Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет73/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85

209
22-сурет. Шетелдік тау-кен-геологиялық кəсіпорындары табысының қалыптасуы мен
бөлінуінің сұлбасы
15.2. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы жер қойнауын
пайдаланудағы салық жүйелері
Қазіргі  кезде  Ресей  Федерациясының  салық  жүйесі 1991 жылғы 27
желтоқсандағы № 2118-1 «Ресей Федерациясындағы салық жүйесінің негіздері
туралы» РФ Заңымен жəне оған Президенттің 1993 ж. 22 желтоқсандағы
№ 2270, 1993 ж. 24 желтоқсандағы № 2292 жəне 1993 ж. 21 мамырдағы №5006
Жарлықтарымен енгізілген өзгертулермен толықтырулары арқылы анықталады.
Осы заңға сəйкес, салықтардың мына топтары белгіленеді:
1. Федералдық:
 қосымша құн салығы;
 тауарлардың жеке түрлері мен топтарына енгізілетін акциздер;
 кəсіпорындар мен ұйымдардың пайдасына (табысына) салық;
 сақтандыру қызметінің табысына;
 биржалық қызметке;
 құнды қағаздармен операцияларға;
 кедендік баж , т.б. кедендік төлемдер;
  минералды-шикізат  базасын  ұдайы  өндіруге  бөлінетін  арнайы  РФ
бюджеттік қорына салынатын қаражаттар;
Шығарылаты
н кен қорлары
Өнім бағасы
Жылдық
өндірістік
қуаттылық
Өткізуден
түскен жалпы
жылдық табыс
Өндірістік жəне
əкімшілік шығындар
Жалпы пайда
Тозу мен
амортизацияға
төлемдер
Салық
салынатын
пайда
Салықтық жеңілдіктер, оның
ішінде жер қойнауының
таусылуына қарастырылған
жеңілдіктер
САЛЫҚТАР
ТАЗА ПАЙДА
Дивиденттер
Жеке қаражаттар (cash flow)


210
 табиғи қорларды пайдалану үшін федералдық, республикалық, өлкелік
жəне  облыстық  бюджеттерге  РФ  заңнамалық  актілерімен  қарастырылған
талаптарға сай салынатын төлемдер;
 заңсыз тұлғалардың табыс салығы жəне Ресей Федерациясының барлық
аумағында міндетті болып саналатын басқа да салықтар.
2. Ресей  Федерациясының  құрамындағы  республикалардың, өлкелердің,
облыстардың, дербес аймақтардың салықтары:
 кəсіпорынның мүлік салығы. Бұл салық бойынша  төлемдердің сомасы
тең  бөліктермен  РФ  құрамындағы  республикалардың  республикалық
бюджеттеріне, өлке  мен  облыстардың  өлкелік  жəне  облыстық  бюджеттеріне,
дербес  облыстардың  облыстық  бюджеттеріне, дербес  аймақтардың  аймақтық
бюджеттеріне  жəне  аудандардың  аудандық  бюджеттеріне, төлемші  тұратын
орынға қарай, қалалардың қалалық бюджеттеріне аударылады;
 орман табысы;
 өнеркəсіп кəсіпорындарының сушаруашылық жүйелерден  алатын  суға
төлемдері.
Бұл 
салықтардың 
нақты 
мөлшерлемелері 
РФ 
құрамындағы
республикалардың  заңдарымен  немесе  басқа  жағдайлар  РФ  заңнамалық
актілерімен  белгіленбеген  болса, өлке, облыс, дербес  облыс, дербес  аймақтар
мемлекеттік үкімет органдарының шешімдерімен анықталады.
3. Жергілікті салықтар:
  заңсыз  тұлғалардың  мүлік  салығы (мүліктің  орналасу  орнына  қарай);
жер туралы заңнамаға сəйкес жер салығы;
  курорттық  аймақта  өндірістік  мақсаттағы  нысандардың  құрылысын
жүргізуге салынатын салық;
  азаматтар  мен  кəсіпорындардан, мекемелер  мен  ұйымдардан  милиция
қажеттіліктеріне, аумақтарды  жайластыруға, білім  беру  қажеттіліктеріне , т.б.
мақсаттарға жиналатын мақсатты алымдар;
 жарнама салығы, т.б.
РФ  кəсіпорындары  мен  ұйымдары  салық  төлемдерінен  басқа, елдің
бюджеттен тыс қорларына да міндетті төлемдер жасап отырулары тиіс.
Бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті төлемдерге (оларды басқаша
сақтандыру  жарналары  деп  атайды) Ресейде  мыналер  жатады: Зейнетақы
қорына; Халықты  еңбекпен  қамтамасыз  ету  мемлекеттік  қорына; халықты
міндетті медициналық сақтандыруға төлемдер; Əлеуметтік сақтандыру қорына
төлемдер; жол  қорларына  төлемдер. Көрсетілген  міндетті  төлемдер  өнімнің
(жұмыстың, қызметтің) өзіндік  құнына  енгізіледі. Өнімнің  өзіндік  құнына
сақтандыру  төлемдерін  енгізу  үшін, аталған  төлемдерді  есепке  алып  қана
қоймай, төлемдерді  жасау  қажет. Яғни, сақтандыру  төлемдерін, оларды
жинайтын  сəйкес  мемлекеттік  бюджеттен  тыс  қорларға  аудару  керек. Қазіргі
кезде  қолданыста  жүрген заңнамаға  сəйкес, бюджеттен  тыс  əлеуметтік  қорлар
бойынша, атап  айтқанда  Ресей  Зейнетақы  қоры  мен  Міндетті  медициналық
сақтандыру  қоры  бойынша, жұмыс  берушілер (төлем  жасаушылар) банк


