Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет1/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
27882

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
ЭКОНОМИКАНЫ
М Е М Л Е К Е Т Т І К   Р Е Т Т Е У


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
Е.  Б. Жатқанбаев
ЭКОНОМИКАНЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Оқулық
Алматы, 2014


ӘОЖ 330(075.8) 
КБЖ 65 я73
Ж 39
ҚР БҒМ  Әл-Фараби атындагы Қаз¥У  жанындагы Республикалъщ 
гылыми-әдістемелік кеңес басып шыгаруга ұсынгаи
Рецензенттер:
И. 
А. 
Бибатырова -  
экономика ғылымының кандидаты, профессор; 
А. А. 
Рамазанова -  
экономика ғылымының докторы, профессор;
Р. К.  Сағиева -  
экономика ғылымының докторы, профессор.
Орыс тілінен аударган Есім Сқақ
Жатқанбаев  Е. Б.
Ж 39  Экономиканы  мемлекеттік  реттеу: 
Оқулық.  -   Алматы:  2014  -  
216 6.
ISBN 978-601-7427-32-0
Оқулықта  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің 
теориялық  ж эн е  практи- 
калык  қырлары  қаралады,  қазіргі  заманғы  қазақстандық  экономикадағы  билік 
органдары ның  реттегіш  рөлі туралы ж үйелі ұғым берілген, коғамдық өндір ім н ің 
маңызды аялары мен салаларындағы реттегіш  функциялар, әдістер , м еханизм дер 
мен  тетіктер  көрсетілген.
Оқулық  стунденттерге,  магистранттарға,  докторанттар  мен  экономика  ма- 
мандықтары  бойы нш а  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  проблемалары  қызык- 
тыратын  Ж ОО  оқытушыларына  арналған.
ӘОЖ 330(075.8) 
КБЖ 65 я73
О  Е.  Б.  Жатканбаев,  2014
7-вНЗДрабиатындауы  ҚазУУ-нІң 
Ғылыми  кітапханасы 
Оқулық  коры
со 
ҚР Жоғары  оқу орындарының 
қауымдастыгы,  2014


Алғы сөз
«Экономиканы  мемлекеттік  реттеу»  курсы  бойынша  сіздердің 
назарларыңызға ұсынылып  отырған оқулық нарықтық институттар 
мен  инфрақұрылым  жасалып,  мемлекеттік  басқару  жүйесі  айқын- 
далған,  заңдар  мен  қосалқы  заң  актілері  шығарылған,  сондай-ақ 
қазақстандық қоғамның толыққанды тіршілік қызметі үшін қажетті 
басқа  да  нышандар  жасалып  болған  жағдайда  жазылды.  Сонымен 
қатар,  өтпелі  сатының  аяқталуы  қазақстандық  қоғамда  нарықтық 
қатынастардың  қалыптасу үдерісі  аяқталғанын  білдірмейді,  өйтке- 
ні  ел  экономикасы  постиндустриалды  кезеңге  лайықты  материал- 
дық-техникалық  базаға  ие  бола  қойған  жоқ.  Қазір  осы  бағытта  за- 
манауи  автобандар,  теміржол,  су  жэне  эуе  тасымалдары  түріндегі 
техникалық  инфрақұрылымдарды  жасау  шаралары  қолға  алынуда, 
қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар енгізіліп, қажетті инсти­
туттар және т.б. құрылуда. Қажетті институттардың құрылуында тек 
техникалық  прогрестің  ғана  емес,  тұтастай  қоғамның  қозғаушысы 
болуы тиіс іскерлік құрылымдар маңызды рөл атқарады. Бұл орайда 
дамыған елдердің тәжірибесін ескеру қажет, біз олардың жинақтаған 
тэжірибесін,  техникасын,  технологиясын  ғана  емес,  қоғамдық  да- 
муды  прогрестік  бағытта  басқара  білу  машығын  да  игере  білуіміз 
керек.  Бұлай  басқару  үшін  объективті  түрдегі  экономиканы  рет­
теу  үдерісі  қажет.  Біздің  қоғамның  бүгінгі  таңда  әлемде  орнаған 
тэртіпте  өмір сүріп жэне жұмыс істеп отырғанын ескеру керек.
Әлемдік  жаңа  экономикалық  тэртіп  туралы  мәселе  -   бұл  тек 
әлемдік  ақша  немесе  дамыған  жэне  дамушы  елдер  немесе  елдер 
арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе ғана емес. Бүл ең алдымен 
қазіргі  заманғы  экономика дегеніміз  не  жэне  онда  шаруашылықты 
қалай  жүргізу  керек  деген  мәселе.  Қазіргі  заманғы  шаруашылық 
жүргізу  қызметінде  мемлекеттің  рөлі  қандай  жэне  шаруашылық 
үдерістеріне мемлекеттің ықпал етуі қаншалықты дәрежеде дендеуі 
тиіс?  Жалпы  қырынан  алсақ  Дж.  Стиглицтің  ойы  дұрыс,  ол  өзінің 
кітабында:  «Үкіметтер  кейде  сэтсіздікке  үшырайтындықтан  олар 
нарық  күйзеліске  ұшырағанда  оның  ісіне  араласпаулары  тиіс  де-
3


ген  тұжырым  ешқандай  сын  көтермейді  және  нарықтарда  кейде 
күйзеліс  болып  тұратын  себептерге  сэйкес  нарықтық  экономика- 
дан  мүлдем  бас  тарту  керек  деген  қарама-қарсы  уәж  (аргумент) 
үшін  де  ешқандай  негіз  жоқ»  деп  жазады.  Бұл  ойдың  дүрыстығын 
Еуропалық  Одақ  елдеріндегі  дағдарыс  оқиғалары  толығымен  рас- 
тап отыр.
Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  салыстырмалы  түрде  жаңа 
оқулық пэні. Көптеген жағдайларда мемлекеттік реттеуге жататаын 
мәселелер шеңбері әлі де анықталмаған.  Үкіметтің мемлекеттік ор- 
гандары  қандай  да  бір  экономикалық үдерістерді  қандай  дәрежеде 
реттейтіні  жэне  бұл  орайда  қандай  тәсілдер  мен  қүралдарды  пай- 
дал ана алатыны да айқындалмаған.  Экономиканы мемлекеттік рет- 
теудің  мэнді  сипаттамалары  да  анықталмаған.  Ғылыми  жэне  оқу 
әдебиеттерінде  мемлекеттік  реттеуді  көбінесе  билік  органдары- 
ның  шаруашылық  үдерістеріне  араласуы  деп  түсінеді.  Басқалар 
реттеуді  биліктің  экономикаға  ықпал  етуі  деп  тұжырымдайды. 
Шынтуайтында, аталған шаралар қоғамның шынайы экономикалық 
өмірінде  орын  алған.  Осыдан  ой  туындата  отырып,  біз,  мемлекет- 
тік  реттеудің  пайда  болу  жэне  даму  үдерісін  жүйелеуге  жэне  өз 
көзқарасымызды ұсынуға тырыстық.
Тағы  бір  қырын  алсақ,  ұсынылып  отырған  оқу  кұралында  эко­
номиканы  реттеу  тәсілдері  ретінде  болжау,  бағдарламалау  жэне 
жоспарлау  тәсілдері  қаралады.  Барлық  елдерде,  тиісінше  барлық 
оқулықтарда  бұл  проблематика  посткеңестік тэуелсіз  елдердегідей 
түсіндірілмейтінін  мойындау  керек.  Біреулер  жоспарлаудың  рөлі 
мен мэнін жоққа шығаруда, басқалары басымдық беруде. Бұл қазіргі 
экономикалық  өмірде  осы  құбылыстың  бір  жақты  емес  екенін 
көрсетеді.  Дегенмен  көптеген  дамыған  елдерде  аталған  тэсілдерді 
нарықтық  қатынастар  аясында  пайдаланады,  сөйтіп  жоспарлық 
қарым-қатынастардың рөлі мен маңызын мойындайды.
Мемлекеттік  реттеу  жөніндегі  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын- 
да  тиісті  назар  аударылмайтын  басқа  жағы  -   мемлекеттік  меншік. 
Қазіргі  заманғы  экономикалық  қарым-қатынастарда  мемлекеттік 
меншіктің болуы, оның нарықтық қатынастың барлық жағына ықпал 
етуі  сияқты  дау  тудырмайтын  құбылыс.  Мұның  жарқын  мысалы  -  
мемлекеттік  меншікті  жекешелендіру  жэне  мемлекет  меншігінен 
шығару  немесе  жеке  меншік  пен  корпоративтік  меншікті  мемле­
кет меншігіне алу нарықтық немесе нарықтық емес қатынастардың
4


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау