде  маңызды 
рөл  ойнайды.
Қазақстан  2005-2009 жылдар ішінде жыл  сайынғы  16% өсіммен 
элемдік  экспорттаушылар  арасында  48-ші  орынга  ие.  Кейбір
204


экспорттық баптар бойынша ҚР әлемдік экспорттаушылар арасында 
жетекші  орынға ие.  Қазақстан  хром  оксидтері  мен гидроксидтерін, 
кварцті,  табиғи  асфальт  пен  мұнай  битумы  негізіндегі  битумдық 
қоспаларды  экспорттауда  әлемдік  көшбасшы  болып  табылады. 
Қазақстан  бидай  ұнының  экспорты  бойынша  элемде  Түркиядан 
кейінгі екінші орында,  ал 2008 жэне 2011  жылдары -  бірінші орын- 
да  болды.  Ең  жоғарғы  сыртқы  сауда  айналымы  109,1  млрд  АҚШ 
доллары  көлемінде  2008  жылы  тіркелген.  2009  жылы  әлемдік 
қаржылық  экономикалық  дағдарыс  пен  негізгі  шикізаттық  жэне 
энергетикалық  ресурстарға  сұраныстың  төмендеуінен  айналым 
көлемі 39%-ға төмендеді жэне 43,2 млрд.  АҚШ долларын құрады.
Қазақстандық  экспорт  күрылымында тұтынушылар  тауарының 
үлесі  2009  ж.  12,2%  қүрады  жэне  жылма-жыл  1,5  млрд.  долл. 
шегінде  ауытқып  отырды,  ал  2010  ж.  2  млрд.  АҚШ  долларын 
құрады,  өндіріс  кұралдарын  экспорттау  соңғы  5  жылда  500  млн 
доллардан аспай тұр.
Соңғы  бес  жыл  бойы  таза  экспорт  оңды  өсу  үстінде  жэне  ми- 
нералдық  өнімдердің,  металдар  мен  олардан  жасалатын  бұйым- 
дардың басым экспорты есебінен жылдық орташа өсім 9%  құрады. 
2007  -   2008  жылдары  «Машиналар,  жабдықтар,  көлік  құралдары, 
аспаптар  мен  аппараттар»  тауарлық  тобын  әкелудің  ең  жоғарғы 
көлемі  байқалған,  бүл  көптеген  кәсіпорындардың  өндіріс  қуатын 
жаңғыртуға мүмкіндік берді. Астық жөніндегі таза экспорт 200 млн 
доллар,  ұн  жөнінен  560  млн  долларды  құрады.  2010  жылы  бидай 
экспорты  5,1  млн  тоннаға  дейін,  ұн  2,4  млн  тоннға  дейін  өсті,  сүт 
өнімдері  шығарылғанына қарағанда 285  млн долларға,  ал қант 245 
млн  долларға  көп  әкелінді.  Дегенмен,  қазақстандық  экспорттың 
тиімділігі  айтарлықтай томен,  өйткені  оның негізін шикізаттық та- 
уарлар  мен  энергетика  құрайды.  2010  жылы  минералдық  тауарлар 
экспорты  құны  жөнінен  44,4  млрд,  долл  жэне  металдар  7,9  млрд 
долл., химиялық өнеркәсіп  3  млн доллар,  мал жэне өсімдіктекті та­
уарлар 2 млрд.долларға жуық құрады.
Импорт көлемі 2010 жылы орташа қарқынмен өсіп, экономиканың 
жай-күйін  көрсетті.  Машиналар  мен  жабдықтардың  үлесі  43,2%, 
химиялық өнімдер  мен пластмассалар  14,3%,  минералдық өнімдер 
10,9%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 
9,7%  дейін  өсті.  Дағдарысқа  дейінгі  кезеңде  жеңіл  автокөліктерді 
алып  келу  400  мың  данаға  дейін  өсті,  ал  2010  жылы  26,7  дейін
205


төмендеді.  2010 жылы машиналар мен жабдықтарды сатып алу  11,6 
млрд,  долл.,  химиялық  өнеркәсіп  тауарларын  сатып  алу  4,2  млрд. 
долл.,  азық-түлік  тауарларын  сатып  алу  -  3  млрд.  долл.  АҚШ  дол- 
ларын  кұрады.
Мұнайдың  бір  барреліне  баға  деңгейі  65  долл,  болғанда,  2011 
жылға  экспорт  көлемін  Үкімет  51,9  млрд.  көлемінде  жэне  сауда 
тепе-теңдігінің сальдосын -   18,8  млрд.  долл.  көлемінде бағалады.
Әлемдік тауар нарығындағы қолайлы баға конъюнктурасын және 
инновациялық  шараларды  қолдану  арқылы  жаңа  кәсіпорындарды 
салу  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламалардың  жоспарлы  іске  асы- 
рылуын  тілеу  ғана  қалады.  Әлемдік  рыноктағы  импорттың  жал- 
пы  тауар  айналымының  көрсеткіштері  де  осыған  итермелейді. 
Айталық,  2009  жылы  бұл көрсеткіш  12,4 трлн долларға бағаланды. 
Импорт  көлемі  жөнінен  АҚШ  -   1,6  трлн,  доллармен,  ҚХР  -   1,005 
трлн,  доллармен  және  ГФР -  0,94  трлн,  доллармен  көшбасшы  бол- 
ды.  2009  жылы  ҚХР  экспортының  көлемі  импортының  көлемінен 
196 млрд. долларға артты.  2009 жылы Жапонияның сауда көлемінің 
қысқаруы 24,9%, ЕК -   14.8%, АҚШ -   13,9%  құрады.
Осы  тұрғыдан  қарағанда  ҚР  көрсеткіштері  нашар  емес 
(кестені  қараңыз),  бірақ  барлық  проблема  экспорт  пен  импорттың 
құрылымында жатыр.  Қазақстандық тауар  өндірушілеріне  өндеуші 
салаларды  белсенді  игеруге  жэне  сыртқы  рынокқа  тауарлар  мен 
қызмет  көрсетулерін  белсенді  жылжытуга  түрткі  болатын  жэне 
сыртқы  сауда  қызметінің  жалпы  көлемінде  олардың  үлесін  арт- 
тыратын  «қазақстандық  қүрам»  көрсеткішінен  таяныш  іздеу  ғана 
қалады.
Кесте:  Қазақстан сыртқы  сауда айналымының динамикасы
(млн.  АҚШ доллары.)
2007
2008
2009
2010
2011
Сыртқы
сауда
айналымы
80511.7
109072.6
71604.4
88976.6
129500.0
Экспорт
47755.3
71183.6
43195.7
59216.6
88500.0
Импорт
32756.4
37889
28408.7
29760
41000.0
206


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау