6)
дамуды көтермелеудің «жұмсақ» шараларына (бизнес-орта,
білім беру, консалтинг жэне т.б.) бөлінеді.
¥лтты қ экономика деңгейінде мемлекеттік ықпал етудің негізгі
бағыттары ұйымдық, заңнамалық-құқықтық жэне қаржылық-
экономикалық реттеу болып табылады.
Ұйымдық жэне экімшілік шаралар арқылы мемлекет жаңа
кәсіпорындарды орналастыру немесе кеңейту, істеп тұрған бар
кәсіпорындар мен мекемелерді қайта мамандыру мүмкіндіктерін
анықтайды. Мыналар: құрылыс немесе кеңейту үшін жер телімде-
рін беру, инфрақұрылымды (өндірістік жэне нарықтық түрінде),
ақпараттық және маркетингтік тұрғыда дамыту ыкпал ету тетіктері
болып табылады.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің заңнамалық-кұқықтық
бағыты еркін экономикалык аймақтарды, технопарктер мен басқа
да айрықша экономикалық аймақтарды құру мен заңдарды, қосалқы
заңнамалық актілерді, ережелер мен нұсқаулықтарды басып шығару
жолымен қолдаудан тұрады. Оларда ұйымдастыру мен жасап
шығарудан басқа уәкілеттіліктер шегінің аражігін бөлу, қаржылық
және материалдық үлес жэне т.б. айқындалуы мүмкін.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің қаржылық-эко-
номикалық бағыты оларға тэн реттегіш тетіктері болатын бюд-
жеттік-салықтық жэне қаржылық-несиелік жүйелер, сондай-ақ
жоспарлық реттеу - болжау, бағдарламалау мен жоспарлау жүйесі
болып табылады.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің қаржылық-эконо-
микалық бағыты макро жэне микротетіктерді қамтиды. Макро-
тетіктер кәсіпкерлік қүрылымдардың әрекетіне ықпал етеді.
Аймақтық саясаттың макротетіктерінің ішіне ақша-қаражат, бюд-
жеттік салықтық жэне тарифтік саясаты жатады, яғни жеңілдікті
несиелік ставкалар, кіріске жеңілдетілген салықтар, жеңілдікті
көлік тарифтері, жалақыға қосымшалар жэне т.б. белгіленеді.
Мұның барлығы аймақтар халқының өмір сүру деңгейін арттыру,
адам жэне табиғат ресурстарын шаруашылық үдерісіне қосу үшін
жүргізіледі.
Микротетіктер өндірістің екі негізгі факторына тікелей ықпал
етеді. Микротетіктер еңбек пен капиталға ықпал ету үшін пайдала-
нылады. Еңбекке ықпал ету олар иелік ететін мамандық бойынша
жұмыс орны болмаған жағдайда қайта дайындау арқылы адамдар-
189
ды жаңа мамандыққа бағдарлау. Сондай-ақ көшу шығындарын өтеу,
тұрғын үй салуға несие беру жэне т.б. жолдармен басқа аймақтарға
көшіру үшін пайдаланылады. Мемлекеттің капиталға ықпалы капи
тал нарығының тиімділігін арттыру, салықтық жеңілдіктер мен суб-
сидиялар, аймақтық экономиканы басқаруды жетілдіру, экімшілік
бақылауды айқын ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Республика
мен аймақтардың экімшілік органдарының өз бюджеттері болаты-
нын ескерер болсақ, макро жэне микротетіктерді барлық деңгейдегі
билік пайдаланады.
Аймақтық дамуды тікелей мемлекеттік реттеудің тетігіне
қосымша орталықтағы жэне жергілікті жерлердегі билік ор-
гандары аймақтарды мемлекеттік жэне жергілікті бюджеттен
қаржыландырудың аймақтық бағдарламаларын жасайды жэне
бекітеді. Бағдарламаларда құрылым түзуші инвестициялық жо-
балар, жалпы мемлекеттік жэне жергілікті қажеттіліктер үшін
тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізіп беруге тапсырыстар-
ды орналастыру қарастырылады. Мемлекеттік жэне жергілікті
бағдарламаларды іске асырғанда қаржылық жэне салықтық реттеу
мемлекет қатысуының аса маңызды формасы болып табылады.
Аймақтар дамуын реттегенде мемлекет экономикалық жэне
қаржылық шаралармен нығайтылған индикативті жоспарлауды
белсенді пайдаланады.
Аймақтарды дамытуда қажетіне қарай еркін экономикалық
аймақтарды, ғылыми технопарктерді, мамандандырылған компа-
нияларды, мемлекеттік жекеменшік жэне шетелдік капиталы бар
фирмаларды қүру қажет. Мемлекеттік жэне жергілікті билік ор-
гандары ішкі жэне аймақ аралық өнеркәсіптік жэне ақпараттық
инфрақұрылымды құра отырып, тікелей жэне шетелдік инвестици-
яларды тарту үшін тиісті экономикалық жэне әлеуметтік климатты
жасаулары тиіс.
Аймақтар дамуын реттеу тетіктерін анықтағанда мыса-
лы, экологиялық апатты аймақтар, шекара маңы аймақтары,
жартылай шөлейт жэне шөлейтті, жету қиын аудандар, еркін
экономикалық аймақтар сияқты аймақтар арасындағы табиғи-
климаттық жэне элеуметтік-экономикалық айырмашылықтарды
ескеру қажет. Реттеу тетігін таңдағанда қолма-қол жэне әлеуетті
қорларды және аймақтардың табиғи, минералдық-шикізаттық,
отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілу дэрежесін,
190
өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы салаларының даму дәрежесін,
инфрақұрылымның дамуын анықтап алу қажет. Жоғарыда аталған
факторлардың даму дәрежесі мемлекеттің жергілікті өзін-өзі рет-
теуге жэне эр аймақтың қайта жаңғыру үдерісінің ерекшеліктеріне
мемлекеттің ықпал ету дәрежесін айқындайды.
14.3. Қазақстан аймақтары дамуын мемлекеттік
реттеудің жай-күйі мен проблемалары
Қазақстан аймақтарының даму проблемалары мемлекеттік
және әлеуметтік саясаттың маңызды компоненттері болып табыла-
ды. ¥ йымдық-құқықтық тұрғыда 1996 ж. қыркүйекте ҚР Үкіметі
«Қазақстан Республикасы Аймақтық саясатының концепция-
сын» мақұлдады, онда: саясаттың мэні, мақсаты, бағыттары мен
басымдықтары міндеттері, принциптері айқын түжырымдалған.
Мақсат халықтың тіршілік қызметі мен аймақтардың ресурстық-
өндірістік элеуетін тиімді пайдалану үшін бірдей мүмкіндіктер
туғызумен айқындалады. Мақсатты жүзеге асыру үш сатыда
жоспарланған: бірінші саты 1996-1997 жж., екіншісі 1998-2000 жж.,
үшіншісі - 2001-2010 жж. Бұл үш сатының өз міндеттері болды
жэне жеті принципке негізделді.
Концепцияда аймақішілік басымдықтар бөліп көрсетілген,
іске асыру механизмдері нақтыланып, аймақтардың төрт тобы
бөлініп алынған. Саясатты жүзеге асырудың маңызды тетіктеріне:
элеуметтік-экономикалық дамудың, жалпы мемлекеттік, аймақтық
жэне салалық деңгейлердегі жоспарлардың кешенді болжамы, ар-
найы экономикалық аймақтардың қүрылуы, шетелдік инвести-
цияларды, қазіргі заманғы технологияларды, шетелдік ғылыми-
техникалық жэне басқару тәжірибесін тарту, таяу жэне алые
шетелдермен экономикалық интеграция жатқызылған.
Республикалық билік органдарының реттегіш функцияларына
мыналар жатқызылған:
- аумақтық шаруашылық жүргізудң барлық субъектілеріне,
атқарушы биліктің барлық деңгейлеріне арналған заңнамалық,
құқықтық жэне нормативтік негіздерді әзірлеу;
- аймақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын
анықтау;
- өмір-тіршіліктің ең аз деңгейінде мемлекеттің кепілдемесін
қамтамасыз ету;
191
Достарыңызбен бөлісу: |