Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет70/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85

200
Экспорттық  бағалар – бұл  өндірушілердің  немесе  сыртқы  сауда
ұйымдарының  отандық  тауарларды (қызметтерді) əлемдік  нарықта  сататын
бағалары. Бұл бағаларды қалыптастыру алгоритмін былайша көрсетуге болады:
əлемдік  нарықта  бағдар-бағаны  таңдау; бұл  бағаны  мəміленің  нақты
талаптарына келтіру (сапаны, тасымалдауды, төлемді, сақтандыруды, сақтауды,
т.б. ескере отырып); экспорттық бажды қосу; ұлттық валютаға аудару.
Импорттық бағалар – фирмалардың тауарларды (қызметтерді) шетелде
сатып алатын бағалары. Импортқа шығарылатын өнімнің бағасы  импорттық
тауардың  кедендік  құнының  негізінде, импорттық  кеден  баждарын, валюта
бағамдарын, нақты тауарды ел ішінде өткізуге жұмсалатын шығындарды ескере
отырып белгіленеді.
Реттеу аясына байланысты  нарықтық жəне реттеуші бағалары болып
болінеді.
Нарықтық бағалар қатарына жататындар:
  өнім  мен  қызмет  өндірушінің  сұраныс  пен  ұсыным  негізінде
белгілейтін еркін бағалары. Бұл жағдайда сатушы мен сатып алушы сату-сатып
алу  мəмілесін  жасасқанға  дейін  де, одан  кейін  де  бір-біріне  ешқандай
міндеттемелері болмайды.
 тараптардың келісімі бойынша белгіленетін келісім-шарттық бағалар.
Бұл  жерде  сатушы  мен  сатып  алушы  келісім-шарт  жасаса  келе, белгілі  бір
міндеттемелерді қабылдайды.
  нарықтың  ішінара  немесе  толық  монополизациялануы  жағдайында,
бір немесе екі тарапты да еріксіз шарттарды қабылдауға мəжбүрлейтін бағалар.
Реттелетін бағалар – мемлекет бақылауымен белгіленетін бағалар (25
кесте). Реттудің тікелей жəне жанама əдістері бар. Тікелей реттеу  бекітілген
бағаларды, шекті  бағаларды, қосымшаларды, баға  өзгеруінің  шекті
коэффициенттерін, тиімділіктің  шекті  деңгейін  орнату  арқылы  жүзеге
асырылады. Жанама  реттеу    бағаға  салық  пен  пайыздық  мөлшерлемелерді
өзгерту арқылы ықпал етуді меңзейді.
14.4. Бағаны белгілеу əдістері
Тауар  ерекшеліктеріне, кəсіпорын  мен  оның  қаржыларының  көлеміне,
кəсіпорынның  алдына  қоятын  мақсаттарына  байланысты, баға  белгілеудің  əр
түрлі əдістері қолданылуы мүмкін.
1. Толық  шығын  əдісі – пайда  болу  тегіне  қарамастан, қандай  да  бір
өнімнің  бірлігіне  шығынға  жазылатын  барлық  шығындар  негізінде  баға
қалыптастыру  əдісі. Бұл  əдістің  артықшылығы  оның  қарапайымдылығымен
түсіндіріледі. Есепті  пайда  қосылатын  өнім  бірлігін  өндірудің  нақты
шығындары  толық  шығын  əдісін  пайдалану  барысында  бағаны  анықтаудың
негізі  болып  табылады. Бұл  əдіс  одан  төмен  түспейтін  баға  шегін  белгілеуге
мүмкіндік береді.
25-кесте


201
Бағаларды мемлекеттік реттеу
Баға түрлері
Мемлекеттің рөлі
Мемлекеттік ықпал түрлері
Бекітілген
мемлекеттік
баға
Бағаны  мемлекеттің
өзі белгілейді
1. Мемлекеттік бағанамалық бағалар
2. Нарықтық бағаларды «тоқтатып қою»
3. Монополиялық бағаларды бекіту
Мемлекет
реттейтін
бағалар
Мемлекет кəсіпорын
үшін ереже
қалыптастырады, ал
бағаны,
кəсіпорынның өзі
белгілейді
1. Бағалардың шекті деңгейін белгілеу
2. Бағанаманың бекітілген бағаларына шекті
    қосымшаларды немесе коэффициенттерді
    белгілеу
3. Бөлшек сауда бағасы элементтерінің шекті
    мəндерін белгілеу.
4. Бағалардың біржолғы көтерілуінің шекті
    деңгейін белгілеу.
5. Монополиялық бағаларға мемлекеттік
    бақылау
6. Мемлекеттік  кəсіпорынның  нарықтық
бағаларды реттеу арқылы бағаны белгілеуі.
Еркін (келісімді)
баға
Мемлекет алақолды
бəсекелестікке
бірқатар тыйымдар
енгізу арқылы
нарықтағы «ойын
ережелерін»
белгілейді
1. Бағаларды көлденеңінен бекітуге тыйым салу
2. Бағаларды тігінен бекітуге тыйым салу
3. Баға дискриминациясына тыйым салу
4. Демпингке тыйым салу
5. Алақолды баға жарнамасына тыйым салу.
2. Стандартты  шығындар  əдісі    нақты  шығындардың  нормативтікк
шығындардан  ауытқуын  ескере  отырып, бағаны  нормативтікк  шығындардың
есебі  негізінде  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді. Стандартты  шығындардың
баға əдісі шығындардың қарапайым көрсетілуіне қарағанда, оларды факторлар
бойынша  талдауға  мүмкіндік  береді. Стандартты  нормативтерден  ауытқулар
талданып, нормадан  ауытқудың  себептері  белгілнді, оларды  болашақта
болдырмау  жолдары  қарастырылады. Бұл  əдістің  артықшылығы  
шығындарды  олардың  жалпы  көлемі  бойынша  емес, нормадан  ауытқулары
бойынша  басқару  мүмкіндігінен  тұрады. Шығындардың  əрбір  бабындағы
ауытқулар  оқтын-оқтын  қаржылық  нəтижелермен  салыстырылады. Бұл  тек
шығындарды ғана емес, сондай-ақ пайданы бақылап отыруға мүмкіндік береді.
3. Тікелей  шығындар  əдісі    нарық  конъюнктурасы  мен  өнімді  сатудан
күтілетін бағаны ескере отырып, бағаны тікелей шығындарды анықтау негізінде
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тікелей шығындар деп өндіріс  көлемінің өзгеруіне байланысты ауысып
отыратын өзгермелі шығындарды санайды. Жанама шығындар нақты өнімдерге
бөлінбейді жəне қаржы нəтижелеріне жатқызылады, олар жалпы табыс есебінен
толтырылып  отырады. Өнім  бағасы  мен  қысқартылған  тікелей  шығындар
арасындағы  айырмашылық  көбірек  болған  сайын, жалпы  табыс  та (шығын
орнының толтырылу көлемі), тиімділік те жоғары болады.


202
Стандарттық  жəне  тікелей  шығындар  əдістерінің  артықшылықтарын
қамтитын стандартты тікелей шығындар əдісі  тікелей шығындар əдісінің бір
түрі болып табылады.
Бағаны  қалыптастыру  əдістері, бағаның  құрамы  мен  құрылымы.
Бағаны  қалыптастырудың  негізіне, қоғамдық  қажеттілігі  бар  өзіндік  құн
алынады, ол мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
  еңбек, материалдық, табиғи  пайдаланылған  қорлардың  ұдайы
өндірісіне  бөлінетін  қоғамдық  қажетті  шығындарды  неғұрлым  толық  көрсетуі
керек. Яғни, өндірістің шынайы шығындарына барынша жақын болуы тиіс;
 сала (аудан) бойынша орташа шығын нормативтерін көрсетуі керек.
Өзіндік құнмен қатар, баға құрамына табыстың екі негізгі түрі енгізіледі:
а) өнеркəсіп  кəсіпорындары (бірлестіктері), құрылыс, ауыл
шаруашылығы, көлік, айналыс  аясы  мен  ақылы  қызметтерден  түсетін  пайда;
пайданың  негізгі  бөлігі  кəсіпорын  құзырында  қалады, ал  бір  бөлігі  
мемлекеттік бюджетке тапсырылады;
ə) өнеркəсіптік  өнімнің  жеке  түрлері  бойынша  айналым  үстіне
салынатын, тікелей  мемлекеттік  бюджетке  тапсырылатын  салық; айналым
үстінен  салынатын  салық, жалпы  халық  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін
пайдаланылады (26-кесте).
26-кесте
Бөлшек сауда бағасының типтік (болжалды) құрылымы
Базистік
өзіндік
құн
Норма
тивтік
пайда
Көлік
шығын
дары
Өткізу
ұйымдар
ының
шығында
ры 
мен
пайдасы
Айнал
ым
үстінен
салына
тын
салық
Сауда
ұйымдары
ның
шығындар
ы 
мен
пайдасы
Кəсіпор
ынның
көтерме
бағасы
Өнеркəсіптің
көтерме
бағасы,
бөлшек  сауда
бағасы
ГБЖ  бағаларының  жеке  түрлерінің  үлгілері  өзара  айтарлықтай
ерекшеленеді. Кəсіпорынның көтерме бағасының үлгісі неғұрлым қарапайым:
нi
бi
i
П
C
Ц
+
=
0
;
мұндағы Ц
0i
– кəсіпорынның i-лік  өнімінің  көтерме  бағасы; С
бi
i-лік  өнімнің
базистік  өзіндік  құны. П
нi
  – i-лік  өнім  кіретін  тауарлар  тобына  белгіленген
нормативтікк пайда.
Өнеркəсіптің  көтерме  бағасы    кəсіпорынның  көтерме  бағасын, көлік
шығындарын, өнімді  өткізумен  айналысатын  ұйымдардың  шығындары  мен
пайдасын, ал бірқатар тауарлар бойынша айналым үстінен салынатын салықты
немесе дотацияны қамтиды:
об
сб
н
р
нп
ср
п
Н
П
С
Т
П
C
Ц
+
+
+
+
+
=
)
(
0
.
Ц
оп
 – өнеркəсіптің i-лік  өнімінің  көтерме  бағасы; С
ср
  – i-лік  өнімнің
орташа  салалық  өзіндік  құны; П
нп
  – i-лік  өнім  кіретін  тауарлар  тобына
белгіленген  нормативтікк  пайда; Т
р
  – i-лік  өнімді  өндірушіден  тұтынушыға


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау