- жалпы мемлекеттік сипаты бар аумақтық мәселелердішешу
(Арал маңы жэне т.б.);
- тұтастай алғанда ел үшін маңызды мэні бар аумақтардың ба-
сым дамуын қамтамасыз ету.
Жергілікті билік органдарының функцияларына:
жергілікті шаруашылықты ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайлар жасау;
- табиғатты қорғау мен жергілікті ресурстардың барлық түрін
рационалды пайдалану және т.б.
2001 ж. желтоқсанда ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының
2020-2006 жылдарға аймақтық даму концепциясын» қайта әзірледі
жэне мақүлдады, онда аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайына талдау жасалып, аймақтық саясаттың мақсаттары,
міндеттері нақтыланған. Бүл қүжатта Қазақстанның аймақтары
алты топқа бөлініп, проблемалы аймақтарға мемлекеттік қолдау
көрсету жөніндегі шаралар қолға алынып, соңғыларын анықтау
критерийлері белгіленген.
Аймақтық саясаттың келесі қадамы депрессиялы аймақтар (Арал
маңы, Семей полигоны), шағын қалаларды, ауылдық аумақтарды
дамыту болды. Атап айтқанда, олар 2004-2010 жылдарға ауылдық
аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,
бұрынғы Семей полигонының проблемаларын шешу жөніндегі
бағдарлама, Қазақстан Республикасын 2015 жылға дейін аумақтық
дамыту стратегиясы жэне т.б. болды.
Осылайша, XX ғасырдың аяғында, XXI ғасырдың алғашқы
онжылдығында ұйымдық-әкімшілік жэне заңнамалық-құқықтық
бағытта Қазақстанда белгілі бір жұмыстар жүргізілді. Бұл
бағыттағы келесі қадам «Қазақстан - 2030» аясында «Стратегиялық
жоспар - 2020» бағдарламасын әзірлеу болды. «Стратегиялық жо-
спар - 2020» жоспарында бес негізгі бағыт белгіленген. Жоспар-
да іскерлік климатты жақсарту, қаржы жүйесінің орнықтылығын
қамтамасыз ету жэне болашақта сапалық өсу үшін негіз қалануына
ықпал ететін сенімді қүқықтық ортаны қалыптастыру жөніндегі
шаралар кешенін іске асыру қарастырылған.
Барлық бағыттар белгілі бір деңгейде аймақтық мәселе-
лердішешеді. Осы орайда аймақтық саясат мәселелері «Страте-
гиялық жоспар - 2020» жоспары, сондай-ақ қарқынды индус-
триялық-инновациялық
дамудың
Мемлекеттік
бағдарламасы
аясына енгізілді.
192
Қаржылық-экономикалық бағытта республикалық билік орган-
дары аймақтарға субвенциялар, дотациялар бөлу, инвестициялық
саясат жүргізу, білім беруді, денсаулық сақтауды, спорт пен
туризмді дамытуға республикалық бюджеттен қаражат бөлу жэне
т.б. жолдармен ықпал етеді. Сонымен бірге аймақтық саясаттың
негізгі тірегін жергілікті жерлерге көшіру тенденциясы байқалуда.
Мұндай жаңаша қырынан келудің мысалы ретінде, облыстық
әкімшіліктердің шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі әре-
кеттерін атауға болады. Атап айтқанда, Жамбыл облысының
әкімшілігі аймаққа Ресейлік ірі «ЕвроХимУдобрения» компания-
сын тартты.
Қазақстанның басқа аймақтарының ішінен Қарағанды облы-
сының басшылығы да аумақтық дамуға қомақты үлес қосқан.
Облыстың тауар өндірушілері ұлттық компанияларға 29 млрд
теңге көлемінде тауарлар жеткізіп, қызметтер көрсеткен, жергілікті
жүйетүзуші кәсіпорындардың айналымы 350 млрд теңгеден
астам соманы қүрады, мұндағы үлестік қүрамның 67% астамы
қазақстандық болды. Индустриялизациялау картасы бойынша 9
инновациялық өндіріс іске қосылып, онда тұрақты негізде 8087
адам еңбекке орналастырылған. Мемлекеттік билік органдарының
реттегіш фунциялары тек өнеркәсіпті ғана емес, экономиканың
ауылшаруашылығы секторын да қамтиды, бұл жиынтық көлемнің
астық жинауда (322 мың тонна), картоп жинауда (117 мың тонна) ар-
туымен, ет, сүт, жұмыртқа өндірудің, мал басының өсуімен көрініс
берген, мұның барлығы облыстың негізгі тамақ өнімдерімен өзін-
өзі толық қамтамасыз етуіне мүмкіндік берген.
Аймақтық билік тарапынан жергілікті басшылықтың күш-
жігерін үйлестіру жэне мемлекеттік биліктің түрлі салаларының
толық қолдауы арқылы ғана жергілікті жерлердегі экономикалық
жетістікке қол жеткізіледі.
Қысқаша қорытындылар:
1.
Елдегі саяси климат халықтың экономикалық, әлеуметтік
жағдайына байланысты болады, сондықтан мемлекеттік билік-
тің басты мәселесі жергілікті нақты жағдайды жэне аймақтық
нарықтар әлеуетін барынша жоғары деңгейде пайдалану негізінде
аймақтардың дамуын көтермелеу болуы тиіс.
193
2. Қазақстан басшылығының аймақтар проблемаларына қазіргі
кездегі жіті назар аударуы қайшылықтардың ушығуына, мемлекеттік
бюджетке түсетін салмақтың артуына әкеп соғатын аймақтардың
айқын дифференциациясына, нарықтық қатынастарды дамытудағы
әлсіз белсенділікке байланысты туындаған.
3. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу экономиканың жалпы
жағдайына, құрылымдық, инвестициялық, сыртқы экономикалық
саясаттың негізгі бағытын таңдауға тікелей байланысты болады,
сондықтан міндеттердің орындалуын мемлекеттік жэне жергіліісті
деңгейдегі биліктің барлық тармақтары жүргізуі тиіс.
4. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің механизмдері
мен тетіктерін анықтағанда аймақтар арасындағы табиғи-кли-
маттық, элеуметтік-экономикалық айырмашылықтарды ескеру ке-
рек. Мемлекеттің жергілікті өзін-өзі реттеуге жэне эр аймақтың
қайта жаңғыру үдерісіне ықпал ету дәрежесі аймақтардың даму
деңгейіне байланысты болады.
5. Мемлекеттік билік органдары 1996,2001 жылдары ҚР аймақтық
саясатының концепциясын, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004
- 2 0 1 0 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР 2015
жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын әзірледі. Аймақтар про-
блемасы басқа бағдарламаларда да назардан тыс қалған жоқ, атап
айтқанда «Стратегиялық жоспар - 2020», ИИД МҚ жэне т.б.
Негізгі терминдер мен үғымдар:
• аймақтарды дифференциациялау
• біркелкі емес даму
• аймақтардың өзін-өзі қамтуы
• аймақаралық
• аймақішілік
Сүрақтар мен оқу тапсырмалары:
1. Экономиканың аймақтық дамуын мемлекеттік реттеу мэсе-
лелері қандай себептермен байланысты?
2. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің міндеттерін
жэне принциптерін атап өтіңіздер. Осыларға орай сіздің аймақтағы
осы мәселелердің шешілуін талдап көріңіз.
194
Достарыңызбен бөлісу: |