14. АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
14.1. Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу ұғымы,
мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Тэуелсіздікті алу мен нарықтық экономикаға өту ел аймақ-
тарының дамуын өзгертті. Экономикалық әдебиетте аймақ деп елдің
халқы жэне өндірістік жэне әлеуметтік инфрақұрылым негізінде
ішкі байланыстары дамыған аумақтық басқару органы бар бөлігін
атайды.
Экономикалық қатынастардың нарықтық заңдылықтары ай-
мақтардың табиғи, минералдық-шикізаттық, отын-энергетикалық
ресурстарымен, олардың элеуетті қормен қамтамасыз етілуін, өнер-
кәсіптік, ауылшаруашылық өндірісінің даму деңгейін, өнеркэсіптік
жэне ақпараттық инфрақұрылымын, аймақтардың мамандануын
есепке алу қажеттігін талап етеді. Мұның барлығы мемлекеттік
билік органдарының экономикалық жэне элеуметтік қатынастарды
реттеуін қажет етеді. Бұл істегі мемлекеттік саясаттың ба-
сты мэселесі жергілікті нақты жағдайларды жэне аймақтык
нарықтар әлеуетін барынша жоғары деңгейде пайдалану негізінде
аймақтардың экономикалық дамуын көтермелеу болып табылады.
Тиімді ұлттық нарықсыз дамыған аймақтық нарық, ал дамыған
аймақтарсыз дамыған ел бола алмайды.
Экономиканың аймақтық дамуын мемлекеттік реттеу мәселелері
бірқатар себептерге байланысты, олардың арасынан мыналарды:
1) табиғи ресурстардың біркелкі орналаспауы мен өмір сүру
жағдайының табиғи-климаттық айырмашылығын;
2) демографиялық айырмашылықтар мен халықтың біркелкі ор-
наласпауын;
3) өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы, өндірістің ескірген
құрылымы, инновацияның болмауы немесе кешіктіріліп енгізілуін;
4) әлеуметтік-мәдени факторларды;
5) жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлік климатты қолдаудың
жеткіліксіздігін атап өту керек.
186
Аймақтар проблемасына қазіргі кезде жіті назар аударылуы
аумақтардың айқын дифференциациясына байланысты болып
отыр, бұл қайшылықтардың асқынуына, ішкі нарықтың дамымай
қалуы мен аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың
жеткіліксіз болуына әкеп соғуы мүмкін. Нарықтық экономиканы
дамытудағы әлсіз белсенділік республикалық бюджетке салмақ
түсіреді. Мұның барлығы аймақтарды дамытуға бағытталған
аймақтық
саясатты
қалыптастыру
қажеттігін
талап
етеді.
Аумақтар экономикасын реттеу проблемалары көп ретте тари-
хи қалыптасқан экономикалық, саяси, элеуметтік жағдайлардан
туындайды. Осыдан барып аймақтық шаралар мақсаты туын-
дайды, ол экономикалық дамудағы диспропорцияны жоюмен,
аумақ элеуетін едэуір толық пайдаланумен, елдің депрессия-
лы аймақтарының дамуына атсалысумен айқындалады. Ендеше,
аймақтық экономикалық саясат «ұлттық, аймақтық жэне жергілікті
мүдделердің белгілі бір элеуметтік-экономикалық тепе-теңдігіне
қол жеткізу үшін мемлекеттің ғылыми негізделген ықпал ету
шараларының жиынтығы» болып табылады. Мүдделердің көптігі
түрлі мақсаттардың, оларға қол жеткізудің эртүрлі механизмдері
мен тетіктеріне сэйкес келетін республикалық, аймақтық жэне
жергілікті деңгейлердегі түрлі тэсілдерінің болуын айқындайды.
Мыналар:
- ұлттық экономика позициясы тұрғысынан аймақтың бола-
шағын айқындау;
- жергілікті ресурстарды кешенді пайдалану негізінде эр аймақ
экономикасының пропорционалды дамуын қамтамасыз ету;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін
теңестіру;
- халықты экономиканың мемлекеттік, экономикалық және
әлеуметтік жэне ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қарай орналастыру;
- жергілікті жэне республикалық экономикалық мүдделерді
үйлестіру арқылы аймақтардың бақуаттылығын қамтамасыз ету;
- құрылымдық алға басушылық пен аймақтық жэне үлттық
экономикалардың тиімділігін қамтамасыз ететін аймақаралық жэне
аймақішілік инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту;
- аймақтардағы элеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтан-
дыру аймақтарды дамытудағы мемлекеттік реттеудің міндеттері бо
лып табылады.
187
Аймақты дамыту міндеттерін құрылымдық, инвестициялық,
сыртқы экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын экономиканың
жалпы дамуымен тығыз байланыстыру керек.
Биліктің барлық тармақтарының республикалық және жер-
гілікті деңгейде өз міндеттерін атқаруы экономиканың аймақтық
дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы принципі болып табы-
лады. Биліктің мемлекеттік органдары осылардың негізінде
елдің даму бағдарламасы, өндіріс күштерінің орналастырылуы,
елдің дамуындағы эр аймақтың орны мен рөлі айқындалатын
құрылымдық жэне инвестициялық саясаттың басты бағыттарын
негіздеуі тиіс. Жергілікті билік органдары жергілікті ресурстарды
пайдалану, шаруашылық құрылымдарын рационализациялау жол-
дарын іздестіруі, экологиялық жэне элеуметтік мәселелердішешуі,
әртүрлі меншік формасындағы тауар өндірушілер тауарлары мен
қызмет көрсетулерінің бэсеке қабілеттілігін дамытуға атсалысуы
тиіс.
Аталған принциптерді басшылыққа ала отырып, мемлекет
лайықты игілік деңгейін қамтамасыз етуге жэне барлық аймақтар
азаматтарының бірдей мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ұмтылуы
тиіс. Бұл орайда мемлекет эртүрлі аймақтар халқының өмір сапасы
мен деңгейін механикалық теңестіру жолына түспеуі тиіс, өйткені
бұл нарықтық қатынастардың экономикалық заңдылықтарына
қайшы келеді.
14.2. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеудің
механизмдері мен тетіктері
Әлемдік тэжірибеде аймақтық саясатты іске асырудың тетіктері
мынадай алты топқа:
1) әкімшілік-басқарушылыққа;
2) халқы тығыз қоныстанған аудандарда жаңа кәсіпорындарды
орналастыруды тежеу құралдарына;
3) мемлекеттердің экономикалық қызметін кеңістіктік белуге;
4) жаңа жұмыс орындарының қүрылуына байланысты қаржылай
көтермелеуге;
5) өндірістік жэне әлеуметтік инфрақұрылымды жасауға (көлік
саласындағы концессия механизмі жэне т.б.);
188
Достарыңызбен бөлісу: |