211
мекемелеріне  императивтік  түрде  сақтандыру  жарналарын  аударудың  төлем
қағаздары мен еңбекақы төлеу құжаттарын бір уақытта тапсыруға міндетті.
Кəсіпорындар, мекемелер  мен  жұмыс  беруші-ұйымдар  үшін  барлық
негіздемелер  бойынша, оның  ішінде  мердігерлік  пен  тапсырыс  келісім
шарттары  бойынша  жұмыстарды  орындағаны  үшін  де, есептелген  еңбекақыға
қатысты жарналардың сақтандыру тарифі мына көлемде белгіленген, %:
 Ресей Зейнетақы қоры – 28;
 Əлеуметтік сақтандыру қоры – 5,4;
 Халықты еңбекпен қамтамасыз ету мемлекеттік қоры – 1,5;
 Халықты міндетті медициналық сақтандыру қоры – 3,6.
Сонымен  қатар, жұмыс  жасайтын  азаматтар  Ресей  Зейнетақы  қорына
табысының 1% көлемінде жарна төлейді.
Жол  қорларын  қалыптастыруға  бөлінетін  төлемдер, салық  салудың
дифференцияланған базалары бар бірнеше бөлек салықтардан тұрады:
 жанғыш-майлау материалдарын өткізуге;
 автомобиль жолдарын пайдаланушыларға;
 көлік құралдарының иелеріне;
 
автокөлік 
құралдарын 
сатып 
алуға (азаматтардың 
жеке
пайдалануларына алатын жеңіл автомобильдерден басқа).
Төлемдердің  заңнамамен  белгіленген  кезектілігі  болады. Табыстан
алдымен  жанама  салықтар (ҚҚС, акциздер), кейін  барлық  мүлік  салықтары
(кəсіпорын  мүлігіне, жерге, көлік  құралдары  иелерінің  салығы, т.б.), ал
соңынан, барлық қалған салықтар төленеді. Олардың ішіндегі негізгісі  табыс
салығы болып саналады.
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  бюджетті  реттеу  көздері
болып  табылатын  жалпы  мемлекеттік  салықтар  жəне  жергілікті  бюджеттердің
табыс көздері болып келетін жергілікті салықтар жұмыс жасайды.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
 заңды жəне заңсыз тұлғалардың табыс салығы;
 қосымша құн салығы;
 акциздер;
 құнды қағаздармен операциялар салығы;
  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  арнайы  төлемдері  мен  салықтары
(жазылу бонусы, коммерциялық ашылу бонусы, өндіру бонусы, роялти, үстеме
табыс салығы).
Жергілікті салықтар мен алымдар:
 жер салығы;
 заңды жəне заңсыз тұлғалардың мүлік салығы;
 көлік құралдары салығы;
  кəсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жəне  заңды  тұлғаларды  тіркеу
үшін алым;
 аукцион сатуларынан алым.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау