орын алған. Орташа сипаттағы сыртқы экономикалық қызмет ашық
экономика мен протекционизмнің белгілі бір үйлесуінде көрініс
береді.
Мемлекет аралық істердегі жоғарыда аталған сыртқы эконо-
микалық қызметтің жоғарыда аталған формаларының, тәсілдерінің
жэне тетіктерінің барлығы ғасырлар бойы қалыптасқан жэне жетіле
түскен. Импортты тежеу жэне экспортты көтермелеу жөніндегі
протекционистік шаралар пайдаланылатын меркантилизм теория-
сы олардың теориялық негізі болды.
Өндіргіш күштердің дамуымен жэне машиналы өндіріске
өтумен, тауарларды өнеркэсіптік жолмен өндірудің дамуымен
фритредерлік немесе еркін сауда теориясы пайда болды, ол сыртқы
экономикалық қызметті дамыту үшін көптеген кедергілерді жойды.
15.2. Сыртқы сауда қызметін реттеу
Кез келген елдің сыртқы экономикалық қызметінде бірінші
кезектегі жэне едәуір маңыздысы сыртқы сауда болып табылады.
Әлемдік экономикадағы қазіргі заманғы сыртқы сауда БДСҮ-ға
мүше болу жағдайында ашық экономика болып табылады. БДС¥-ға
кірер кезде өтініш беруші мемлекет осы халықаралық экономикалық
ұйымның мүшесі болғысы келетіні жайында өтініш береді. БДСҮ
мүшелері комиссия тағайындайды. Қазақстан болса өтінішті 1996
жылы беріп қойған. Осы ұйымға мүше 43 мемлекеттен комиссия
тағайындалды. Оларды 26-ы келіссөздер үдерісін жүргізуге ықылас
білдірді. 2011 жылдың сәуірінде Сауд Арабиясынан басқа барлық
мемлекеттермен келіссөздер аяқталды. Яғни БДС¥-ға кіруге
екіжақты келісім кезінде эр ел өз мүддесін қорғайтын ұзақ келіссөз
үдерісі болады. Мемлекеттер келіссөздерді өздерінің экономикалық
мүдделерін жэне қауіпсіздігін қорғай отырып жүргізеді жэне
протекциялық шаралардың белгілі бір жүйесін де пайдаланады.
Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу заң шығарушы-
лық, реттегіштік жэне бақылаушы сипаттағы шаралар арқылы
экономиканың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін үдерістерге
үйлестірілген жиынтық ықпал ету болып табылады. Сыртқы сау
да саясаты отандық ұйымдардың әлемдік рынокқа шығуына қол
жеткізуін қамтамасыз ету, басқа елдер кәсіпорындары тарапынан
болатын әділетсіз бэсекеден отандық ұйымдарды қорғау, экспорт
201
пен импорт құрылымының өзгеруін көтермелеу, әлемдік рынок-
та тауарлары мен қызмет көрсетулерін жылжытуы үшін отандық
ұйымдарға қаржылық-ақпараттық қолдау жасау мақсатында басқа
елдермен сауда-саттық катынастарды реттеу болып табылады.
Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу ҚР Конституциясы-
на негізделеді жэне мемлекеттік заңдар мен нормативтік актілерге,
сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпылар мойындаған принцип-
тер мен нормаларға жэне халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге
асырылады. Қүқықтық реттеу жүйесіне: ҚР Кедендік Кодексі,
«Кедендік тариф туралы» ҚР Заңы, «Сауда қызметін реттеу туралы»
ҚР Заңы, «Еркін экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңы, «Шека-
ра маңындағы сауда туралы» ҚР Заңы жэне т.б. кіреді.
Мыналар: қызметті іске асыру тэртібін анықтау, тауарлардың
кедендік шекара арқылы өткізілу шарттарын белгілеу, экспорттық
қызметтің дамуын көтермелеу, сауда қызметін мемлекеттік бакылау
жэне қадағалау сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу форма-
лары болып табылады.
Мыналар: кедендік-тарифтік реттеу, тарифтік емес реттеу,
тарифтік квоталарды қолдану, арнайы, қорғаныстық, демпингке
қарсы жэне өтемін төлету шараларын қолдану, тауарлардың са-
тылуын тоқтата тұру жэне тауарлардың сатылуына тыйым салу,
халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу сыртқы сау
да қызметін мемлекеттік реттеу тетігі болып табылады. Сонымен
қатар мемлекет заңдық тұрғыда ҚР Үкіметінің, уәкілетті орган мен
жергілікті билік органдарының құзыретін белгілейді.
Реттегіштік үдеріс сыртқы сауда қызметін дамыту жөніндегі
мемлекеттік шараларды қамтиды, оларға:
- экспорттық несиелерге кепілдік беру жэне сақтандыру жү-
йелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- сыртқы сауда қызметін көтермелеуге түрткі болатын сауда
көрмелерін, жәрмеңкелерді жэне т.б. шараларды ұйымдастыру;
- сыртқы сауда ақпаратының және ақпараттық-кеңістіктік қыз-
меттердің жүйесін жасау;
- сыртқы сауда қызметін көтермелеу мен қолдаудың басқа фор-
маларын іске асыру жатады.
Сыртқы сауда қызметін реттеу тетігіне шаралардың кең ауқымы
пайдаланылады, олар жалпы жэне арнайы тетіктер болып бөлінеді.
202
Жалпы тетіктерге инвестициялық саясат түріндегі, ақшалай-
қаражаттық жэне ұлттық экономиканың жай-күйіне реттегіш
ықпал ететін жэне сөйтіп СЭҚ-тің материалдық базасын жасайтын
экономикалық саясаттың басқа да түрлері жатады
Арнайы тетіктерге эдетте кедендік-тарифтік реттеуді, тарифтік
емес реттеуді, өтемақылық шаралары жатқызады, сондай-ақ қазақ-
стандық заңнамада тыйым салулар мен шектеулер бар. Әлемдік
тэжірибеде жэне оқу әдебиетінде сыртқы сауда қызметінің тетігі
ретінде СЭҚ-ті жүзеге асырудағы тікелей ықпал етуді бөліп
көрсетеді.
Сыртқы сауда қарым-қатынастарын реттеудің тарифтік тетіктері
өзі көздеген мақсат пиғылы салықтық алымдар жүйесі арқылы іске
асырады. Салықтық алымдар:
- фискальді - мемлекеттік бюджетті толтыруға арналған;
- протекционистік - отандық өндірушілерді қорғауға арналған;
- реттегіш - елге келетін және елден шығарылатын тауар
тасқынын реттеуге арналған үш негізгі функцияны атқарады.
Кедендік алымдар екі түрдің тарифтік алымдарына (импорттық
жэне экспорттық кедендік тарифке) негізделеді.
Тарифтік емес тетіктер сыртқы сауданы тікелей жэне жана-
ма тэсілдермен шектеу үшін енгізіледі. Тікелей тетіктер квота-
лау, лицензиялау, экспортты ерікті түрде шектеу, демпингке қарсы
өтемақылық алымдар мен жиналымдар сияқты тетіктерді пайда-
ланады. Жанама тәсілдер техникалық, санитарлық, мал дәрігерлік
жэне басқа да талаптарды, сондай-ақ экімшілік жэне кедендік
формалдылықты қамтитын жасырын тетіктердің көмегімен жүзеге
асырылады. Қаржылық тетіктер өз функцияларын импорттық
депозиттердің, экспортты субсидиялау мен экспортты несиелеудің
көмегімен жүзеге асырады.
Тарифтік емес жүйеден импортталатын тауарлардың құнын
кедендік ақы үстінен арттыратын паритарифтік жүйені тағы да
бөліп ажыратады. Импортталатын тауардың құнын арттыратын
факторларға ішкі салықтар мен жиналымдарды ресімдеу, сақтау,
кедендік үлестіру үшін енгізілетін эртүрлі кедендік жиналымдар
ды, тіркеуге жэне енгізілген жэне басқа да жиналымдар, арнайы
салықтар, қосымша алымдар мен т.б. басқалары жатады. Бұдан
бөлек кедендік бағалауды директивалау, яғни кедендік алымдар
203
Достарыңызбен бөлісу: |